«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Atameken Business телеарнасы жаңа маусымды бастайды

2018 жылғы 19 Қыркүйек
19283 просмотров

Телекөрермендер ағымдағы бағдарламалардың жаңарған тізбегі мен жаңа тележобаларды тамашай алады деп хабарлайды  abctv.kz

«Қаржы Нарығы», «CENTRE FINANCE» сияқты жаңа хабарлардың, сондай-ақ  «QARZHY» ток-шоуының қазақ тілінде бастау алуы - Atameken Business телеарнасының жаңа маусымының басты ерекшелігі. Тележобалар «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қолдауымен әзірленеді.  Орталықпен телеарна бұған дейін келісім жасаған болатын. Сонымен қатар телеарнаның тағы бір қатысушысы Bloomberg жетекші іскери агенттігі.

 Жаңа маусымда Қазақстандағы құрылыс бизнесіндегі инновациялар туралы жоба – «City concept» телевизиялық бағдарламасы басталады. Бағдарламаның әр шығарылымында заманауи құрылыс индустриясының түрлі аспектілері таныстырылады. Авторлардың ойластыруы бойынша, жүргізуші шақырылған қонақтармен бірге құрылыс нысанын таңдап алады да, сол нысанның жұмыс сапасы мен қолданылған технологиялардың тиімділігін сараптайды. Atameken Business телеарнасының жаңа маусымындағы басты жаңалықтың бірі - «Наше дело» бағдарламасы. Бағдарламада телеарна немесе «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған кәсіпкерлердің шынайы мәселелеріне негізделген толық журналистік тексеріс көрсетіледі. Бағдарлама барысында мемлекеттік органдар мен шенеуніктердің әрекетіне жасалған шағым, кәсіпкерлік қызметті іске асырудағы кедергілер, мемлекеттік сатып алуларды өткізудегі астыртын әрекеттер және т.б  әрекеттер әшкереленеді. Қазақстанның әрбір азаматы отандық бизнестің қалай жұмыс істеп жатқанын жаңа қырынан көретін болады.

 Жаңа маусымның тағы бір қызықты жобасы – «Современник. LIVE».  Бағдарлама бизнесмендердің өздерінің дамуы үшін бос уақыттарын қалай пайдаланатыны жайында. Табысты адам – бұл тек миллиондаған активтер мен қомақты банктік шот иесі ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дамыған тұлға. Олар алға қойған мақсаттарына қалай жетеді? Бағдарлама осы жайында болады. Телеарна бизнеспен үнемі байланыста болып, өзінің басты желісін сақтап қалады. Сондай-ақ бірнеше телевизиялық жобаларды іске қосу, хабар тарату желісін жаңарту, қазақстандық көрерменнің сұранысын ескере отырып, ақпарат агенттіктері жұмысының әлемдік стандарттарын енгізу көзделіп отыр.

Ерболат Мұхамеджан, бас продюсердің орынбасары:

 «Көрермендерге, ең бірінші,  «Наше дело» жаңа жобасы қызықты болады деп ойлаймын. Бұл бағдарламада сапа белгісімен журналистік тексеріс жүргізіледі. Бізде бизнестің нақты мәселелерімен айналысатын команда құрылған. Бұл команданың атқарар жұмысы зор болмақ, өйткені оларға билік өкілдеріне ыңғайсыз сұрақтар қоюға тура келеді. Кәсіпкерлердің барлық проблемасы заңды дұрыс түсінбегендіктен немесе лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдаланудан болып жатады. Біздің міндетіміз – жағдайды түзетуге көмектесу. Қарапайым тілмен айтар болсақ, Қазақстанда бизнеспен айналысу оңай және түсінікті екенін көрсетуіміз керек».

Қанат Сахариянов, бас директор:

 «Қазақстанның телевизиялық кеңістігі интернет-бақ және телевизия арасындағы қатаң бәсекелестік күреске қарамастан, үнемі жаңаруда, біздің нарықта өз стандарттарын әкеліп жатқан жаңа ойыншылар пайда болуда. Осы тұрғыдан  контентті жаңарту бойынша айқын жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі таңда Atameken Business көрерменге 60-тан астам бағдарлама мен эксклюзивті бизнес-ақпарат ұсынып отыр. Өзіміздің инсайдерлеріміздің арқасында көрермендерімізге жаңалықтарды шұғыл жеткізе алатынымызды айтқым келеді. Аудитория үшін осы немесе басқа құрылымдардың пікірімен еншілес емес сарапшылардың пікірі маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. Біз ұсынып отырған ақпараттық өнімнің басты құндылығы да осында. Біздің телевизиялық жобаларды даму мен жаңа тәсілдерді қолдануға бағдарланған кәсіби мамандардан құралған команда дайындайды» 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер