«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

СҚО Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері фермер құқығын қорғап қалды

2018 жылғы 08 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
4963 просмотров

Ақжар ауданындағы «Бекет» фермерлік қожалығының басшысы Марат Шапенов 3 жыл бойы ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесін ала алмай келген. Мәселе кәсіпкер Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына жүгінген соң шешілді. Ал бұған дейін мемлекеттік орган қызметкерлері кәсіпкердің өтінімін әр түрлі уәж айтып орындамай келген.

Фермер Ақжар ауданында ауылда кооперациялық өнідіріс дамыту мақсатында 600 бас ірі қараға арналған сүтті бағыттағы заманауи кешенді құру бойынша инвестициялық жобаны қолға алған болатын. Жоба бойынша инвестиция құны – 1,3 млрд теңге. Жоба іске асқанда 40 жаңа жұмыс орны ашылып, жақын ауылдық елді мекен тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарында сүтті фермерлік шаруашылықты дамыту жоспарланған.

 «Бұл жобаны бастағанымда маған сол кездегі облыс әкімі Еркін Сұлтанов жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі деп  сөз берді. Бұған қоса облыста мал шаруашылығын дамыту Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында тапсырылған міндеттердің бірі. Алайда, осы күнге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан ешқандай қолдауды көргенім жоқ. Жобаны іске асыру үшін маған жер учаскесін берген жоқ, дәл осы кезде 2016 жылы ауданда 55 мың гектар жер бөлінген», – деп жазылған кәсіпкер өтінімінде.

 2016 жылдың мамыр айында ауыл шаруашылығына арналған жер учаскілерін беру байқауы аясында Марат Шапенов СҚО Ақжар ауданы Жер қатынастары бөліміне №19 лот бойынша жер учаскесін беру туралы өтінім жазады. Бұл Ақжар ауданы Новосельский ауылдық округінде орналасқан егін мен жайылымға арналған 4420 гектар жер. Дегенмен, байқау нәтижесі бойынша бұл учаскі басқа шаруа қожалығына берілген. Ал бұл шаруа қожалық мал өсіріп, инвестициялық жобаны іске асырып жатқан жоқ.

Сонымен қатар Палата заңгерлері мәлімдегендей, арнайы экономикаралық соттың 23.12.2016 жылы өткен байқауы заңнама талаптарын бұзған. Нәтижесінде сот аталған жер учаскесін жалға беру шартын заңсыз  деп таныды. 2017 жылдың 9 наурызында аппеляциялық алқа және 2017 жылдың 24 сәуірінде ҚР Жоғарғы Соты қадағалау алқасы бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

 Айта кетелік, осы уақыт аралығында жергілікті билік байқауды қайта өткізу туралы шешімді орындамай созып келген. Яғни олар өз әрекетімен басқа шаруа қожалығы мүддесін ойлаған. Осы жерден көп сұрақтар туындайды. Неліктен 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап байқау жүргізілмей келеді? Ақжар ауданы Новосельский ауылдық округіндегі 4420 гектар жерде неге егін егіліп келген? 2016 жылдың желтоқсан айында сот шешімі жалға алу шартын заңсыз деп таныды емес пе?

СҚО Кәсіпкерлер палатасы жағдайды толық зерттеп, ауданда жар учаскілері бойынша байқауды қайта өткізуге қол жеткізеді. Байқау ашық өтуі үшін оған Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлім бастығы Асқар Махмет қатысты. Екінші рет өткен байқау нәтижесін жергілікті орган жемқорлық тәуекелдерді танып, оны заңсыз деп таныды. Үшінші рет өткізілген байқау нәтижесінде «Бекет» фермерлік қожалығы жер учаскесіне қол жеткізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер