«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тері бұйымдарын таңбалауда нені білген жөн?

2018 жылғы 14 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1984 просмотров

Тері бұйымдарын таңбалауды енгізу бойынша пилоттық жобаның қатысушылары 2018 жылғы 11 қаңтардан бастап үшінші елдерден тері бұйымдарын импорттаған кезде, тауарларға арналған декларацияларда көрсетілген мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, «импорт» ретінде тері бұйымдарын таңбалауы қажет. 

Сонымен қатар, Бірлескен бұйрықпен бекітілген Пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларының 31-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз ететіндігін хабарлаймыз. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

Сонымен бірге, Пилоттық жобаны іске асыру Қағидаларының 23-тармағына сәйкес заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде кедендік рәсімдермен орналастырған және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасаған сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей СБӨ-де Тапсырысты ресімдейді.

 Тері бұйымдарын таңбалаудың тәртібі туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының қаржы, инвестициялар және даму, ақпарат және коммуникациялар, ұлттық экономика министрліктері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары бекітілді.

Кәсіпкерлер енді тері бұйымдарына бақылау (сәйкестендіру) белгілерін басылғаннан кейін ғана сатуға (оның ішінде сату/қайта сату кезінде тері бұйымдарын өндіру импортынан соңғы өткізгенге дейін) міндетті.  Бұл норма бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдайды теңестіруге ықпал етеді, нарықты заңсыз өнімдерден қорғайды және зияткерлік меншікке құқықтардың сақталуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сатып алушылар https://markirovka.gov.kz сайтынан (оның ішінде Маркировка KZ – мобильдік қосымша арқылы) тері бұйымдарының заңдылыған тексеруге мүмкіндіктері бар.

Осылайша, көлеңкелі экономика көлемін қысқартады және бюджетке салықтардың түсімін ұлғайтады.

Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 70 шешімімен бекітілді. 

                        Бұл тізбеге мына тауарлар кіретіні: 

ЕАЭО СЭҚ ТН

коды

Тауардың атауы

4303 10 901 0

қара күзеннің терісінен жасалған киімдер

4303 10 902 0

саз құндыздың терісінен жасалған киімдер

4303 10 903 0

түлкінің немесе ақ түлкінің терісінен жасалған киімдер

4303 10 904 0

үй қоянның немесе қоянның терісінен жасалған киімдер

4303 10 905 0

жанаттың терісінен жасалған киімдер

4303 10 906 0

қойдың терісінен жасалған киімдер

4303 10 908 0

терінің басқа түрлерінен жасалған қиімдер*

 

Сондай-ақ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерін алу үшін, GS1 Kazakhstan қауымдасығымен (http://gs1.kz/) және «Тауарды таңбалау» ақпараттық жүйесінде (https://markirovka.gov.kz) екінші деңгейдегі Эмитентпен («ISKER AKPARAT» ЖШС) келісім шарт жасау қажеттігін хабарлаймыз (қадамдық нұсқаулықпен танысыңыз). Сонымен қатар, кәсіпкерлер тері бұйымдарын дербестендіруге және тауарлар қалдықтарына БсБ-н беру туралы өтінішті пилоттық жоба іске қосылған күннен бастап (2017 жылғы 27 қараша) күнтізбелік 90 күнде тапсыруы қажет.

Бақылау (сәйкестендіру) белгісін жасау (310 теңге) және дербестендіру (90 теңге) барлығы 400 теңге тұрады.

Тауарларды таңбалауды жүргізудің тәртібіне қатысты сұрақтар бойынша - 1432, +7 7172 71 80 10, +7 7172 71 81 95 нөмірлеріне жүгініңіз;

«Тауарларды таңбалау» жүйесінде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша - 1414 біріңғай Байланыс орталығына жүгініңіз;

Тері бұйымдарын таңбалау туралы ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП-ның сайтында да (http://atameken.kz/) ораналасқан.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер