«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңсыз айыппұл салуға қатысты мәселе кәсіпкер пайдасына шешілді

2019 жылғы 10 Сәуір
2616 просмотров

Шу қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Bal Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне әкімшілік айыппұлды негізсіз салған

2019 жыл 22 ақпан күні Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының филиалына «Bal Group» ЖШС директорының орынбасарынан әкімшілік құқық бузышылық туралы сомасы 6 240 000 теңге көлемінде айыппұл-хаттаманың заңдылығын тексеруге қатысты өтінім келіп түсті.

 Компания жақын шетелдерге ауыл шаруашылығын экспорттау бойынша көлік қызметін көрсетеді. Хаттамамен танысқан ӨКП мамандары «Bal Group» ЖШС-на қатысты Шу ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасына биылғы жылдың 10 ақпанындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың негізінде салынған айыппұлдың заңсыздығы туралы хат жолдады.

 Палата жолдаған хаттан кейін Шу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жетекшісінің орынбасары Тынышхан Аристеев  6 миллион 240 мың теңге көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша процесті жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды. Хабарлама мен істі тоқтату туралы қаулы «Bal Group» ЖШС директоры Сейтжапар Өстеміровтың қолына табысталды.

 «23 қаңтар күні ӨКП филиалына теміржол тұйықтарының иелері – «Шу Контейнер Сервис» ЖШС, «Инаркиев» жеке кәсіпкерлігі, «Ютэф» ЖШС, «Компания Марк» ЖШС, «Эдита и Ко» ЖШС, «Сауда-Сервис» ЖШС,  «Нефтида» ЖШС, «Вертех Сервис» ЖШС, «Аргос» ЖШС, «Им LTD» ЖШС, «Нефтебаза» ЖШС-нан «Көліктік сервис орталығы» АҚ жылжымалы составтың өтуі үшін кірме жолдарды ұсыну бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасуға қатысты өтінім жасады», – деді ӨКП Шу қаласы филиалының директоры Бейбітғали Ілиясов.

Кәсіпкерлер кіре беріс жолды ұсыну қызметіне тарифтермен келіспейді. Ұжымдық шағымнан соң кіре беріс жолды ұсыну қызметіне тарифтерін қайта қарау үшін жұмыс тобы мен жоғарыда аталған арызданушылар, көлік прокуратурасы, Шу станциясының өкілдері және Жамбыл облысы ӨКП аудандық кеңесінің мүшелеріның қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде кіре беріс жолды ұсыну қызметін көрсету қайта қаралып, әр кәсіпкермен жекелей мақұлданды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер