«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салынған

2019 жылғы 14 Мамыр
- Қарағанды облысы
2686 просмотров

Көші-қон қызметінің полицейлері ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттерінің келісімі туралы білмей, жұмыс берушілер тарапына қатысты іс қозғауда. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кезекті рет кәсіпкердің құқығын қорғады

2016 жылдың ақпан айында «Vavilon+» ЖШС директоры Евгений Гвоздевқа қатысты әкімшілік іс қозғалды, оған жауапқа тартылған қызметкердің – Ресей Федерациясының азаматы болғаны себеп болған.

 «Шахтинск қаласы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз жұмысқа шетел азаматын алдым деп санады. Алайда олар ЕАЭО мемлекеттерінде келісім бар, оған сәйкес мигранттарға еңбек етуге рұқсат берілген. Бұған қарамастан мен 106 мың теңге көлемінде айыппұл төледім», – деді Евгений Гвоздев.

Бұған қоса бірнеше айлардан соң кәсіпкер өзін айыппұл төлемеген борышкерлер тізіміне қосылғанын білді. Бизнесмен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Палата көші-қон қызметіне «Vavilon+» ЖШС директорының құқығын қалпына келтіру туралы өтінім жасады. Көші-қон қызметі, облыс ішкі істер департаменті және ҚР Ішкі істер министрлігінен жауаптар келді, онда барлық заң жүзінде орындалып, тәртіп бұзылмағаны айтылды.

 Бұзушылықтарды облыстық прокуратура көші-қон полициясының «Роспрокат Қарағанды» ЖШС зауытына қатысты заңсыз әрекеттерінен кейін ғана растады. Естеріңізге салсақ, «Роспрокат Караганда» ЖШС-на қолдарына автомат ұстаған маска киген арнайы жасақ баса-көктеп кірген. ЖШС қызметкерлерінің барлығын сыртқы киімсіз далаға шығарылып, 3 сағат аязда ұстаған. Сол кезде Қырғызстан Республикасының екі азаматы ұсталған болатын. Қырғызстан Республикасы ЕАЭО-ға мүше мемлекет. Демек, арнайы жасақ кәсіпорынға құжаттарды тексеру мақсатында кірген. Мәселе жүйелі сипатқа ие бола бастағанын байқап, Қарағанды облысының прокуратурасы полицейлердің әрекетін заңсыз деп таныған.

«Прокуратураның араласуынан кейін көші-қон қызметі өз әрекетімен айыппұл салып әкімшілік жауапкершілікті көздеген қаулыны алып тастады. Евгений Гвоздев қаулы бойынша 106 мың теңге (айыппұлдың 50%-ы) көлемінде айыппұл төледі, бірақ қаулыны алып тастаған соң көші-қон полициясының қызметкерлері басқа сома – 35 мың теңгені белгіледі. Осы жағдайда да олар қаулыны қатемен жазған. Енді департамент кәсіпкерге айыппұл сомасын қайтарып бермек. Бұл сома кәсіпкер төлеген нақты сомаға тең келеді деген ойдамыз», – деді ӨКП заңгері Игорь Кветинский.

Құқық қорғаушы өңірде мұндай жағдайға бірнеше кәсіпкер тап болғанын, көші-қон полицейлері ЕАЭО келісімі туралы білмей, жұмыс берушілерге қатысты іс қозғап жатқанына назар аударды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер