«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан-Қытай шекарасында ауыр жүк көліктерінің мәселесі шешілді

2018 жылғы 06 Желтоқсан
3171 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орын алған мәселені шешу мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетіне ресми өтінім жіберді.

Нәтижесінде 2018 жыл 21 қараша күні Қазақстанға ҚХР-дан келген барлық көлік құралдар ішкі тұтынуға арналған кедендік шығару процедурасына, оның ішінде кеден транзиті кедендік процедурасына тікелей  «Нұр жолы» кеден бекетінде орналасатыны туралы тәуекел профилі алынып тасталды.

 Бұған қоса ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық кәсіпкерлер палатасына берген мәліметке сәйкес ҚР ҰЭМ Қытай тарапымен ынтымақтастық жөніндегі комиетіне қарасты Бақылау-өткізу бекеттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі қосалқы комитетінің 10-отырысы шеңберінде  Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға келетін көлік құралдардың «Нұр жолы»  кеден бекетінде ұзақ уақыт тұрып қалуы фактісі бойынша «Нұр жол» (ҚР) – «Қорғас» (КХР) өткізу бекеттеріндегі жүк ағынын арттыру, ары қарай қуаттылықты жобалық қуат – 2 300 жүк көлігіне дейін арттыру туралы келісім жасалған.

 Қытайдан Қазақстанға бағытындағы өткізу бекеті территориясына көлік құралдарының кіруі кезінде бақылау – төл құжаттық және кедендік бақылау кабиналарында (1-уі жолаушыларға, 4-уі жүк көлігі үшін)   жүргізіледі, осылайша жүк көлігі ағынын Астана уақытымен сағат 19:30-ге қабылдауға мүмкіндік береді. Белгіленген уақыттан кейін ҚХР тарапынан актокөлік құралдары қозғалысы автокөлік құралдарының болмауы себепті тоқтайды.

 Сонымен қатар ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан сүйемелдеу жағында орын алған жағдайды шешу және «Нұр жолы» кеден бекетінің жобалық қуатын есепке ала отырып (екі бағытқа қарай тәулігіне 300 көлік), Қытай тарапынан көліктерді барынша уақытында жіберіп отыруға қатысты Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігіне хат жолданды.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер