«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан ритейліне 20 жыл. Бүгіні мен ертеңі

2019 жылғы 19 Наурыз
2855 просмотров

Дінмұхамед Әбсаттаровтың Қазақстандағы бөлшек сауданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сауда әлемі 2019» съезінен кейінгі аналитикалық шолуы.

Өткен аптада «Атамекен» ҚР ҰКП  «Exim Partners»компаниясымен бірлесіп, Қазақстандағы ритейл саудасының 20 жылдығына орай, Алматы қаласында «Сауда әлемі – 2019» съезін ұйымдастырған болатын. Жалпылама алғанда бұл съезд жылда болады. Себебі, бұл атағы жер жарған эксперттер мен дистрибьюторлар, тауар мен технологияларды жеткізушілердің, халықаралық сауда желілерінің, мемлекеттік орган өкілдерінің бас қосатын алаңына айналған жиын.

Осындай іс-шараны ұйымдастырудың басы-қасында жүрген, жылдан-жылға ауқымын кеңейтіп келе жаттқан Конвента Елена Сарғалдақоваға алғысым шексіз.

Екі күнге созылған жиында заманауи ритейлде жиі көтерілетін, жиі кездесетін мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, сауда желілерінің сатып алу саясаты, контрафактімен күрес, сауда-саттықтағы маман мәселелері,Еуропа мен ТМД аймағына экспорт жасау, жаңа технологияларды пайдалану, e-commerce сынды басқа да сұрақтар кеңінен талқыланды.

Осы мәселелердің кейбіріне қысқаша тоқтала кетпекпін:

Бірінші. Айналамыздың барлығының дамып жатқанына қарамастан, біздің өндірушілер замана талабына ілесе алмай, заманауи сауда ережелеріне тосырқай қарап, өздерінің тауарлары мен өз брендтерін қалыптастыру және дамыту тәсілдерін меңгермеді. Бұл жерде себеп ретінде қаржының болмауын немесе қолдаудың жоқтығын алға тартудың қажеті жоқ. Өндірушілердің көбі сауда желілерінің талаптарына сай жұмыс істегілері келмейді. Бір сөзбен айтқанда маркетингтің ақсап жатқанын көреміз.  Екінші бір жағынан көз салар болсақ, белгілі бір саланы түпкілікті зерттеу мүлдем жоқ.  Ал, нарықтың барлық бағытының өкілдері бір жерде тоқайласқан кезде түсініспеушілік себептері бірден анықталды.

Менің бұл сөзім барлық өндірушілерге бағытталмаған. Бірақ, «Мен тауарды өндірдім, қалай сатсаң олай сат» деген көзқарасын сауда саясатына араластыратын өндірушілер де бар. Бұл өткен заманның еншісінде қалаттын әңгіме.  Байыптап қарасақ, өндірушілер көп, ал, сауда желілері санаулы. Сондықтан да желілермен тіл табыса білу өнерін жетік меңгермей, скәсібіңізді дөңгелетіп әкетем деу бекершілік.

Екінші. Конвентке ЕЭО елдерінің компанияларының келуі және B2B орнатуға қызығушылық танытып, қазақстандық өндірушілермен серіктес болуға ниетті.

Мысалы, Новосибирск қаласының «Бахетле» желісі («Добрянка»маркасы)  Қазақстаннан fresh food тасымалдауға қызығушылық танытуда. Новосибирск Ресей Федерациясының сауда алаңында екінші орында тұрған қала. «Добрянка» аптасына 5 тонна анар, 6 тонна томат пен қияр, 20 тонна картоп сатады. Маусым мен шілде айында «Сарыағаш картобына» сұраныс артады. Бұл  «Добрянканың» 4 дүкені бойынша берілген ақпарат.

Қазіргі таңда аталмыш желі Өзбекстан мен Қазақстаннан жеміс-жидектер тасымалдауда. Өкініштісі сол, біздің тарапымыздан ешқандай жүйелілік болмауда. Арадағы делдал фирмалардың қызметіне тәуелді боп отыр. Өнімдерінің біраз бөлігі босқа шіріп жатқанына қарамастан «Шелектің фермерлері» жобасы олармен жұмыс істеуге ниет танытпады.

Үшінші.  Отандық тауар өндірушілер мен сауда желілерінің арасына алтын көпір болатын бір ойыншының қажет екені көзге ұрып тұр. Ресми диллер дейміз бе, басқаша атаймыз ба, бәрібір, тек екі араның жыртығын жамаса жеткілікті.

Төртінші. Тауар өндіретін шағын компанияларда маркетинг стратегиясының болмауы және жұмысы тұрақталған фирмаларда маркетинг бөлімінің болмауы. Бұл, заманауи сауда-саттық дәуірінде үлкен кемшілік десем қателеспеймін. Тауар өндірушілер сөрелерге барлық тауарын қойғысы келеді, сауда желілері «біз тек, өтетін заттарды ғана сатамыз» деуден жалыққан емес.

Қазір бизнестің барлық саласы тұтынушы талабымен санасып отыр. Сондықтан да, өз брендіңді қалыптастырып, өз тауарыңа тұтынушы көзімен қарауды үйрену керек. Себебі, тауарды соңғы пайдаланушы сол тұтынушы ғой. Не алып, не алмайтынын тек өзі шешеді.

Бұл ешқандай да жаңалық емес. Отандық тауар өндірушілер көбіне сауда желілерінің саясатын сынға алып, соларға барлық шағымдарын бағыттап жатады. Мен сіздерге алматыдағы «Кенжехан» базарындағы қарапайым аяқ киім сатушымен болған әңгімені баяндап берейін. «Сөреңізде неге отандық аяқ киімдер жоқ?» деген сауалға сатушы  «Маған оны кім ұсынды?» деп жауап берген.

Үнемі сауда желілерімен, дистрибьюторлармен, байерлермен, нарықтағы барлық өкілмен байланыста болу және өз тауарыңның басқалардан ерекше екенін айтудан жалықпауың керек.

Бесінші. Контафакт. Тек қана «Бахус» маркасының коньягының жалған көшірмесін сатылымы арқылы ғана мемлекет қоржыны бір жылда 3-3,5 млрд теңге салық қаржысы түспей қалуда. Сондықтан да, көлеңкелі бизнестегі ойыншыларды ойыннан шығармай, бұл жайлы әңгімеге нүкте қоя алмаймыз.

Бұндай ретпен баяндай берсек, әңгіме көп.

Биылғы «Сауда әлеміне» 8 елден қатысушылар келген. Қазақстан, Беларусия, Ресей, Украина, Армения, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің 35 ритейлері, 20 шақты орташа және ірі дистрибьюторлар, 21 отандық тауар өндіруші қатысқан.

Мен, осындай игі шараның басы-қасындабірнеше жылдан бері «Атамекеннің» де жүргеніне қуанамын. Бұл расымен де сапалы әрі пайдалы съезд болды деп сенімді түрде айта аламын. Екі күнге созылған жиын нәтижесінде Қазақстанның сауда желілері мен тауар өндірушілері және шетелдік сауда желілері арасында 60-тан астам келіссім жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер