«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тендер қайтадан өткізілетін болды

2018 жылғы 12 Наурыз
- Шымкент қаласы
6736 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат холдингінің тендерді өткізу кезінде бұзушылықтарын анықтады

«Самұрық-Қазына» ұлттық холдингінің еншілес компаниясы - «Аппақ» ЖШС - 2018 жылдың наурыз айының басында кен орнында жұмысшылардың азық-түлігін ұйымдастыру бойынша ашық тендер өткізген болатын. Конкурстың қорытындысы бойынша Шымкенттік «Қазтамақ сервис» компаниясы жеңімпаз деп танылды.

Алайда байқаушы ретінде тендерлік комиссияның мүшесі болып табылатын ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Бекжан Тайғашов конкурсты өткізу тәртібінде бұзушылықтарды анықтады.

«Конкурстың ұйымдастырушысы тендердің техникалық тапсырмасында 2011 жылдың желтоқсан айындағы үкіметтің қаулысымен бекітілген Ережені қолданды, ал бұл қаулы өз күшін жоғалтқан болатын», - деп атап өтті ол. - Нәтижесінде азық-түлікпен қамтамасыз ету көлемінің төмендеуі байқалды. Яғни, 2016 жылғы жаңа қаулы бойынша, кен қызметкерлеріне азық-түлікпен қамтамасыз етудің үлкен көлемі қарастырылған болатын».

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкері мен «Аппақ» ЖШС-нің жауапты қызметкері арасындағы уақтылы жүргізілген келіссөздер нәтижесінде тендерді тоқтату, конкурстық құжаттаманы теңестіру және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің 91-тармағына сәйкес қайтадан жариялау туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, құрамында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы өкілдері кіретін тендерлік комиссияның мақсаты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өткізетін сатып алулар бойынша тендер өткізудің заңдылығын сақтау болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер