«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шабуылдай отырып қорғану немесе құқық қорғау органдарының әрекеті

2018 жылғы 20 Шілде
- Қарағанды облысы
4030 просмотров

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 17-отырысы өтті. Күн тәртібіне шығарылған басты мәселе – қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тарту және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті. Кәсіпкерлер палатасына жүгінген әрі бірнеше жылдан бері әділдік үшін күресіп жүрген бизнесмендердің шағымы қатты.

Жеке кәсіпкер Дана Хамзинаның  шағымы екінші рет кеңес отырысына шығарылды. 2017 жылдың наурыз айында сотталмағаны туралы анықтама алу кезінде кәсіпкер 2015 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі 389-бабы (заң тәртібін бұзушылық) бойынша өзіне қылымыстық іс қозағалғанын, бірнеше апта өткен соң Шахтинск қаласының ішкі істер органы тараптардың татуласуына байланысты оның тоқтатылғаны туралы шешім шығарғанын білген. Мұнымен қоса, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Қарағанды облысы бойынша басқарамасының мәліметтер базасында аса ауыр емес құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылғаны туралы карта сақталған. Алайда Дана Хамзинаның өзі бұл туралы анықтама алғаннан кейін ғана білген. Кәсіпкерді тергеуге шақыру туралы ешқандай хат келмеген, қылмыстық іс қозғалғаны туралы және істің жабылғаны жайында хабарсыз болған, бұл ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекс нормаларының айқын бұзылуы.

«Қылмыстық іс аясында күдіктіні тану туралы қаулы болған жоқ. Яғни базада расымен де қате кеткен. Қазіргі таңда құқықтық статистика басқармасы барлығын түзеді, оған қатысты қылмыстық іс қылмыс құқық бұзушылықта қылмыстың құрам жоқтығы үшін тоқтатылды», – деді Қарағанды облысы Прокуратурасының басқарма прокуроры Аян Абдуллин.

Татуласы жойылып, «әрекетте қылмыстың құқық бұзушылық құрамның жоқтығы үшін тоқтатылды» деп өзгертілген. Негізгі деректің орын алмағынын ескеріп отырған Кеңес бұл істі «оқиға әрекеті орын алмағаны үшін» тармағы бойынша тоқтату қажет деп есептейді.

«Осы уақытқа дейін бір де бір тұлға жауапқа тартылмаған. Осылайша Д.А.Хамзинаға қатысты қылмыстық істі қозғап әрі оны тоқтатқан тұлғаларға қатысты ешқандай жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмаған, кінәлілер анықталмаған. Сол уақыттан бері жеке кәсіпкер Д.Хамзина уәкілетті органдарға (Қарағанды облысы прокуратурасы, Қарағанды облысы ішкі істер департаменті) қаншама шағым түсірген», – деп хабарлады Өңірлік палата заңгері Юлия Олейник.

Кәсіпкердің өзі әділдік орнағанын талап етіп отыр. Себебі қылмыстық іс еш себепсіз қозғалған, одан кейін қылмыстық құрам жоқтығы үшін тоқтатылған. Органдар тарапынан ешқандай кешірім сұрау әрекеті де болмаған.

«Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ қылмыстық құрам жоқ деп тоқтатылған. Бұл өткен уақыттың еншісінде, сондықтан тәртіптік жауапкершілікке тартпаудың себебі де осы. Барлығы да заң бойынша. Қателік жібергеніміз рас, бірақ уақыты өтіп кетті», – дейді облыс Прокуратурасы 1-басқармасының аға прокуроры Азамат Саукөмеков.

Кәсіпкер жұмысына селқос қарағандар жауапкершілікке тарту керек екеніне сенімді. Қарағанды облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Серік Төрегелдин бұл жайт өте сорақы екенін атап өтіп, Кеңес атынан осы мәселені толықтай анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін Бас прокуратураға хат жолданатынын хабарлады.

Кеңес отырысында кәсіпкер Ерболат Асылбековтың мәселесі де қызу талқыланды. Ол 2017 жылы «Ақтоғай аудандың әкімінің аппараты» ММ әскерге шақырушыларды тасымалдау бойынша көлік қызметін көрсетуге мемлекеттік сатып алуға қатысып, алаяқ атанған.

Оның өтінішіне сәйкес, келісімшарт жасалғаннан кейін барлық қызмет толықтай орындалған, тиісті актілер де жасалған, бекітілген әрі тапсырыс беруші (Ақтоғай ауданының әкімі) қол қойған. Қызмет көрсету сапасына ешқандай шағым болмаған, бірақ, бір айдан кейін аяқ астынан кәсіпкерден уақытша ақшаны қайтаруды сұрап, қылмыстық тергеуге тартқан.

Кеңес мүшелері мұндай әрекеттің орын алғанын, қалайша мемлекеттік бюджетке 445,000 теңге шығын келтіргенін түсінбей отыр. Тапсырыс беруші – уәкілетті орган ешқандай шағым түсірмеген, мемлекеттік аудит департаменті ешқандай тексеру жүргізбеген, ешкім заң бойынша кәсіпкерді жосықсыз әрекеті үшін кінәламаған.

«Мен міндеттемені толықтай орындадым. Бірақ жұмыс аяқталғаннан кейін әкімдіктегі бухгалтер хабарласып, қаражатты дұрыс аудармағанын айтты. Бухгалтердің қоғырауынан соң адал кәсіпкер ретінде ақшаны қайтардым», – дейді Ерболат Асылбеков.

Кеңес төрағасы бұл шенділердің өзара келісуі деп есептейді. Егер кәсіпкер алаяқ болса, ол жұмысты орындамаған болуы керек, онда ешқандай құжат та болмауы тиіс еді, егер әкімдік қол қойып отырса, кінәліні басқа жақтан іздеу керек.

«Бұл тұзаққа ілінбеуге кеңес беремін. Ақымақтықпен іс қозғаған, енді тығырықтан шығу үшін қорғап отыр», – деп Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук кеңес берді.

Кеңес мүшелері төраға Серік Төрегелдиннің басқаруымен екі оқиғада да қылмыстық іс негізсіз қозғалып, құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеті орын алған, кәсіпкерлердің құқығын шектегендері үшін жауапқа тарту керек деп санайды.

«Дана Хамзинаға қатысты қателік орын алып, компьютер ғана кінәлі деп оңай айтып отырсыз. Оның және отбасына үлкен дақ түсті. Қателік орын алған болса, ол үшін кім жауап береді? Учаскелік бөлімше қызметкерін ғана таптыңыздар, қалғандары қайда? Мансабы жоғарылаған прокурор, тергеушілерге қатысты айтсақ, олар тағы осындай қателік жібермейтініне кепілдік бар ма? Сондықтан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қайрат Қожамжаровқа осы істі жеке бақылауына алсын деген өтінішпен жүгінеміз», – деді Серік Төрегелдин.

Кәсіпкерлер құқықтары қорғалып, аттарына түскен дақ алынып тасталатынына сенімді. Кеңес мүшелері әрбір істі жеке қарап, мүлкінен айыру, компенсациялау процестерінің заңдылығын бақылайтындарына сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер