«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маңғыстауда бастау алған бірегей жобалар

2019 жылғы 11 Сәуір
13133 просмотров

Маңғыстау облысы – елдің Жалпы ішкі өнімінің 6,0%-ын құрап отырған өңір

Облыста мұнай өндіру және мұнай сервистік қызмет – негізгі және дәстүрлі экономикалық дамудың салалары болып қалып отыр. Агроөнеркәсіп кешені, логистика және құрылыс салаларында шағын және орта бизнесті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, туристік саласы дамуының да әлеуеті жоғары.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының ұлттық экономикаға қосқан үлесіне тоқталып, облыс – әуе, авто, теміржол, паром және теңіз көліктік желілерін біріктіріп отырған ірі көліктік-логистикалық орталыққа айналғанын бірнеше рет атап өткен болатын. Соның ішінде халықаралық әуежай, «Жезқазған-Бейнеу», «Өзен –Түркіменстан шекарасы» теміржолдары, «Атырау – Ақтау» тасжолы, Ақтау заманауи теңіз порты және Құрық паром кешені бар. Бұл жобалар өңір экономикасы дамуына үлкен ықпал етуде.

 Индустриялау картасын жүзеге асырудан бастап облыста 42 жоба іске қосылды және 392 млрд теңге көлемінде тікелей инвестициялар тартылды. Қазіргі таңда жүзеге асырылу үдерісінде 418 млрд теңге инвестициямен 89 жоба бар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс бойынша Маңғыстау облысы ел ауқымында екінші орында тұр. Үлес 10,7 пайызды құрады. Бұл ел бойынша Атырау облысынан кейінгі  екінші көрсеткіш.

 Облыстың жасырын әлеуеті

Алайда өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты көрсеткіштерінен бөлек, кешенді шешімді талап ететін бірқатар түйткілдер бар. Мәселен, өңірде туризмді жаңа деңгейге шығару қажет. Оның үстіне Маңғыстау облысы киелі орындарға бай өңір, мұнда 360-тан астам қорым, бірегей ландшафт және Каспий теңізі суына шайылып жатқан ғажап жағалау бар, мұның бәрі туризм саласын дамытудағы, өңірдің туристік тартымдылығн арттырудағы бірегей артықшылықтар.

 Қазіргі таңда ішкі туризм Ақтау қаласының өзіне дамуға серпін беруде. Бұл шаһардың қазақстандықтар арасында жылдан жылға сұранысы артып келеді. Теңізге шығу, тарихи ескерткіштердің көптігі сынды географиялық артықшылықтар және облыстың мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, бұл саланы жалпыұлттық ерекшелік ретінде, халықаралық мәнде дамыту қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев былтыр өңірге келген жұмыс сапары барысында айтқан болатын.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының басшысы өңірде медициналық туризмді де дамытуға болатынын айтты, өйткені оған қажетті жағдай бар.  Мәселен, облыста бүкіл ел бойынша жоқ аурухана салынды. Енді жақсы сервис пен менеджментті жолға қою ғана қалды.

 Туризм саласы Үкіметтің жобалық алқасына «олимпиадалық трассаның» алты негізгі басымдығына енді. Туризм сондай-ақ, 2022 жылға дейін Ұлттық экспорт стратегиясына енді, бұл стратегияға республикадағы 7 өңірден 60 нысан енді. Әкімдіктер туризмді дамыту жұмысына белсенді жұмылдырылған, барлық өңірлерде Туризмді дамыту бойынша жол карталары құрылған, жалпы жақын жылдарға инфрақұрылымды дамытуға шамамен 140 млрд теңге бөлінген.

Жедел және тегін

Ақтау бизнесінің дамуына Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанына құрылған Кәсіпкерлерге қызмет көсрету орталығын ашылуы жақсы демеу болды. Бұл Қазақстанда ашылған кәсіпкерлерге арналған толық форматта жұмыс істейтін үздік әрі ыңғайлы алғашқы орталықтардың бірі.

 Кәсіпкерлер орталықтарға кез келген мәселемен келіп, «бір терезе» қағидатымен қажетті қызмет түрлерін ала алады.

 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында инвесторламен жұмыс істеу бөлімі бар, кеңесшілер жобаларға сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, менеджерлер салық есептілігін тегін құрудан бастап, мемлекеттік сатып алу порталында тіркелу және кәсіпорындарға ІТ-қолдауға дейін 8 қызмет түрін көрсетеді (мәселен, сайтты құру және алға жылжытуға көмектесу).   

Бұған қоса орталықтарда жұмыс күннің кез келген уақытында тегін кәсіби кеңес береді. Осында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында «Атамекен» микронесиелеу ұйымы мамандары және Жұмыспен қамту орталығының кеңесшілері орналасқан.

 «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдараламасын жүзеге асыру аясында алты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы облыстың  аудан орталықтары және моно қалаларда жұмыс істеп жатыр. Орталықтарда 2018 жыл ішінде кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға 66 548 қызмет көрсетілді. Осындай жобаларды сүйемелдеу нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2,9 млрд теңгеге 304 жоба жүзеге асты. Соның нәтижесінде 939 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

 Айта кетелік, Мыңғыстау облысы  – «Атамекен» микронесиелеу ұйымы сынды құрылым пайда болған пионер-өңірлердің бірі. Бастауыш кәсіпкерлер өздерінің жобаларын жүзеге асыру мақсатында осында тартылды. «Атамекен» микронесиелеу ұйымы ашылғалы бері Маңғыстау облысының тұрғындары жалпы сомасы 881,7 млн теңге көлемінде 141 микро несие алды. 2017 жылы 394 млн теңге көлемінде 86 микро несие берілді, 207 жұмыс орны құрылды.

 Маңғыстаудағы «Бастау»

2018 жылы  «Бастау» жобасын жүзеге асыру науқаны Маңғыстау обылсының 5 ауданында жүргізілді, 1056 адам оқуға қатысты. Оқу нәтижесі бойынша 305 тыңдаушы қаржылық қолдау алып, кәсіпкерлік қызметті бастады, бұл оқып шыққан адамдардың шамамен 30%-ы.

 Жобалар құны 1,2 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда жоспарланған 520 жұмыс орыннан 312 жаңа жұмыс орны құрылды.

 2019 жылы «Бастау» жобасы бойынша 525 адамды оқыту көзделген, оның ішінде 105 адам жобаларын жүзеге асыруда сүйемелдеу алатын болады.

 «Бастау» жобасының алғашқы пилоттық жобасы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында, кейін 2016 жылы Жаңаөзен қаласында басталғаны белгілі. Сол уақытта пилоттық режимде кәсіпкерлік негіздеріне 300 адам оқыды, олардың көбі жұмысыыздар мен бизнес-бастамасы бар тұлғалар.

 Бір жылдан соң «Бастау» жобасына 750 адам қатысты, 150-ден астамы жеке кәсіп бастады. Жоба арқылы Маңғыстау обылсының тұрғыны Дәметкен Айтжанова тың бизнес-идея – жерді құнарлату мақсатында  калифорниялық жер құртын өсіруді қолға алды.

 Бизнестегі әйел

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің жұмыс істеу уақытанн бастап қыз-келіншектерді кәсіпкерлікке жұмылдыру бойынша ауқымды жұмыс атқарып келеді.

 Мемлекетпен бірлесіп әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бағдарламалы әзірленді, бірлескен жұмыс нәтижесінде өңірде 2015 жылмен салыстырғанда іскер ханымдардың саны 21%-ға  артты. 

 Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау облысында 53 мың бизнес субъектісі бар, оның ішінде 23 мыңын – әйелдер басқарады.

 Дәл осы өңірдегі Іскер әйелдер кеңесі Қазақстанда алғашқы болып салалық алаңдар – қауымдастықтарды дамыта бастағанын атап өткен жөн.

 Осылайша, қазіргі таңда облыста әйелдер кәсіпкерлігі саласында 5 қауымдастық құрылған, олар:

«Маңғыстау облысы киім дизайнерлерінің одағы»;

«Маңғыстау облысы қолөнер шеберлерінің одағы» қауымдастығы;

«Маңғыстау облысы интерьер дизайнерлері және декораторлары»;

«Маңғыстау облысы кондитерлер гильдиясы»;

  «Маңғыстау облысының мектепке дейінгі және білім беру  жекеше мекемелері».

 2018 жылдың өзінде 1200 әйелді қамтыған 19 түрлі семинар мен консультациялар өткізілді.

 Маңғыстау облысы киім дизайнерлерінің одағы өңірде кіим өндірісі сынды саланы, соның ішінде күнделікті, мерекелік киім, балалар және жүкті әйелдерге арналған киім-кешек, сонымен қатар дизайн және ұлттық киімді алға жылжыту сияқты танымал бағыттарды дамыту мен жетілдіру бойынша өз алдына мақсат қойды. Қауымдастық өз өнімдерін республикалық және халықаралық деңгейде насихаттау үшін үздік дизайнерлерді анықтау мақсатында өзінің мүшелеріне арнап шеберлік сабақтарын, түрлі байқаулар мен көрсетілімдерді өткізуді көздеп отыр.

 Жалпы өңірдегі шағын және орта бизнес, әсіресе әйелдер кәсіпкерлігі белсенді дамып келеді. Осыған әйелдер кәсіпкерлігін жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы да оң әсер етті. Бағдаралама 2018 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің меморандумы шеңберінде іске қосылды. Қазіргі таңда 236 кәсіпкер әйел жылдық 5%-бен 1,8 млрд теңге көлемінде несие алды.

 «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы несиелеу арқасында Маңғыстау облысында жалпы сомасы 46 400 000 теңгеге 6 жоба қаржыландырылды. Алты жобаның барлығы сәтті жүзеге асты. «Атамекен» микронесиелеу ұйымы желісі арқылы 3 жыл ішінде әйелдер 522 млн теңгені игерді, бұл дегеніміз жүзеге асырылып жатқан 250 жобаның 102-сі. Әйелдер құрған жаңа жұмыс орындар саны 480-ден 216 жұмыс орны. Әйелдердің несие алу белсенділігінің үлесі 41%-ды құрайды.

Несиелеудің 3 жылы ішінде аудандардың барлығы ауыл кәсіпкерлерінің несие алу көрсеткіші бойынша жақсы серпін көрсетуде.  

  Маңғыстау облысында жалпы әйелдер 522 210 000 теңге көлемінде 102 жобаны іске асырды. 216 жаңа жұмыс орны ашылды.

  Маңғыстаудағы «ALTYN OIMAQ»

 Жуырда «Атамекен» бәсекеге қабілетті брендтерді құруға дайын кәсіпқой дизайнерлердің жаңа буынын анықтау мен қолдау, жеңіл өнеркәсіп саласын көтеруге жағдай жасауға мүдделі тараптардың күшін біріктіру мақсатында «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауын жариялады. Байқау қазақстандық танымал тұлғалар арасында қолдау тапты.

 Маңғыстаулық дизайнерлер де «Атамекен» бастамасымен іске қосылған «ALTYN OIMAQ» байқауына қызу қолдау білдірді.

 Байқауға қатысу бойынша барлық ақпаратты www.altynoimaq.fundwomen.kz немесе www.atameken.kz сайттары арқылы, сонымен қатар nstagram-дағы реси аккаунт @altynoimaq   және Youtube-канал арқылы білуге болады.

 Байқауға қатысу үшін сайтта тіркеліп, онда қатысушыны бейне үндеуін, эскиздер мен фотосуреттерді жүктеу қажет. «ALTYN OIMAQ» байқауы үш кезеңде өтеді:

 Бірінші кезең – өтінім қабылдау мен Комиссияның іріктеуі

1 кезеңнің 1-бөлімі – 4 наурыз басталуы, 15 мамыр – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

1 кезеңнің 2-бөлімі – 10 маусым – басталуы, 15 қыркүйек – өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

Екінші кезең – қоғамдық онлайн-дауыс беру.

Үшінші кезең – Байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.

Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы. «ALTYN OIMAQ» байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жыл желтоқсанда өтеді. Іс-шара аясында іскерлік бөлім, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтары өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер