«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерлер клубы – салықтық өзгерістер саласындағы ақпарат көзі

2019 жылғы 18 Наурыз
- Қарағанды облысы
8011 просмотров

Салық заңнамасындағы өзгерістер жайында Бухгалтерлер клубының мүшесі, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүзәл Омарбекова айтып берді

 – Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар баршаға, бірінші кезекте кәсіпкерлер үшін маңызды екенін білесіздер. Осы өзгерістерге тоқталып кетсек.

–2019 жыл 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді. Атап айтқанда, тәуекелдерді басқару жүйесі іске қосылды. Демек, барлық салық төлеушілер тәуекелдердің үш категориясына бөлінеді: жоғары, орта және төмен. Тәуекелдің жоғары деңгейі бар салық төлеушілер қызыл аймақта, тәуекелдің орташа деңгейі барлар – сары аймақта, төмен – жасыл аймақта орналасады. Ол үшін салықтық есептілікті уақытында әрі дұрыс өткізіп, салықты уақытында төлеп отыру жеткілікті.

 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы 25 айлық есептік көрсеткіштен (63 125 теңге) асатын қызметкерлер үшін жеке табыс салығы 10 есе төмендетілді.

 Бұдан бөлек 1 қаңтардан бастап барлық сауда нүктелерде бақылау-кассалық аппараттарды орнату міндетті. Қазір 17 қызмет түрі бойынша кассалық аппараттарды орнату міндетті, сәуір айынан бастап 323 қызмет түрі тізімге қосылады. Қызметтердің аталымы тоқсан сайын қосылатын болады және жыл соңына дейін 650 қызмет түріне бақылау-кассалық аппараттары міндеттеледі. Қазіргі таңда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бақылау-кассалық аппараттарға шығындарды 60 мың теңге деңгейінде шегеру туралы ұсынысы Мәжіліс қарауына жіберілді. Бұдан бөлек, біз аппараттарды 3-4 айға бөліп төлеу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз.

Айта кетелік, 2020 жыл 1 қаңтардан бастап патент негізінде арнайы салық режимін қолданып жүрген кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрді қолданатын болады.

 –Осы бағытта қандай түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр?

–Салық заңнамасының жаңа ережелері және сауда саласында қандай мәселелер бар – осы және басқа да сұрақтар ӨКП жанынан құрылған Бухгалтерлер клубының апта сайыңғы отырыстарында талқыланады. Біз кәсіпкерлер ақпаратты бірінші көзден алуы үшін салық органдарынан спикерлерді семинарларға шақырамыз. Іс-шара барысында ҰКП-ның онлайн ресурсы –«Atameken Services» порталы және бизнес субъектілері арасында жүргізіліп жатқан сауалнама туралы ақпарат беріледі.

 –Сауда саласындағы мәселелер жайында айтқаныңыз жақсы болды. Патент немесе жеңілдетілген режим бойынша жұмыс істейтіндерді қандай өзгерістер күтіп тұр?

–Кәсіпкерлер патенті бойынша жұмыс істейтіндер үшін жылдық айналым сомасы өзгерді. Егер осыған дейін жылдық айналым 300 төмен жалақыдан есептелген болса, қазір 3528 еселі АЕК-тен (8 908 200 теңге) есептеледі. 2020 жылдан бастап саудамен айналысатын кәсіпкерлер патент режимін қолдана алмайды.  

 Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер болса, олар үшін айналым сомасы және қызметкерлер саны өзгерді. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін салық кезеңі үшін айналым 24038 АЕК-тен (60 695 950 теңге) аспауы тиіс, ал жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар үшін қызметкерлер саны 30 адамнан аспауы керек.

 Сонымен қатар міндетті зейнетақылық жарналарды есептеуге жоғары шектер өзгерді. Ең төменгі шек 1 ең төменгі еңбекақыны құрайды, ал ең жоғары шек – 50 еселі ең төменгі еңбекақыны құрайды.

 Әлеуметтік төлемдер бойныша ең төменгі мөлшер – 1 ең төменгі еңбекақыны құрайды, ал ең жоғары мөлшер – 7 еселі еңбекақыны құрайды.

 Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша төлемдер 10 ең төменгі еңбекақыдан аспауы тиіс.

 Сонымен қатар 2019 жыл 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы бойынша салық төлеушілер шот-фактураларды электронды түрде тапсыруы тиіс. ҚҚС төлеушілерден бөлек Электронды шот-фактураларды шағыру бойынша міндеттеме салық төлеушілердің мына үш категориясына, олардың ҚҚС бойынша төлемдерін есепке алуына қарамастан жүргізілетін болады:

  • ҚҚС төлемейтін комиссионерлер мен экспедиторлар;
  • Алып тастау тауарлар тізбегіне енген тауарларды өткізудегі салық төлеушілер;
  • Ипортталған тауарларды өткізудегі салық төлеушілер.

 –Бірыңғай жиынтық төлем туралы ақпарат берсеңіз. Тақырып өзекті.

–Биылдан бастап төлемдердің жаңа түрі – бірыңғай жиынтық төлем жалдамалы қызметтерді пайдаланбайтындар үшін қолданылады. Қала тұрғындары үшін бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері 1 АЕК (2 525 теңге), ал аудан және ауыл округтерінің тұрғындары үшін – 0,5 АЕК-ті құрайды.

  Бірыңғай төлемнің 10 пайызы жеке табыс салығына, 30 пайыз – міндетті зейнатақылық жинаққа, 20 пайыз – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, 40 пайызы – медициналық сақтандыру бойынша жарнаға бөлінеді. Бірыңғай жиынтық төлем банктер мен терминалдар арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының есептік шотына жіберіледі. Бірыңғай жиынтық төлем жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша төленеді, салықтық кезең – бір ай.

 –Былтыр Елбасы кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық жасалатыны туралы атап өтті...

 – Бәрі дұрыс. 2019 жыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда салықтық рақымшылық жүргізіледі. Егер салық төлеушілер 2018 жыл 1 қазанға сәйкес жиналған салығы бойныша 2019 жылдың аяғына дейін негізгі қарызын төлеген болса, онда мемлекет барлық өсімпұлдар мен айыппұлдарды алып тастайды.

 Бұған қоса 2020 жылдан бастап жалпыға ортақ декларациялау басталады, яғни барлық жеке тұлғалар 2019 жыл 31 желтоқсанға қарай жеке активтері және мендетттемелері бойынша декларацияны беруге міндеттеледі.

 Ал бақылау-кассалық машиналар және салық заңнамасындағы өзгерістер бойныша түсіндіру жұмысы жалғасатын болады. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер паласы әр ай сайын «Бухгалтер клубы» шеңберінде Қарағанды облысы мемлекеттік кірістер басқармасы алаңында семинарларды өткізеді. Келесі семинар 10 сәуір күні өтеді. Біз кәсіпкерлердің жаңашылдықтардан хабарсыз болып, айыппұл төлегендерін қаламаймыз.

 –Сұхбатыңызға рахмет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер