«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысының бизнесі қалай дамып жатыр?

2018 жылғы 09 Сәуір
- Жамбыл облысы
5561 просмотров

ҚР «Атамекен» ҰКП басшылығы еліміздің оңтүстік өңіріндегі кәсіпкерлікті дамыту мәселесін қарайды

Талдаудан өткізсек...

Көп жағдайда, Жамбыл облысындағы бизнес сектордың даму қарқынын табысты деп айтуға болады. Себебі, шағын және орта кәсіпкерліктің өңір экономикасын қосар үлесі жыл санап артып келеді. Бизнес субъектілері мен оларда жұмыс істейтін азаматтардың дақ қатары қалыңдауда. Өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік бюджетке  28,5 млрд теңге салық пен өзге де төлемдер келіп түсті. Бұл облыс бюджетіне түскен барлық көлемнің 35%-ын құрайды.

Алайда, проблемалық сәттер де баршылық. 2018 жылдың 1 наурызымен мен былтырғы жылғы аралықпен салыстырғанда өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59,5 мыңға теңесіп, 0,67%-ға кеміген.  Яғни кейбір сәттер бизнесті дамытуға тосқауыл болуда.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы жағдайды талдай келе бірнеше елеулі проблемалардың астын сызды. Ол проблемаларды шешімі жағдайды оңалтуға сеп болар еді.

Мәселен, бұл – индустриялық аймақтардың әлсін басуы. Өңірде ресми түрде тек бірнеше аймақ жұмыс істейді, олардың басты бас ауруы – жүктемесінің әлсіздігінде. Индустриялық аймақтардағы жұмыс бәсеңдігінің бірден бір себебі инженерлік коммуникациялардың жоқтығында болуы мүмкін. Егер де жергілікті атқарушы органдар толық қамтылған инфрақұрылымды құрған жағдайда, аталған аймақтардағы жұмыс белсенді жүргізілер еді.

Өз тарапынан Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы екі шағын индустриялық аймақ құрып, шағын және орта бизнес субъектілеріне алдағы уақытта жалға беру жағдайын қарастыруда. Олар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Жан» ШҚ  базасында және бұрынғы Мәдениет Үйі мекемесі ғимаратында. Қазірде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылыған жобалардың тізімі жасақталуда. Сондай-ақ, өтінім қабылдаудың басталғандығы туралы БАҚ беттеріне хабарландырулар жіберілді.

Кейбір проблемалар қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты туындауы мүмкін.

Мәселен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласын алайық. Бұл ретте әлеуетті әріптестер үшін екінші деңгейлі құжаттардың көптігі жолдарына бөгет, аяқтарына тұсау. Біліктіліктік іріктеу кезінде қаржылай қызметі туралы аудиторлық есептілікті көрсетуің қажет. Бұл бизнесмендердің үрейін қашырады. Ал, «Аудиторлық қызмет» Заңына сәйкес  есепті тек үлкен акционерлік қоғамдар ғана көрсетіп, ал ЖШС немесе ЖК заңның талаптарына кірмейтіндігі белгілі. Осылайша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыру және жоспарлау Ережесінің нормалары заңға қарама-қайшы келуде.

Байланыс бар

Кәсіпкерлердің өзі, сондай-ақ назарды келесі бір мәселеге айдаруды сұрайды.

Мұндай кем-кетіктер бизнес-сектордың басқаруына сәулет-құрылыс ескеркіштерін беру кезінде орын алып отыр. Ширата түссек, коммуналдық қызмет көрсету жеткізушілерімен өзара байланыстың күрделілігі, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің ақпарат беруден бас тартуы сынды керітартпа іс-әрекеттердің салдарынан.

Ал, фермерлерді суармалы су бағасының қымбаттауы, мал ұрлығы, ауылшаруашылығы кооперативтеріне қосарланған салық салу мәселелері алаңдатады.

Әрине, жоғарыда айтылған проблемалар шешілсе, өңірдің бизнес-секторыны дамуына едәуір сеп болар еді.

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен Өңірлік Кеңес мүшелерінің кездесуінде де осы мәселелер көтерілді.

Дегенмен де, Бизнесмендер Кәсіпкерлер палатасы тарапынан үздіксіз қолдаудың көрсетілуін атап өтті. Бастауыш бизнесмендер «Бастау» жобасы арқылы бизнес негіздеріне тегін оқып, «Атамекен Тараз» МҚҰ арқылы шағыннесиеге қол жеткізу, сонымен қоса, жан-жақты кеңестер, дайын бизнес-жоспарлар мен оларды сүйемелдеу және құқықтық көмектер ала алады.  Сот орындарында сүйемелдеу, даулы жағдайларда сүйемелдеу, талап-арыз жасау және тағы да басқа – барлығы бизнесмендер тегін әрі сапалы түрде тұтына алады.

Ғажайыпқа сене біл

Жеке кәсіпкер Макижан Тұғылшиевтің өтінімі осындай өзара іс-қимылдың өзегіне айналды. Жамбыл облысында мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері  Салық кодексінің ескі редакциясымен бизнесменге 2,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салған. Себеп - қосылған құн салығы бойынша өтінішті есепке қою туралы белгіленген мерзім уақытын бұзған. Алайда, Өңірлік палатаның іс насырына шаппай тұрып мәселеге білек сыбана кірісуінің арқасында миллиондаған айыппұл арқалаған кәсіпкердің қарызы Салық кодексінің жаңа басылымына сәйкес 120 мың теңгеге дейін қысқартылды.

«Кәсіпкерлер палатасына үлкен алғысымды білдіремін. Шыны керек, мен істің оң шешілетінінде күмәнім сенімімнен басым болғанын жасырмаймын. Мұндай үлкен айыппұл менің кәсіпкерлік жұмысымды ауыр халде ұшыратытын еді. Алайда, таңғажайып оқиға болды, мен енді өз ісімді сенімді жалғастырамын!» - дейді Макижан Тұғылшиев.

Осылайша ҚР «Атамекен» ҰКП басшылығының бастамасымен жаңартылған Салық кодексі еліміздің бизнесмендеріне өз пайдасын тигізіп жатыр. Қосылған құн салығы бойынша есепке уақтылы тұрмаған жамбылдық кәсіпкердің орнында ертең кез келген адам тап болуы хақ...

Айта кетейік, өткен жылы өңірлік палатаға 162 өтініш түсіп, оның 59 оң шешімін тапты. Сондай-ақ, 2017 жылы құны 2,5 млрд теңгенің  мүддесі қорғалды. Қалталарында қалған бұл қаражатты бизнесмендер өс істерінің тасын өрге домалуға пайдалануға, яғни жалпы бизнес сектордың дамуына игерулеріне болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер