«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» -TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2023 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ

04 Қазан 2023 - 06 Қазан 2023

«КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» -TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2023 ХХVI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ АСТАНАДА 4–6 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕДІ.

TransLogistica Kazakhstan – жыл сайын rөлік және қойма логистикасы үшін барлық шешімдерді көрсететін Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі.

Астанада 4-6 қазан аралығында «EXPO» ХКО өтетін TransLogistica Kazakhstan 2023 көрмесі аясында, отандық көлік-логистика саласын дамыту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, цифрландыру мен халықаралық ынтымақтастықты енгізу мәселелері талқыланады.

Бүгінгі таңда көрмеге Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Литва, Латвия, Өзбекстан, Польша, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Финляндия және Эстония сияқты 16 елдің 200-ге жуық компаниясы қатысатындығын растады. Литва, Латвия және Эстония ұлттық стендтерді ұсынады.

Көрменің мақсаты көліктік логистика саласындағы тәжірибені жинақтау, экспоненттер мен келушілерге көліктің барлық түрлерімен тасымалдау, қоймалау, кедендік қызмет көрсету, логистика, көліктегі ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру. Көрме күндері халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен форумдар өтеді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Iteca және Атакент-Экспо компаниялары өнеркәсіптік, өндірістік, логистикалық және сауда кәсіпорындарының көлік бөлімдерінің басшылары мен мамандарын TransLogistica Kazakhstan 2023 көрмесіне барып, іскерлік бағдарламаға қатысуға шақырады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан тасымалдаушылар одағы, Қазақстандық вагон тасымалдаушылар мен операторлар қауымдастығы, Ұлттық Экспедиторлар қауымдастығы іс-шараға ресми қолдау көрсетеді.

Көрмеге келу үшін тегін билет алыңыз, http://expo.kz/TRA2023LOG сілтемесі бойынша онлайн-тіркеуден өтіңіз.

Сайтта тегін тіркелуге арналған промокод: TRA2023LOG. Бір промокод бойынша келушілердің шектеусіз саны тіркеле алады.

Стендпен қатысу мәселелері бойынша хабарласыңыз:

E-mail: Gulzana.Abdusharipova@iteca.event

Көрме сайты: https://translogistica.kz

Қосымша ақпарат телефон бойынша: + 7 (727) 258-34-34

Еншілес ұйымдар

Серіктестер