«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер мәселелерінің басым бөлігі оң шешілді

2019 жылғы 30 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
9431 просмотров

Кәсіпкерлер 2018 жылы неге шағымданды, қандай сұрақтар жүйеліге айналды, өңір бизнесінің дамуына не кедергі туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрайымы Галина Казанцева айтты.

–Галина Сергеевна, Кеңесте 2018 жылы қанша мәселе қаралды?

–Өткен жылы Кеңестің 11 отырысы өтті, онда  кәсіпкерлерге қатысты 26 түйткілді мәселе қаралды. Мәселелердің 50%-ы оң шешілді. Кеңестің отырыстарында облыс прокуратурасы, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті, әділет, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, заңгерлер ен кәсіпкерлердің өздері қатысады. Осындай жиын мәселені тез шешуге мүмкіндік береді.

 –Бизнестің қандай мәселелері өңір үшін өзекті? Өз өтінімдеріне кәсіпкерлер жиі неге шағымданады?

 –Өкінішке қарай, жекелеген компаниялардың мүддесін күйттеу және мемлекеттік органдардағы «байланыстар» арқылы бәсекелестерді жою жайттары бар. Өткен жылдың шілде-тамыз айлары осындай ситуацияларға бай болды. Нәтижесінде 4 қылмыстық іс қозғалды. Бірақ Кәсіпкерлер палатасының араласуымен мәселе шешілді. Жер учаскелерін тартып алу жағдайлары болған, әлі де бар. Мәселен, Ұлан ауданындағы шаруаның жер учаскесі басқа бір шаруаның атында екен. Енді кәсіпкер сотқа жүгінуге мәжбүр. Сот жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік сатып алулар мәселесі де өзекті. Өтінімдерді дұрыс қарамау, жекелеген кәсіпорындарды сатып алулар кезінде алып тастау мәселелері. Іс жүзінде шығысқазақстандық кәсіпорындар ұтылып, басқа өңірдегі кәсіпорындар ұтып жатады.

 –Бизнестің мәселелерін шешудегі тағы қандай шара қолданасыздар?

–Биыл қалалар мен аудандарда көшпелі жиындарды өткізуді жоспарлап жатырмыз. Бастапқыда кәсіпкерлерден түскен барлық өтінімдерді талдаймыз және көп кездесетін мәселелер бойынша көшпелі отырыстар кестесі құралады. Мәселелер барлық тараптардың қатысуымен шешілетін болады. Айта кетейін, жүйелі сипатқа ие болған мәселелер бар, мәселен мемлекеттік органдар тарапынан келісімшарттар міндеттерін орындамауы. Кәсіпкерлер жұмысты орындайды, ал төлемін ала алмайды. Мәселені шешуде келісімшарт дұрыс толтырылмаған, құжат қазынашылық органда тіркелмеген болып шығады, сондықтан қаржыландыруға шықпағаны анықталады. Жергілікті атқарушы органдардың осындай әрекеті биліктің беделін түсіреді. Сондықтан әр орын алған жағдай бойынша облыс әкімдігіне жүгінуге мәжбүрміз.

–Рахмет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер