«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Стандарттау – ішкі нарықты қорғаудың құралы

2018 жылғы 20 Қыркүйек
3553 просмотров

19 қыркүйек күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында салалық кәсіпорындар өкілдері қатысуымен «Отандық тауар өндірушілерді қолдау құралы ретіндегі ұлттық стандарттар» тақырыбында талықлау өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаменті директорының міндетін атқарушы Жазира Шүйкебаева жиынды ашып, ұлттық стандарттар  немесе олар болмаса мемлекет аралық стандарттарды қолдану арқылы шығарылған тауарлар мен қызмет көрсетуге басымдық беру мемлекеттік сатып алуалар бойынша заңнамада енгізілген өзгертулер турасындағы ұлттық стандардтардың күннен күнге артып келе жатқан маңызын атап өтті.

 «Экономикалық интеграция мен ЕАЭО мемлекеттері арасында шекаралардың болмауы отандық тауарлар мен қызмет түрлерінің жоғары бәсекеге қабілеттілігі және тұтынушылар сенімін артуын талап етеді. Біздің ойымызша, осы және басқа да сұрақтарды ұлттық стандарттарды қолдану арқылы шешуге болады», – деді Жазира Шүйкебаева.

Жиын барысында бизнес өкілдері стандарттау мәселесіне жоғары қызығушылық танытты, жобалау, стандарттарды әзірлеу, қаржыландыру бойынша сұрақтар қойылды.

 Стандарттарды әзірлеуде бизнесте туындаған осы сұрақтарды түсіндіру мен талқылау үшін «Қазақстан стандарттау мен сертификаттау институты» РМК бас директордың орынбасары Искандер Хамитов шақырылды.

 «Қазақстан стандарттау мен сертификаттау институты» стандарттарды жобалау мен әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетуге дайын. Стандарттарды қолдану арқылы нарықты қорғау мәселесінде басым бағыттарды сапалы анықтау  және стандарттар әзірлеуді жоспарлауға байланысты», – деді Искандер Хамитов, ол стандарттарды жобалау мен әзірлеу жұмысын егжей-тегжейлі айтып, жуырда бұл стандарттарды әзірлеуді жоспарлау үдерісін автоматтандыру және «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау туралы болашақ жақсартулар туралы хабардар етті.

 Жиынды қорытындылау келе Жазира Шүйкебаева қонақтарды ұлттық стандарттарды әзірлеуді қажет ететін салаларды анықтауды, сонымен қатар ұлттық стандарт мәртебесіне лайық үкіметтік емес стандарттар тізбегін әзірлеп, оларды «Атамекен» ҚР ҰКП мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мекенжайына жіберуге, ұсыныстар беруге шақырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер