«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бір әріп мәселе тудырды

2018 жылғы 10 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
3997 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы деректер базасындағы қатені түзеуге көмектесті

«Ливино» өндірістік кооперативтің жетекшісі Е.Репп электрондық Үкімет порталы арқылы өздігінен кооперативің тіркеді, алайда мәселеге тап болды.

 Кейін анықталғандай ауыл шаруашылығы кооператиітері заңына сәйкес кәсіпорынның фирмалық атауында «АШӨК» – Ауыл шаруашылық өндірістік кооператив деген қысқарған сөзі жазылуы керек екен. Яғни өнідірістік кооператив емес, ауыл шаруашылығы кооперативі. Қайта тіркеу үшін кәсіпкер қайтадан құжат топтамасын жинап, Риддер қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жолдауға тура келді.

 Алайда қалалық Әділет басқарамасы мемлекеттік қайта тіркеу мерзімін бұзды. Мемлекеттік құрылымда заңды тұлғалар базасы мен интеграцияланған салықтық-ақпараттық жүйе арасында сәйкессіздік орын алған, сондықтан қайта тіркеу процедурасы осы олқылық реттелген соң ғана жасалатыны жайында хабарлады.

 «Басқарма ШҚО Әділет департаментіне аталған қатені алып тастау туралы өтінім жіберді. Қазіргі таңда «405 – өтінім беруші мекенжайына: Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторы коды мен Интеграцияланған салықтық-ақпараттық жүйе арасында байланыс жоқ», – деп хабарлады басқарма.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасындағы қатені жою үшін ШҚО Әділет басқармасымен жұмыс атқарып, ҚР Әділет министрлігіне хат жолдады. Аталған мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі өңірлік кеңесте де талқыланды. Соның нәтижесінде деректер базасындағы олқылық жойылды.

Осы ретте мұндай жағдайлар қайталанбас үшін ШҚО Кәсіпкерлер палатасы заңды тұлағалардың мемлекеттік деректер базасы бағдарламалық қамтамасыз етуіне қосымша түзетулер енгізуді ұсынып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер