«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астықты жөнелту мәселелері: жағдай бақылауда

2018 жылғы 06 Қыркүйек
- Ақмола облысы
4591 просмотров

Ақмола облысында келесі аптада астықты жаппай жинау науқаны басталмақ.

Сондықтан, астықты тасымалдауға байланысты іркілістер де орын алады деген сөз. Бүгінгі таңда астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау, жөнелту, астық қабылдау кәсіпорындарына астықты жеткізу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету және үйлестіру үшін өңірде Штаб құрылды. Құрлыған Call-орталық та айтарлықтай демеу болып тұр, кәсіпкерлер онда өздерінің мәселелері мен шағымдарын айтып жүгіне алады.

«Шұғыл байланыс» телефондары: 7 (7162) 722-547, 292-712 («ҚТЖ» Ақмола облыстық жүк тасымалы АОЖТ), 7 7017987488 (ватсап).

Бұл туралы Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өткен брифингте палата басшысы Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.

«ҚТЖ» АҚ-ның, «Астықтранс» АҚ-ның, «KTZE Көкшетау», АҚ жүк тасымалы облыстық филиалдарының, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің, уәкілетті органдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу өткізуі кездейсоқ орын алған жағдай емес. Естеріңізде болар, өткен жылы жоғарыда аталған тізбектің барлық қатысушылары арасында айтарлықтай проблемалар туындаған болатын. Жүк жөнелтушілерге құжаттарды реттеу қиынға соқты. Астық қабылдау пункттерінің астықты қабылдау, кептіру, тазалау және жөнелту кезіндегі жұмыстарына қатысты шағымдар туындап жатты. Кейбір астық қабылдау пункттері демалыс және мейрам күндері мүлде жұмыс істеген жоқ. Темір жолға да қатысты біршама мәселелер туындады, дәнді дақылдар таситын көліктің жетіспеушілігі анық байқалды. Шаруалар астықты уақтылы өткізе алмай, үлкен шығынға ұшырады.

«Осы мәселелерді шешу үшін 2017 жылдың қарашасында «Атамекен» ҚР ҰКП мен «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі және экспорттық байланыстарда тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында астық пен ұнды теміржолмен үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында биылғы шілдеде астықты және оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдау және жөнелту жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында Штаб құрылған. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді», – деп мәлімдеді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының  директоры Тимур Нақыпбеков.

Сонымен қатар, «ҚТЖ-Жүк тасымалы Ақмола облыстық жүк тасымалы» АҚ-ның  филиалының директорының орынбасары Балғабек Ақпейісов биылғы жылы жылжымалы тартқыш құраммен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілетіндігін айтып өтті. Тілшілердің сұрақтарына жауап беру барысында спикер мекеме қажетті жүк тасымалын қамтамасыз етуге дайын деп сендірді.

 «Бізде вагондар жеткілікті. Қазір біз Беларусия, Грузия, Әзірбайжан астық тасымалдаушыларын тарту мүмкіндігін қарастырудамыз. Жылжымалы құрамда еш проблема жоқ. Сонымен қатар жабық вагондарды да қолданамыз. Осы бағытта Алашанькоу арқылы эксперименттік жөнелтілім жүріп жатыр, яғни Қытайдан тасымалдау. Сондай-ақ, егін жинау кезінде Ресей, Украина және Белоруссия бізді жылжымалы құраммен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта контейнерлік тасымалдау кеңінен таралған. Жыл басынан бері 1070-тен аса вагон жөнелтілді, ол шамамен 2200 контейнер. Бұл өте ыңғайлы тасымалдау тәсілі. Жалпы тасымалдау көлемі артады», – деді Балғабек Ақпейісов.

 «Өңірлік астық холдингі» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің (АӨК) директоры Ербол Ташеновтың 10 мың бірлік астық таситын көлікке қажеттілік туындап отырған уақытта өңірді осы жүк көлігімен қамтамасыз ету мүмкіндігі қандай деген ақылға қонымды сұрағына «Астықтранс» АҚ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі Еркін Молдақов нанымды сандарды келтіру арқылы жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 6100 астық таситын көлік бар, 421-і сатып алынса, 1200-і күрделі жөндеуден өткізілген.

Спикерлер, сондай-ақ өткен жылғы Ақтау портындағы вагондардың тұрып қалғанындағыдай жағдай қайталанбайды деп сендірді, өзбек және қытай тараптарымен Сарыағаш, Қорғас, Алашанькоу станциялары арқылы өткізу мүмкіндігіне қатысты уағдаластық бар.

Және бүгінде ең маңызды тақырыптардың бірі астықтың жоғары ылғалдылығы болып тұр. Осыған байланысты астықты қабылдау, кептіру, сақтау және астық қабылдау пункттеріне жөнелту мәселесіне ерекше көңіл аудару қажет.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіншілік бөлімінің басшысы Ержан Бектұровтың айтуынша, ағымдағы жылы Ақмола облысында 5,5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр, бүгінгі таңда астықтың шамамен  5%-ы жиналған, өнімділік орта есеппен гектарынан 10-12 ц және жауын-шашынның жиі болғандығына қарамастан астықтың  82%-ы жақсы жағдайда.  Өңірде астықты сақтайтын 67 астық қабылдау кәсіпорны лицензияланған, 4,4 млн тонна сақтау қоймалары мен 240 астық кептіргіштер бар. Тарифтер шамамен  10-15% -ға ғана артады.

Брифинг нәтижелерін қорытындылай келе Тимур Нақыпбеков Палата бұл жағдайды назарда ұстуда деді. Мұндай кездесулер барлық туындаған мәселелер бойынша және ол мәселелерді Штабтың отырысында талқылауға шығарғанға дейін тұрақты түрде өткізіліп тұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер