«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сарапшылар кәсіпкердің құқығын қорғай алды

2018 жылғы 13 Сәуір
- Павлодар облысы
3170 просмотров

Меценаттық – қажетті әрі абыройлы іс. Бірақ, әр үлкенді-кішілі жақсы істің ерекшелігі – қайырымдылық шараға ерікті түрде қатысу.

 Ал мәжбүрлі түрде меценат болған ауыл кәсіпкеріне не істеу керек? Осындай жағдайға Успкенка ауданының фермері тап болған. Жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерге жалға жер бергенде шартқа қайырымдылықпен айналысуды міндеттеген. Осы жағдайды шешу мақсатында фермер Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінеді. Аталаған мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында қаралды. Айта кетелік, Кеңес мүшелері әдетте кәсіпкерлердің құқығы бұзылған нақты жағдайларды талқылайды, ал талқылау барысына кәсіпкерлердің өзі және мемлекеттік органдар өкілдері қатысады.  Кеңес құрамына прокуратура, мемлекеттік құрылымдар өкілдері, қоғам қайраткерлері кірген. Палата сарапшылар іс материалдарын зерттеп, орын алған жағдайға өз бағаларын берді.

«Жер учаскесін жалдау бойынша шартты зерттегенде кәсіпкер негізгі талаптардан бөлек, өз мойнына қосымша міндеттерді алады. Осылайша жалға алушы ауылдық әкімдікке түрлі шаралара өткізу үшін материалдық көмек жасауға міндеттеледі. Яғни жерді жалға беруші арендаторды жер учаскісіне мүлдем қатысы жоқ жұмыспен айналысуға мәжбүрлеп отыр», – деді ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Лашын Баймағамбетова.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының қортыныдысы бойынша іс Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің Этика бойынша кеңесіне берілді. Палата сарапшылары кәсіпкерлік субъектілері қайырымдылықпен айналыса алады, алайда міндеттелмейтінін алға тартады.  

 Ал келісім-шартта демеушілік көмек көрсету бойынша қосымша міндет заңсыз жасалған.   Павлодар облысы бойынша Агенттіктің Этика бойынша кеңесі мүшелері аудынның Жер қатынастары бөлім бастығының қызметін төмендетуді ұсынды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер