«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өндірушілерге индустриялық сертификаттың тиімділігі туралы айтылды

2018 жылғы 18 Маусым
3129 просмотров

Құжат теңдестірілген өнеркәсіп саясатын жүргізу үшін отандық өндірушілердің маңызды бірыңғай реестрін құрастыруға мүмкіндік береді

«Индустриялық сертификат туралы, оның берілу мерзімі жайлы нақтырақ білсек. Қандай мерзім ішінде жарамды? Қазіргі қолданып отырған СТ-КZ сертификатын алмастыра ма немесе қатар қоладаныла ма?».

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңында ұйымдастырылған «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» форумында осындай сауал қойылды.

«Индустриялық сертификаттың берілу мерзімі айтарлықтай ұзақ емес, барлығы да электронды форматта болады, әрбір кәсіпкерге электронды кабинет ашылады. Мысалы компания құжат тапсырады, 2-3 күн ішінде комиссия құрылып, кәсіпорынға барады да тексеру жүргізеді. Бірақ Техникалық реттеу және метрология комитеті жүйесі беретін сәйкестік сертификаты индустриялық сертификат берудің негізі болады. Яғни мемлекеттік қызмет арқылы тиісті өнімді өндіру мүмкіндігін растау керек. Индустриялық сертификаттың мерзімі шектелмеген. Бірақ бұл құжат серпінді, есептік емес, бұл дегеніміз кәсіпорын оған өз еркімен өзгерістер енгізеді: өзінің жаңа өнімі туралы ақпарат енгізе алады немесе ескі өнім түрлерін алып тастау мүмкіндігі бар. Палата оны автоматты режимде рәсімдейді. Индустриялық сертификат басқа да сертифкаттар мен реестрлердің қайталанатын қызметін алып тастау үшін, барлық тендерлік комиссияда дәлелдеуде берілетін бірыңғай құжат болады. Ол теңдестірілген өнеркәсіптік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді және белгілі бір уақытта СТ-KZ сертификатымен қатар жүреді», – деп түсіндірді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Өңдеу өнеркәсібінің төрағасы Владимир Бобров.

«KARLSKRONA LC AB» ЖШС бас директоры Уәлихан Ахметов импортты алмастыру тақырыбын қозғады. Ол өнімнің өзіндік құнын азайту үшін өндірушілерге ұзақмерзімді келісімшарт, оның ішінде offtake-шарттар керек екенін атап өтті. Оның айтуынша «Атамекен» ҚР ҰКП жұмысы ұсынылған бағытта жүргізілуде. Ұлттық палата квазимемлекеттік сатып алуларда бизнестің қарсы міндеттемелерімен ұзақмерзімді келісімшарт жасауды, сондай-ақ реттелетін сатып алулардың ұзақмерзімді келісімшарттарын «қатты» кепіл ретінде танып, импортты алмастыру механизмдерінің бірі ретінде отандық тауар өндірушілермен ұзақмерзімді келісімшарттарды міндетті түрде жасауды ұсынады.

«Мұның барлығы да бизнеске ертеңгі күнге сенімді болуға, бизнесті жаңғыртуға немесе жаңа өндірісті ашу үшін ақша салудан қорықпауға мүмкіндік береді. Бірақ мұның барлығы қашан орын алады? Аталған шаралардың жүзеге асырылу мерзімін білгім келеді», – деді Уәлихан Ахметов.

«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері атап өткендей, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыстың алғашқы кезеңінде жаңа өндірістер, яғни таза импортты алмастыру бойынша келісімге қол қойылады. Одан кейін жақын арада offtake-шарттар бизнеске ұзақ әрі арзан несие беруге арналған негіздеме болып саналады. Мәселені пысықтауға шамамен екі ай уақыт кетеді.

«Ақжан» жиһаз фабрикасының басшысы Қанат Ибраев квазимемлекеттік сатып алуларда алынатын тауарлардың тізіміне өзгеріс енгізу мүмкіндігін сұрастырды.

«2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуетті жеткізушілер үшін біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өту арқылы сатып алудың жаңа үлгісіне көшу туралы хабарлаған. Мен біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді қолдадым. Осының арқасында кәсіпорынды модернизацияладым. Барлығы да дұрыс басталған. Бірақ жөнсіздік орын алды. Жиһаз саласы бойынша тізімде бастапқыда 40-50 көрсеткіш енгізілді. Одан кейін тауар, жұмыс және қызмет тізімі жетілдірілді, кейбір көрсеткіштер алынып тасталды. Осылайша тапсырыс беруші-кәсіпорындардың жеткізу мүмкіндігі шектелді. Жиһаз шығарушылар ретінде өнімнің қандайда бір түрін жеткізе аламыз, ал бір бөлігіне мүмкіндігіміз жоқ. Мысалы тізімде бұрыштық диван бар, ал тік қойылатын диван жоқ».

Кәсіпкерлерге қазіргі таңда біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу жүйесінде шамамен 26 мың код бар екені сатып алулар 7-8 мыңы бойынша жүзеге асырылатыны түсіндірілді. Алайда осы жылдың аяғына дейін тағы 2 мыңға жуық код ензігу жоспарланған. Бұл мәселеде бизнестің барлық ұсынысы жыл соңына дейін жүйеленеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер