«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірегей жоба – «Бастау»

2019 жылғы 26 Наурыз
22496 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасымен 2016 жылы іске асқан «Бастау» пилоттық жобасы халық арасында бірден тарады. Жоба толығымен ақталды, жобаның нәтижесі соған дәлел

«Бастау» жобасының негізгі ерекшелігі ауылды жерде кез келген жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқып, жеке кәсіп ашуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндігі бар. Жоба алғашқы рет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жүзеге асқан, ары қарай Ақтөбе облысының Темір ауданында, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында жалғасын тапты.

 Пилоттық жобаның іске асуынан бір жылдан кейін 2017 жылы мақсаттық көрсеткіштер 100%-ға орындалды. 80 ауданда 15 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды. Соның ішінде 3314 адам кәсіп ашты немесе бизнесін кеңейтті. Жылдық мөлшерлемесі 6% жеңілдетілген несие арқылы 2555 жоба ашылды. 700-ден астам жоба кәсіпкерлердің жеке қаражатына ашылды. Жүзеге асқан жобалардың 80%-ы ауы шаруашылығы саласына тиесілі. Қалған бөлігі – сервис, сауда және т.б. Алайда ауыл-аймақта ашылған жобалардың басым бөлігі (шамамен 80%) агроөнеркәсіп саласында – мал шаруашылығы және өсімідік шаруашылығында жүзеге асып жатыр.

 2017 жылдан бастап «Бастау» жобасы негізгі бағыт болып, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаға енді. «Атамекен» ҰКП оператор ретінде жоба бойынша жұмысты жалғастыруда.

2018 жылы жобаны жүзеге асыру жұмысы ауқымын кеңейтті. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен елдің барлық аудандары мен моноқалаларында 28 мың адам қамтылды, оның ішінде 19,5 мың адам бизнес-жобасын қорғады. Бұл барлық оқығандардың 60%-на тең көрсеткіш. Жобаларды жүзеге асыруға арналған микронесиелерді 8 мың адам алды. Салықтық деректер мониторингі көрсеткендей, «Бастау» жобасы түлектерінің 95%-ы бүгінде бизнестерін сәтті жүргізіп, салықтарын төлеп отыр.

Жоба 2019 жылы ары қарай жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша 15 мың ауыл тұрғынын оқытуға, Елбасының тапсырмасына орай, биылғы жоспарланған 15 мың ауыл тұрғынын оқытумен қатар, жұмыс іздеп, қалаға көшкен, жұмыссыз жүрген 40 мың ауыл жастары «Бастау бизнес» жобасына қатысатын болды.

Жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын «Жас Кәсіпкер» алғашқы жобасы Алматы қаласында 4 наурызда іске қосылды.

Оның негізінде ел өңірлеріне жобаны кеңейту мақсатында оқыту үлгісін толығымен сынау жоспарлануда. Теориялық курс бизнес психологиясы, бизнес-идеяны іздеу,  digital-маркетинг, электронды қызметтер, қаржылық жоспарлауды меңгеруді қамтиды. Курсқа 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз адам қатысып, жеке бизнес-идеясын құра алады. Ары қарай бұл жобалар грант алу байқауына қатыса алады. Грант сомасы анықталған: 200 АЕК, демек, 505 мың теңге – кәсіп ашуға жақсы бастама. Грант «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама аясында жүзеге асуда.

 Сонымен қатар «Бастау» жобасының өзі бойынша оқу басталды. Оқу кестесі «Атамекен» сайтында белгіленген.  

 

Аудан/қала саны

 

Оқу кестесі

Өтетін күні мен мерзімі

160 аудан/ оқу тобы

1-лек (кезең)

160 аудан / оқу тобы

2-лек (кезең)

 

160 аудан / оқу тобы

3-лек (кезең)

 

1-лек (кезең)

 

Тестілеу:

11.03.2019 ж.- 13.03.2019 ж.

Тестілеу:

22.04.2019 ж. - 24.04.2019 ж.

Тестілеу:

03.06.2019 ж. - 05.06.2019 ж.

Оқу кезеңі:

14.03.2019 ж.- 15.04.2019 ж.

Оқу кезеңі:

25.04.2019 ж. - 27.05.2019 ж.

Оқу кезеңі:

06.06.2019 ж.- 03.07.2019 ж.

2-лек (кезең)

 

Тестілеу:

11.03.2019 ж- 13.03.2019 ж.

Тестілеу:

22.04.2019 ж. -24.04.2019 ж.

Тестілеу:

03.06.2019 ж.-05.06.2019 ж

Оқу кезеңі:

14.03.2019 ж. - 15.04.2019 ж

Оқу кезеңі:

25.04.2019 ж.- 27.05.2019 ж.

Оқу кезеңі:

06.06.2019 ж.- 03.07.2019 ж

3-лек (кезең)

 

Тестілеу:

11.03.2019 ж.-13.03.2019 ж.

Тестілеу:

22.04.2019 ж. - 24.04.2019 ж.

Тестілеу:

03.06.2019 ж.- 05.06.2019 ж.

Оқу кезеңі:

14.03.2019 ж.- 15.04.2019 ж.

Оқу кезеңі:

25.04.2019 ж.-27.05.2019 ж.

Оқу кезеңі:

06.06.2019 ж.- 03.07.2019 ж.

 

 «Бастау» тиімділігі

Жоба сөзсіз қаржылық және әлеуметтік тиімділікке ие – бұл дербес табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіпкерлік жолында жаңадан кәсіп бастағандар үшін бизнесті кеңейтуге жол ашады. Сонымен қатар әр жоба орташа есеппен 4 жұмыс орнын ашады. Ал жобалардың өзі жекелеген өңірдің қажеттілігіне қарай, сонымен қатар бизнес-тренерлердің жеке маркетингтік зерттеулер негізінде құрылады. Мәселен, тиімділігі болмаса, ешбір тренер екінші азық-түлік дүкенін ашуға кеңес бермейді.

 Жоба қатысушылары түрлі жастағы азаматтар: 27,7%-ы – 17-29 жас аралығындағы жастар, 51,2%-ы – 30-49 жас аралығындағы азаматтар, 16,5%-ы – 50-57 жас аралығындағы азаматтар. Ал гендерлік теңдікке келер болсақ, қатысушылардың 41,4%-ы – әйелдер, 58,6%-ы – ерлер. Алайда, қыз-келіншектердің белсенділігі артып келеді.

 Жалпы алғанда соңғы жылдар ішінде 160 аудан және 40 моноқала бойынша оқуға 43 345 адам қатысты. Оқып шыққандардың ішінде 27 733 адам бизнес-жобаларын қорғап, 11 006 адам қаржыландыру алып,  жеке кәсіп ашты. Осылайша, жобаға қатысушылар 16 000 жұмыс орнын құрды. Бұдан бөлек, бизнес ашқандардың 95 пайызы – салық төлеп отыр.

«Бастау» тиімділігін ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та атап өтіп, жобаның сәтті тәжірибесін жалғастырып, жас кәсіпкерлерге арналған бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

Елбасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туралы, ал оны жүзеге асыруға Үкімет 2019-2020 жылдар аралығында 32 миллиард теңге бөлуі керектігі туралы мәлімдеді. Қолға алынған шаралар арқылы үш жыл ішінде кәсіпкерлік негіздеріне 300 мың жас оқып, 80 мыңға жуық адам жеке кәсіп аша алады.

 «Оқуға қатысатын жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың санын жыл сайын 100 мың адамға жеткізу керек. Бұл қолымыздан келеді», – деді Елбасы.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен құрылған «Бастау» жобасы «Халықтың сүйіктісі - 2018» ұлттық сыйлығының «Жыл таңдауы» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.

 Жоба құрылымы

 Оқыту кейстік форматта 12 модуль бойынша жүреді, отандық кәсіпкерлер мен «Бастау» жобасы түлектерінің табысты үлгілері мысалға келтіріледі. Модульдарда бизнес-ойлау психологиясы,  маркетинг негіздерін түсіндіріп, мемлекеттік қолдау шаралары және оларды қалай алуға болады, өткізу нарықтары, сауатты жобалық жоспарлау туралы айтылады. Қолданыстағы салық режимдері, бизнеске арналған электронды қызметтер туралы ақпарат беріледі. Бизнес-тренермен бірге кәсіпкер өзіне тиімді жобаны таңдайды.

 Аталған 12 модуль бейінді қауымдастықтар және одақтардың пікірін ескере отырып, сонымен қатар тапсырыс беруші – ҚР Ауыл шаруашылығы минитсрлігімен мақұлданған. Жобаны кезең кезеңмен қарастырып, әлеуетті қатысушы келесі шараларды орындауы тиіс: алдымен «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдары немесе Жұмыспен қамту орталықтарына жобаға қатысуға өтінім жасап, көмегіне жүгіну керек.

 Ары қарай Жұмыспен қамту орталығымен жобаның мақсатты тобына «жұмыссыздар немесе өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп сәйкес келуді мақұлдау жүргізіледі. Ары қарай іріктеуден өту, яғни тестілеу жүргізіледі. Осы процедуралардан кейін қатысушы келесі кезеңге өтеді – топтарда практикалық оқуға қатысу және бизнес-жобаны жазу, оны комиссия алдында қорғау бойынша жеке консультация беріледі. Оң шешім шыққан соң болашақ кәсіпкер жоспарланған бизнесті жүзеге асырады.

Оқу аяқталған соң қатысушылар қатысудағы белсенділік және бизнес-жобаны қорғауға байланысты екі түрлі сертификаттың  (қатысу туралы сертификат, оқуды аяқтау туралы сертификат) бірін алады. Аталған сертификаттар жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алу құқығын береді. 

 Жобаны басты артықшылығы – тегін сабақтар, яғни оқыту қайтарымсыз негізде жүргізіледі. Бұған қоса, қатысушыларға бір реттік шәкіртақы төленеді.

 Оқыту әдістемесі практикаға басымдық берген – 80 сағат дәріс және 120 сағат жеке консультациялар, онда бизнес-тренер кеңес береді немесе қатысушымен бірге ауыл округтеріне шығып, аудандағы ШОБ субъектілері базасында шеберлік сабақтарын жүргізеді.

 Оқу аяқталған соң бизнес-тренер түлектерімен қоштаспайды, ары қарай бір жыл бойы тренер және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалымен бірге жобаға сүйемелдеу көрсетеді. Бастауыш кәсіпкер мәселелермен жалғыздан-жалғыз қалмайды.

Бәрінен бөлек «Бастау жобасына сүйемелдеу көрсететін Call-орталық  бағдарламаның оқу үрдісін ұйымдастыру, алынған білім сапасы, оқу бағдарламасын түсіну  бойынша қатысушылардың көңілінен шығуы дәрежесін түсіну мақсатында қатысушыларға күнбе-күн сауалнама жүргізеді. Сауалнама бизнес-тренер жұмысын бағалауға, оқуға қатысушылардан ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.

  Осындай сауалнамалар нәтижесі бойынша «Толық қанағаттандырады» және «Қанағаттандырарлық» бөлімдерін сауалнамаға қатысуышалардың 100%-ы белгілеген, ал оқыту ұйымына ең жоғары баға берілді, сонымен қатар бизнес-тренерлердің біліктілігі де бағаланды. Оқылып жатқан тақырыптар мен оқыту бағдарламасы модульдеріне қатысты олқылықтар анықталған жоқ. «Атамекен» атқырылған жұмыспен тоқтамай, қатысушылардан үнемі кері байланыс алуға тырысады.

 Формат ауқымы кеңеюде

 Жылдан жылға «Бастау» шеңберінде бизнес-жобалардың сан-алуандығы артып келеді. Жыл басынан «Атамекен» ІТ-шешімдерді енгізу (CRM, LMS) және маркетингтік зерттеулер – скринингтер нәтижелерін пайдалану, сүйемелдеу тетіктерін күшейту арқылы жобаны жетілдіруді жоспарлап отыр. Оқыту бағдарламасы және тыңдаушылардың көңілінен шығу мониторингі жүйесі жетілдірілген, жобаға қатысушының картасы жүргізілуде (CRM), өткізу тізбектері енгізілген.

 Агроөнеркәсіп саласындағы стартап-жобалары ірі өңдеу кәсіпорындары айналасында өткізу нүктелері енгізілген, яғни сату нүктелерімен қамтылған. Әр лек шеңберінде ірі компаниялардың жетекшілері оқу қатысушыларына арнап өз шарттарын таныстырады, сонымен қатар бизнес-тренер оқу шеңберінде осы кәсіпорындар базасында  кездесулер, көшпелі семинарларды ұйымдастырады.

Мысал келтірейік: сүт өңдеу саласында сүтті жеткізу бойынша маусымдылық айқын, науқан коэффициенті 1/9 (қыз/жаз) құрайды. Аталған жайттар өнімді құрғақ сүттен өндіру қажеттілігін тудырады. Әрине, егер кәсіпорында мал басы жеткілікті болып, маусымдық төлдеуден жыл бойынша бөлінген төлдеуге өтеді («Зенченко» ШҚ, «Родина» агрофирмасы және т.б.), бірақ елдің барлық өңірінде емес.  Мәселен, Жамбыл облысы Жуалы ауданын алайық. Өңірде «Бастаудың» небәрі 33 түлегі өткізу тізбегіне жұмылдырылған: сүт өнімін «Бурненская молочная компания» ЖШС (максималды жүктелуі тәулігіне 85 тонна, ал қазір жүктеме 36 тоннадан аспайды), «СМТС»  ЖШС (максималды жүктелуі тәулігіне 10 тонна, ал қазір жүктеме 2,4 тоннадан аспайды), «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС/ «Мешелева» ЖК (максималды жүктелуі тәулігіне 40 тонна, ал қазір жүктеме 10 тоннадан аспайды) сынды ірілеу кәсіпорындарға өткізеді.

 Кесте тігуден ақылды роботтарға дейін

 Шымкенттік Саодат Каримова оқудан өтті, инновациялық жобалар байқауына қатысып, үш миллион теңге көлемінде грант жеңіп алды. Қазір ол ақылды үй құрылысына арналған смарт-роботтарды жинау бойынша білім беру орталығын ашуға дайындалып жатыр.

 Павлодар облысы Успенка ауылының 53 жасар тұрғыны Ульяна Конкина кездейсоқ табыстан нағыз бизнесті жүзеге асырып, ауылда қонақүй ашты.

 Ульяна Конкина бизнес-идеясын жеке қаражатына жүзеге асыра бастады, үйге жөндеу жүргізді, бөлмелерді оқшаулады, кәріз құбырын жүргізіп, жуынатын бөлме жасады, жиһаз алды. Аулада монша, беседкалар, гараж, автокөліктерге арналған тұрақ бар. Осымен шектелмей ауыл тұрғыны «Бастау» жобасына қатысты.  Оқуды аяқтаған Ульяна Конкина бизнес-жобасын сәтті қорғап, мемлекеттік гранттың иесі атанды. Осы қаражатқа қонақүйге арналған қосымша жабдық пен мүкәммал алынбақ.

 Тұрсынхан Ділдәбаев өзінің нан жобасы үшін елдің оңтүстігінен солтүстігіне қоныс аударды. «Бастау» шеңберінде жобасын қорғап, ол бизнеске қажетті жабдық пен көлік сатып алады.

Микро көкшөп деген не, оны қалай пайдалану керектігі жайында Қостанай облысында әзірге білетіндер көп емес. Алайда Лилия Струлеваның бизнесі арқылы денсаулыққа пайдалы көк шөпті қолданушылар саны артып келеді. Лилия – белсенді азаматша, ол декреттік демалыста бос отыра алмады. Бірде оның таныстары «Бастау» жобасы туралы айтқан. Лилия бирден қатысуға өтінім берген. Кейін Лилия жеке кәсіп ашты.  Өңір үшін бірегей бизнес даму үстінде.

Ал Ақтөбе тұрғыны оқуға қатысу үшін күнделікті 16 км жаяу жүрген. Әйел үйде отырып, көрпе-жастық тігумен айналысқан, алайда жеке кәсібін дамытқысы келген. Ол үшін тиісті жабдық керек. Уақыт өте келе қолдау таппаған әйел «Бастау» жобасы туралы ақпарат алады да курсқа жазылды. Оған Мәртөк ауылынан – курс өтіп жатқан Казанка ауылына дейінгі 8 км кедергіге айналды. Қиындықтар мен уайымдау көп болды, соған қарамастан әйел оқуын жалғастырды, табандылығының арқасында жобасын қорғап, қаржыландыруға қол жекізді.

 Бүгінде «Бастау» көп адамға мақсат болды және жеке кәсіпті жүзеге асырудың тамаша үлгілерін сыйлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер