«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Зяранов кәсіпкері жаңа нарықтарды көздейді

2018 жылғы 12 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
3861 просмотров

«Першин А.В» жеке кәсіпкерлігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант алу байнқауына қатысуға өтінім жасады.

Кәсіпкер 3 млн теңге көлемінде грант алуға ниетті, бұл қаражатқа ол қаптама мен дизайнды өзгертіп, шекілдеуік пен кондитерлік өнімдер цехтарына жаңа жабдық алмақ. Кәсіпорын цехтары 2009 жылы «Золотой рассвет» азық-түлік өнімдерін өндіру кешені базасында ашылған болатын. Онда айына 500 кг шекілдеуік өндіріліп, печеньеден бастап балкүлшеге дейін 50 кг кондитерлік өнім шығады. Жеке кәсіпкерлік өнімі Зырянов ауданы бойынша жақсы сұраныста.

 «Бүгінде тауарды өткізу айтарлықтай емес. Кәсіпорынды ары қарай дамыту үшін әрине жаңа нарықтарға шығу абзал, Зырянов ауданынан басқа ШҚО-ның басқа аймағына тарату керек. Жалпы алғанда Алматы нарығын да көздеп отырмыз. Өнім бәсекеге қабілетті болуы үшін дизайн, тіпті шекілдеуік атауын да өзгерту керек. Бұл жұмысты шешуге шамамен 1 млн теңге жеткілікті. Қалған сомаға цехты жаңартуды жоспарлап отырмыз. Әрине, шамамыз келгенше біз тоңазытқыштар мен миксерлерді алып отырамыз. Ал ауқымдысына қаражат жетпей тұрады. Қаражат пайда болуы үшін көп өндіріп, көп сату керек. Ал өндіру үшін жабдық қажет. Сондықтан осылай кете береді», – деді цех бастығы Варвара Чилимова.

Қазіргі таңда печенье лестерге қолмен құйылады, қамыр да қолмен жайылады. Қатпарлы қамырға арналған қамыр жайғыш машина, печенье құю машинасы керек, осылайша үдеріс тездейді. Автоматтандыру өнім сапасын арттырып көлемін ұлғайтады, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік береді.

Жаңа жабдық Алматы және РФ Новосибирск қаласынан алынбақ.

Жеке кәсіпкерлік Зыряновта өсірілетін күнбағыстан алынған қуырылып қапталған шекілдеуікті шығаратын жалғыз  кәсіпорын. Сонымен қатар аудан бойынша кондитер өнімдерін шығаратын да жалғыс өндіріс.

 Қолға алынбақ жоба сәтті жүзеге асса жеке кәсіпкер Алексей Першін өндіріс үш есе ұлғаяды деген сенімде. Осылайша тағы 5 жаңа жұмыс орны ашылмақ.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер