«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Техникалық және авторлық қадағалаушылардың «қызметақысы» еселеп өсті

2018 жылғы 04 Шілде
4353 просмотров

2015 жылдан бері «Атамекен» құрылыс процесін бақылауға қатысушылардың қызмет құнын арттыру мәселесін көтеріп келеді

2018 жылдың мамыр айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті төрағасының бұйрығымен Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржысы есебінен тұрғызылатын нысандар бойынша, қаржыландырудың басқа көзі арқылы салынатын нысандар бойынша инженерлік қызмет шығынын анықтауға арналған құрылыстағы инженерлік қызметтің шығынын анықтау бойынша нормативті құжат бекітілді, құжат  ережесі ұсыныстық сипатқа ие.

Аталған құжат «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен және салалық қауымдастықтардың ұсынысы ескеріле отырып дайындалған. Оған құрылыста тапсырыс берушінің инженерлік қызметіне шығынын анықтау бойынша әдістемелік ережелер мен негізгі қағидаттар енгізілген және жобаны басқару, техникалық қадағадау және авторлық қадағалауды басқару шығынын арттыруды қарастырады.

Еске салсақ, бұған дейін құрылыстағы инженерлік қызмет шығынының бекітілген көлемі осы қызметті көрсететін мекеменің талабын қанағаттандырмады және негізсіз төмендетілген деп саналды.

Техникалық бағалау шығыны жалпы сметалық есептеуде 09%-дан бастап 1,93%-ға дейін болса, авторлық қадағаудың бұған дейінгі шығыны жалпы сметалық есептеудің 0,1% – 0,2%-ын құрады.

Авторлық қадағалаудың пайыздық қатынасындағы көрсетілген шығын мөлшерлемесі бұрынғы Кеңес одағы кезінде мемлекеттік құрылыс бекіткен уақыттан бері өзгертілмей келген.

Жаңа нормативке сәйкес жобаны басқару бойынша және құрылыстағы техникалық қадағалаудың инженерлік қызметінің шығыны 3 есеге дейін арттырылды, ал авторлық қадағалау бойынша 5,6 есе көбейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер