«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жерді күшпен тартып алғысы келеді

2018 жылғы 23 Мамыр
3820 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден жер қатынастарына қатысты өтінімдер түсіп жатыр. Жергілікті билік олардың жер учаскілерін тартып алуда. Мұндай жағдайға «Қостанай-Агро 2008» ЖШС тап болған, шаруашылық 1700 га жайылымдық жерден айырыла жаздаған.  

Жер учаскесін күшпен тартып алу туралы талап арызды Қарабалық ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі берген. Бөлім өкілдері аталған жер учаскесі мақсатты қолданбай жатқанын тілге тиек еткен, өйткені жер иесі мал шаруашылығымен айналысып отырған жоқ.

Жер тартып алу бүкіл бизнеске нұсқан келтірер еді – «Костанай-Агро 2008» ЖШС жуық арада бордақылау алаңын салмақ болған. Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган әрекетінен ауыл тұрғындары да зардап шегер еді, өйткені кәсіпкер ауылдастарына шөп сатады.

 ЖШС 58 бас жылқы сатып алғанына қарамастан әкімдік жерді тартып алу туралы әрекетін тоқтатпаған. Осы кезде кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

 «Сотта жауапты мал шаруашылығымен айналысып жатқаны дәлелденді. Осыған байланысты сот мемлекеттік органның талап арызын қанағаттандырмады. Учаскенің кадастрлық құны 13 млн теңгені құрайды», – ӨКП сарапшысы Теңіз Қабақов.

 Естеріңізге салсақ, наурыз айында тура осындай жағдайға Амангелді ауданының тұрғыны «Серік» шаруа шылығының басшысы тап болған. Себеп – жерді мақсатты пайдаланбау. Кәсіпкер сотта 400 гектардың 50 гектарын төтенше жағдай (қатты жауын-шашыннан техника тұрып қалған) орын алған соң игере алмағанын дәлелдей алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер