«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Цифрландыруды кім жасап отыр немесе жүзеге аспаған әлеует

2018 жылғы 17 Қараша
3296 просмотров

Қазақстандағы IT-компаниялардың әлеуетін пайдалану деңгейі нашар. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдеді.

«Біз «Цифрлық Қазақстан» жобаларын жүзеге асыруға қатысатын 200 отандық IT-компания арасында сауалнама жүргіздік. 200-ден тек алтауы: «Иә, мен жобаларды жүзеге асыруға қатысамын», - деді. Біз «Цифрлық Қазақстанның» міндеті – салаларды цифрландыру, мемлекеттік органдарды цифрландыру дейміз, бірақ оны кім жасайды? Шынтуайтына келгенде бұл бастамаларды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар  аз тартылған», - деді Олжас Ордабаев.

Шетелдік ұйымдардан бұрындары сатып алынған дайын ІТ-өнімдері бар. Отандық компанияларда ресейлік шешімдермен бәсекелесетіндей жобалар көп, деп атап өтті спикер. Ұлттық палата жаңа бастамаларды іске асыру кезінде қазақстандық компанияларға артықшылық беру керектігін сұрайды.

«Біздің программистеріміздің жобалары бар, және олардың жобаларының Ресей нарығында қалай сатылғанын көріп отырмыз. Мұның өзі біздегі адами капиталдың жеткіліктілігі туралы айтады. Өкінішке қарай, өз үйімізде (Қазақстан, - ескерту.авт.) бір нәрсеге қолымыз жетпейді. Ресейдің IT-нарығы өте қатаң қорғалады. Ақпараттық қауіпсіздік, киберқалқан өз күшімен іске асырылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету тізілімінен IT-өнімдерді сатып алудың басым құқығы туралы сөз қозғайтын уақыт келді», - деді Олжас Ордабаев.

Қазақстандық IT-компаниялар Қауымдастығының деректері бойынша 2016 жылы елімізде ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын 2560 компания тіркелген. Олардың 770 бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, Қазақстанның ІТ-бизнес саласында ЕАЭО немесе ДСҰ алдында міндеттемелері жоқ.

«Өзіміздің отандық өнімдерге келгенде қолымыз байланып қалады, ал бұл бірінші кезекте ақпараттық қауіпсіздікке әкеліп тірейді. Ұлттық палата қазақстандық компанияларды үлкен бастамаларды жүзеге асыруға жіберетін уақыт келді деп сенеді. Жақында біздің команда АҚШ-тан оралды,  Amazon-да қазақстандық 300-ге жуық маман жұмыс істейтіні таңқалдырды. Бұл жоғары адами әлеуетіміз бар деген сөз», - деді Олжас Ордабаев.

Спикердің айтуынша, ІТ-саласын дамытқанда көптеген қазақстандық мамандарды елге қайтаруға мүмкіндік туады. Ең бастысы - отандық компанияларды тапсырыспен қамтамасыз ету керек.

«Біздегі нарық бар болғаны – 18 млн. адам және Қазақстандық IT-компаниялардың клиенттермен тікелей жұмыс істеуі өте қиын. Бірақ программистерімізге жақсы бастама ұсыну үшін мемлекеттің тапсырыстарды жеткілікті тұрғыда беру керек. Қазір  аппараттық кешендердің бірін Ресейден сатып алып жатқан ұлттық компанияны білеміз. Дегенмен Қазақстанда функционалы мен әлеуеті күшті шешімдер бар ғой. Инсайдерлердің ақпараты бойынша, ресейлік компания қазақстандық жобаға асқан қызығушылық танытқан. Бірнеше жылдан кейін Ресейден қазақстандық шешімдерімізді сатып алатын боламыз», - деп түйіндеді Олжас Ордабаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер