«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заң жобаларының бірқатар тұжырымдамалары кәсіпкерлер назарына ұсынылды

2018 жылғы 17 Қыркүйек
3148 просмотров

2018 жылғы 7 қыркүйекте заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 459 отырысы өткен болатын.

Комиссия ҚР Парламентінің депутаттары ұсынған екі заң жобасын, Үкімет қорытындыларының жобаларын және заң жобаларының 7 тұжырымдамасын қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып МАҚҰЛДАНДЫ:

1. «Аграрлық қолхаттар туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы (Парламент депутаттары ұсынған);

2. ««Астнана» Халықаралық қаржы орталығы туралы» «Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы;

3. Қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;

4. Соғыс жағдайы мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;

5. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;

6. Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобасының тұжырымдамасы.

Төменде көрсетілген жобалар күн тәртібінде қараудан алынып тасталды:

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы (Парламент депутаттары ұсынған);

2. Лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жөніндегі Заң жобасының тұжырымдамасы;

3. Еңбек мәселелері бойынша Заң жобасының тұжырымдамасы.

Күн тәртібі бойынша материалдармен, сондай-ақ қаралатын мәселелер бойынша қысқаша ақпаратпен және Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұстанымымен қосымшаларда танысуға болады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер