«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» мамандары бизнесмендер құқығын сотта қорғап қалуға көмектесті

2018 жылғы 10 Желтоқсан
3423 просмотров

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Техноказ-ЭЛМИ» ЖШС ісіне байланысты сот отырысына қатысты. Сот талқылауының себебі – серіктестік пен Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында дау болды.

 2018 жылдың қазан айында Мемлекеттік кірістер департаменті камералық тексеру жүргізген, нәтижесінде серіктестік ҚҚС-ты төлеуден босататын заңнамаға сәйкес құжаттарды көрсетпегені анықталды. Аталған факт ҚҚС және өсімақы бойынша қарыздың пайда болуына әкелді деп хабарланды.

Мемлекеттік кірістер департаментінің камералық тексеруі негізінде бұзушылықты жою (№55300/111017/00079), сонымен қатар 4 736 728 теңге көлемінде ҚҚС және 3 478 020 теңге, барлығы – 8 214 748 теңгені төлеу туралы хабарлама шығарды.

 Мемлекеттік кірістер департаменті пікірінше, серікстестік ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті берген құжаттарды дұрыс бермеген, алайда компанияға Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат құжаттары қажет болған.

 «Техноказ-ЭЛМИ» ЖШС сотта бұл хабарламаға шағым жасады.

Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық сотының 2018 жыл 12 ақпандағы  шешімімен «Техноказ-ЭЛМИ» ЖШС өтініші қанағаттандырылмады.

 Алматы қаласының азаматтық істер бойынаша апелляциялық сот алқасының 2018 жыл 6 маусымға сәйкес қаулысымен Алматы қаласы мамандандырылған экономикалық сотының шешімі алынып тасталып, «Техноказ-ЭЛМИ» ЖШС арызы қанағаттандырылды да Мемлекеттік кірістер департаментінің бұзушылықты жою туралы хабарламасы негізсіз деп танылды.

 Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Жоғарғы Сотының кассациялық сот алқасына апелляциялық инстацияның қаулысын алып тастау жөнінде өтінім жасады.

 Серіктестік Ұлттық кәсіпкерлер палатасына заңгерлік көмек алу мақсатында көмек сұрады. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері «Техноказ-ЭЛМИ» ЖШС ісі бойынша 2018 жылдың 13 қараша және 27 қарашада өткен екі сот отырысына қатысты.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер бойынша кассациялық алқасының соңғы отырысында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің арызы қанағаттандырылмады, апелляциялық инстанцияның «Техноказ ЭЛМИ» ЖШС арызын қанағаттандыру туралы қаулысын тану және бұзушылықты алып тастау туралы хабарламаны негізсіз тану күшінде қалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер