«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МЖӘ – мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуінің тиімді үлгісі

2018 жылғы 16 Сәуір
- Павлодар облысы
3700 просмотров

Қазақстанда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заң 2015 жылы қабылданды. 2017 жылдың желтоқсан айында заңға МЖӘ жобаларын іске асыру процедураларын жеңілдететін түзетулер қабылданды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің механизмі және оның Павлодар облысында қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсейітов әңгімелеп берді.

Серік Басарұлы, МЖӘ жобаларын жүзеге асыруда жаңашылдықтарды айтып кетсеңіз.

–МЖӘ жобаларын қарау және іске асыру процедураларын жеңілдету оң нәтиже береді, бұл саладағы кәсіпкерлердің қызметін одан әрі арттыру үшін жақсы негіз бола алатыны күмәнсіз. Мәселен, өзгерістерге сәйкес, МЖӘ жобаларын жоспарлау процедуралары екі есе азайып, жобаларды дайындау процессін жылдамдатады.

Кәсіпкер алдында қандай мүмкіндіктер ашылады?

–МЖӘ жобаларын жоспарлаудың екі кезеңін біріктіру, жоспарлау кезеңін едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Себебі тұжырымдама бойынша келісім алу және сараптау тәртібі алынып тасталды. Бұдан басқа, «Атамекен» ҰКП ұсынысы бойынша жеке қаржы бастамасымен және тікелей келіссөздермен қаржылық қымбат  және қолайсыз мазмұнды тұжырымдаманың орнына бизнес-жоспар сияқты құжат енгізілді.

Павлодар облысында қандай жобалар қолға алынуда?

–Заңнамаға енгізілген өзгертулер бизнес үшін түсінікті және жоспарлау кезеңінде де, МЖӘ жобасын іске асыру кезінде де уақыт бойынша қолайлы. МЖӘ механизмін пайдалану оң нәтиже беретінін атап өткен жөн. Бұл процесске бизнес қауымдастық көбірек қатысуда. Мәселен, Павлодар облысы бойынша МЖӘ орталығы базасында іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде тұрған 58 жоба тіркелді. Олардың ішінде 11 жоба бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шартқа қол қойылды. Осында денсаулық сақтау, энергетика, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы жобалар бар.

МЖӘ жобаларын жүзеге асыруда Палатаның міндеті қандай?

–МЖӘ қағидаты бюджетке жүктемені азайту және бизнес-қоғамдастықты активтерді басқаруға тарту болып табылады. Бұл кәсіпкердің де, мемлекеттің де екі жақты қызығушылық негізінде құрылған. МЖӘ жобаларын іске асырудың екі жолы бар. Мемлекеттің бастамасы бойынша, немесе, бизнес өз ұсынысымен шығады. Біздің міндетіміз – мемлекет пен жекешелік серіктестің өзара тиімді қарым-қатынас нүктелерін табуға көмектесу.

Шарттардың мерзімі қандай болуы мүмкін?

–Осында, жауапкершілікті, тәуекелдер мен тиімділіктерді оңтайлы бөлу көзделеді. Жобаларды іске асыруға арналған келісім-шарттар 3 жылдан 30 жылға дейін жасалуы мүмкін, бұл кәсіпкер үшін өте қолайлы. Өйткені, оны жүзеге асыру үшін ең қолайлы уақытты таңдауға мүмкіндік бар.

Мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында «Атамекен» бастамасы бойынша МЖӘ саласындағы ең қызықты және перспективалық жобалар іріктелді. Барлығы жеті. Қазіргі уақытта, өңірлік палата, осы жобаларды іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс жасауда.

Осылайша, қазіргі кезде бар МЖӘ жобалары бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіліп жатыр, олар бойынша 11 келісім-шартқа қол қойылды және осы жобаларды іске асыруда жеке серіктестерге кеңес берудің барлық түрлері ұсынылуда.

Серік Басарұлы, мемлекет үшін басымыдыққа ие салаларды айтып кетсеңіз.

–Ұсынылатын қызметтер нарығын және бюджет қаражаттарының бар болуын талдау кезінде, ӨКП жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ бизнес қауымдастығымен бірлесіп келесі салаларда механизмді қолдану мүмкіншілігін үйлестіруде: білім беру саласында - мектеп асханаларында қоғамдық тамақтандыру кешенін құру, құрылыс саласында - тұрғын үйлерді қалпына келтіру және пайдалану.

МЖӘ – мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттесуінің тиімді үлгісі. МЖӘ тараптары заңмен толық қорғалады. Мен, осы кеңістікте кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар деп санаймын. Бұл механизм мемлекеттік активтерді басқаруға бизнесті тартудың маңызды және ең тиімді аспектілерінің бірі болып табылады, ұзақ мерзімді перспиктивті келісім-шарттарға қаржылық инвестициялаудың нақты мүмкіндіктері бар.  

Сұхбатыңызға рахмет!

 

Әңгімелескен Дина Әбілдинова

.       


Еншілес ұйымдар

Серіктестер