«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын несиені көбейту жолдары

2018 жылғы 09 Наурыз
4521 просмотров

Басты тақырып

Кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа мүмкіндік туып отыр. Биылғы жылы 14 мың адам 62 млрд теңге көлемінде шағын несие алып, бизнес бастай алады. Осы бағытта күні кеше Президент бастама көтерді. Жалпы бүгінде бизнес бастаудың жолдары қандай? Қанша адам кәсіпкерлікпен айналысады? Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев айтып берді.

Кешегі Президенттің «5 әлеуметтік мәселе бастамасында» шағын несие алу туралы айтты, енді осының кәсіпкерлікті дамытуға деген үлесі қандай?

–Бизнеске үш қажетті нәрсе бар. Ең бастысы – өзінің өндірген өнімін сату, адами капитал, несие. Қол жетімді несие. Енді қалалық жерде Елбасының айтқаны несие бұл көбіне көп ауылдық жерге байланысты. Несие қалалық жерде бар, екінші деңгейлі банктер бар. Ал ауылда қаржылық институттар жоқ, шыны керек. «КазАгроның» институттары бар. Соған байланысты айтылған нәрсе, қосымша беріліп жатқан қарызды көбіне көп ауылдық кәсіпкерлікті қолдау үшін жіберілмек. Айта кетейін, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы былтырдан бастап жүзеге асып отыр. Былтырдан бастап ауылға 7%-дық несие келді, оған дейін мұндай жеңілдік болған жоқ. Тағы айта кететін жағдай, біз «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Елбасының қолдауымен осыдан екі жыл бұрын эксперименталды жоба бастағанбыз. 4-5%-бен ауылға несие бере бастадық. Нәтижесі жақсы болды, ауыл адамдары, қайтарымы беріп жатыр. Соған байланысты осы бастама бағдарламаға уласты, тағы айтып кетейін, былтырдан бастап несие 7%-бен беріле  бастады, оған дейін болған емес. Сондықтан ауылды өсіріп көркейту үшін, жалпы бизнесті дамыту үшін ауылға несиенің қажеті өте маңызды.

–Өткен жылы 32 млрд теңге көлеімнде шағын несие берілген. Несие алғандардың басым бөлігі кімдер және олар кәсіптерін әлі күнге дейін жалғастырып жатыр ма?

–Мұндай сараптама бар. Несиені ауылдық жерге көп берген «КазАгро» холдингі. 32 млрд бағдарлама аясында берілген. Оныі ішінде «Бастау Бизнес» жобасы да бар. «Бастаудан» тыс та несиелерді адамдар алды. Белгілі бір индекативтер бар, қандай адамдарға алуға болады, болмайды деген. Мемлекеттің берген бағдарламасы бойынша оқып шығау керек, оқудың да түрлері бар, басқа да оқу түрлері бар. Оқып шығып, бизнес-жоспарды қорғап шығып, қаржы институттарына келіп қаржы алып жатыр. Енді бірталай адам қаржы алды.

Бұл бағытта да қоятын ұсыныстарым болды, себебі, қазіргі ауылға жетіспейтін нәрсе,  маркетингтік зерттеулер жасалмаған. Қай ауданда қазір маркетингтік зерттеулер бар? Осыған байланысты біз қазір Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп, жұмыс істеп жатырмыз. Әр ауданның картасын жасамақпыз. Ол жерде қандай бизнес түрін дамытқан дұрыс? Осындай сұраққа жауап беру керек қой, солай емес пе? Біз «Бастаумен» де әр адам қолына қару беріп отырмыз оқу ұсынып отырмыз бір айлық. Олар ертең оқу бітірген соң несие алмақ. Егер оның бизнесі ертең шықпайтын болса, ертең ол ақшаның сұрауы бар ғой солай емес пе? Олар айтады ғой ертең келіп: «Мені оқыттыңдар, осы бағытқа жетеледіңдер. Бизнесім жүрмей қалды» деп. Осылай айтуға құқығы бар. Сондықтан зерттеу жұмыстарын күшейту керек. Әрбір ауданның өз ерекшелігі бар. Мысалй біз Қатон-Қарағай ауданын зерттеп қарадық, мысал ретінде. Қатон-Қарағай ауданы өзі тұтынатын сүттен 7 есе көп сүт өндіреді екен, өзі тұтынатын еттен 3 есе көп ет шығарады екен. Қасында Зырьянов деген аудан бар. Барлығы өздері өндірген өнімдерін Зырьяновке келіп сатады екен. Өндірген өнімді сату керек қой ең бастысы. Сол тізбекті жасап, «Бастау Бизнес» жобасы аясында үйретіп жатырмыз. «нан шығарасың. Біз сені оқытамыз, жобаңды қорғайсың, несие аласың». Алған өніміңді келесі ауданға, немесе басқа ауданға сатуға мүмкіндік жасау керек. Оқып шыққан адам өнімді қайда сатам деп бас қытармауы керек. Ауылдық адамдарға біз дайын өтетін тауарларымызға өнім өндіріп, оын сатуға мүмкіндік жасауымыз керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

–Кеше Мемлекет басшысының өзі де айтты, бұл ауылдық жердегі халыққа өте маңызды деп. Ал қала тұрғындары ше, олар шағын несие алса, олар немен айланысады?

–Енді қалада да жол картасы бағдараламсы бар. Онымен де екінші деңгейлі банктер несиені азайтып беріп жатыр. Ондай мүмкіндіктер бар. Қаладағы халықтың мүмкіндіктері көп, себебі ауыл шаурашылығы ғана емес, сервистік салада да бизнес ашуға болады. Осыған байланысты мемлекеттік бағдарламалардың қазір динамикасын қарайтын болсақ, жақсы үдеріс бар. Бірақ дегенмен де, қалаға да тән нәрселер жоқ емес, себебі біз айтып жатырмыз қазір, жалпы қарасақ, тіркелген және жабылған бизнесті қарасақ, жабылу үдерісі де жоқ емес. Оның себебін анықтайтын болсақ, мысалы, адам кәсіпорын ашатын болсам, оның маркетингі бар. Мен өндірген тауарды қайда сатам, алған несиемді қайтара алам ба, қайтара алмаймын ба? Адамдар көбіне көп терең зерттемейді. Соған байланысты «Бастау Бизнес» жобасы арқылы бизнес негіздерін оқу бағдарамасын енгіздік қой. Неге жасадыңыздар деп сұрақ қойсаңыз, біздің жауап: Мысалы бизнесін жапқан адам қазір біліктілігі жеткіліксіз. Егер өз бизнесінің тұрақты екенін зерттеген болса, жабылмас еді. Сондықтан осындай мәселелер де жоқ емес. Жалпы айтып кетйін қазіргі бет бұрыс дұрыс. Бұрынғыдай емес, қазіргі кезде қаланың өзінде шағын бизнестің деңгейі жақсы.

–Кеше Мемлекет басышысы «5 әлеуметтік бастамада» «Бастау Бизнес» бойынша 5 мың адам несие ала алмай қалдв деп айтты. Оның себебі неде?

–Аталмыш бағдарламабойынша 15 мың адамды былтыр оқыттық. Бүкіл Қазақстан 80 аудан бар, 15 мың адамды оқыттық. Оның ішінде 8300 адам бизнес жобаларын қорғады. Бір ай оқу, 6 лек, 8300 адам қорғады жобаларын, бірақ несие алған 3300 адам. Арасында 5 мың адам қалып қойып тұр. Елбасының айтып тұрғаны осы 5 мың адам. Мемлекет бағдарлама жасады, бір ай оқытты, оған қаржы жұмсалды, ол адамдардың шәкіртақысы бар. Жақсы деңгейде бизнес жобаларын қорғады. Облыстық комиссия бар,  бітіргеннен кейін адамдар сұрақ қойып жатыр: «Ал жақсы оқып шықтық, менің бизнесмен болғым келеді. Керемет бір көп өнім өндірмесем де, бірақ өзімді, отбасымды асырай алатындай, жан-жағымдағы адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндігім бар еді» деген сияқты заңды сұрақтарды қояды. Бізде өз тарапымыздан қаржы институттарына айттық, қаржы жетіспеуі жайында. Осы мәселеміз Елбасына дейін жетіп, «5 әлеуеметтік  мәселе» бағытына кірді, біз ойлаймыз, бұл ауылдың жағдайын көтеруге негіз болады. Енді қараңыз, биыл 160 ауданды қамтып, 30 мың адамды оқытуымыз керек. Соған байланысты біз айттық былтырғы кемшіліктердің барлығын жойып, биыл жақсы нәтиже көрсетейік. Оғына адамдарымыздың бәріне қолына несие берейік. Осы мақсатқа жетуге Елбасы мүмкіндік жасады, менің ойымша мұны естіген халық, былтыр оқыған адамдар несие алмаған олардың да мүмкіндігі бар қаржыға қол жеткізуге. Біз оларды қалдырмайуымыз керек. Барлығына осы қаражат негізінде биыл көмекстесуге мүмкіндік қараймыз.

–Сіз айтқан 3 мыңнан аса адам несие алды, олар несие алып, бизнес бастағаннан кейін сіздердің қарауыңызда бола ма?

– Басқа бағдарламалардан гөрі біздің бағдарлама ерекшелігі: кәсіпкер 1 ай оқу оқиды, біз қасында жүреміз, сосын аяққа тұрып кеткенше 1 жыл бойы сүйемелдейміз. «Атамекеннің» әр ауданда өзінің өкілі бар. Сол адамдар несие алған әр адаммен байланыста, жағдайы қандай екенін біліп отыр. Несие алмағандарға биыл көмектесуге дайынбыз. Жақында Оңтүстікке ісспармен барып келдік. Несие алғандарға кіріп, әрқайсысынан, не керек тағы қосымша, кәсіп қалай жүріп жатыр деп сұрадық. Себебі, шыны керек, адамдарға әр деңгейде көмек керек. Ол әкімшілікке баруы мүмкін, онда тіл табыса алмауы мүмкін. Мысалы оған бизнесі үлкейген сайын жер керек болады. Жер мәселесі бар, басқа да әкімшілік кедергілер бар. Осындай жұмыстарды алып жүру үшін «Атамекен» кәсіпкер қасында болады. Осы жұмыс өз тиімділігін көсретіп жатыр. Біздің пилот 2017 жылы басталды. Бір жыл өтті, енді келесі жылы осы жұмыстың жемісін көреміз ба деген ойдамын.

–Мысалы мен оқу оқып, несие алып, бірден бизнесмен бола алам ба, әлде белгілі бір талаптар бар ма? Сатылар бар ма?

–Бағдарламаның ерекшелігі неде, бағдарламаға келер алдында арнайы тестілеу жүргізіледі. Ол тест сіздің бойыңыздағы кәсәпкерлік машықтарыңызды сынайды. Өйткен іәр адам кәсіпкер бола алмайды ғой, қабілеті болмаса. Сол тестті өткен адамдар ғана бағдарламаның келесі сатысына өтеді. Себебі, оқудың ар жағында несие бар, ал ол несиені қайтару керек. Ол тестте алған несиесін кері беруге ынтасы бар ма, жоқ па? Оны да осы тест көрсетеді. Енді кәсіпкерлік дегеніміз бірінші кезекте жауапкершілік. Соныдқатн жауапкершіліктері мол адамдарды іріктеп аламыз. Бірінші жылы менің таң қалғаным, адамдардың жалпы бизнеске деген құлшынысы жақсы. Мен ойлам, көптен бері ойлаған олар. Неге 15 мың ішінен 8 мың адам жобасын қорғап шықты? 15 мың адам да жобаларын жазды, бірақ комиссияға барып сүрінгендері бар. Әр адамның ойында жүрген ойы, жоспары бар екен. Осындай мүмкіндіктерді біз бағдарлама арқылы бердік. Озуы да бар, несиесі де бар, бір жыл бойы сүйемелдеуі де бар. Несие алатын адамдар да әр түрлі. Мәселен, Маңғыстауда 70-ке келген апай бар. Оқып шықты, несие алды. Ол кісінің компьютерден хабары жоқ, қағазға жазды бәрін. Біз қолынан қаққан жоқпыз, мүмкіндігінше қолдадық. Ол кісі ауласынан наубайхана ашты. Бес келіні бар екен, бес келініне қазір жалақы беріп отыр. Қатон-Қарағай ауданында Айгүл деген қарындасымыз бар. Ол он сиыр алып, күнделікті 135 литр сүт сауып, 8 мыңға сатады. Ай сайын 300 мың теңге табысы бар. Біз Айгүлге сиырдың сүтін өңде деп айтып жатырмыз. Ірімшік жаса деп айтып жатырмыз. Ірімшіктің бағасы жоғары. Ірімшік жасайтын құрылғыны орнататын болса, оның ай сайынғы ьабысы 350 мың теңгеге дейін өседі. Біз осындай көмек көрсетіп жатырмыз. Ақмола облысында қарындасымыз тігін цехын ашып, автомобиль салонына арналған қаптар тігіп, 10 адамға жұмыс беріп отыр. Осындай 3300 адам бар, несие алған.

–Олар жоспар құрады, сіздер жолдарын көрсетесіздер?

–Иа, мүмкіндік жасаймыз. Бірақ, мен айтқан аудандарға маркетингтік талдау өте қажет. Біз мұны Үкімтке де айтуға тырысамыз. Пилоттық жоба негізінде 4-5 ауданды қарау керек. Осыған маркетинг жасауға біз тағы қаржы сұрап отырмыз. Маған оқуға келген адамға мен айтуым керек: «Жобаның мүкіндігі мынандай, бізге сеніп бизнес ашатын болсаң, онда сүрінбей өтуіне мүмкіндік бар». Ал қазір біз қалай, бизнес тренер өзі аяқпен жүріп маркетинг жасайды. Не бар не жоқ екенін сараптайды. Бұл жауапкершіліктің мәселесі.

–2015 жылы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты мектеп бағдарламасына арналған пән енгізуді ұсындыңыздар. Ол 2019 жылы ену керек бағдарламаға, дайындық қалай жүріп жатыр?

–2018 жылы енгізу тиіс еді. Бізге байланысты мәселе емес бұл. 2019 жылға көшті, себебі ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқа да бағдарламалар бар, соған байланысты уақыт жетпей жатыр. Бірақ, біз қазір дайынбыз. Оның ерекшеліктерін айтып өттік. Оқулық бес жылға тапсырылған кітап емес. Қазір интерактивті түрде портал жасадық, оған бүкіл Қазақстанынң 10-11 сынып оқушылары кіреді. 60 сабақ болады. Әр сабақты Қазақстанда белгілі кәсіпкер жүргізетін болады. Мысалы, сіз журналистсіз. Сізге журналистікке байланысты сұрақ қоюға болады. Сол сияқты сабақты кәсіпкер берсе, оған сенім мол ғой, солай емес пе? Белгілі кәсіпкерлердің фамилиялары бар, әр кәсіпкер өз тақырыбын біледі. Екінші ұтымды жері«Геймфикация» дейді ғой сабақ ойын түрінде өтеді. Балалрды ойын түрінде оқытамыз. Қолына ақша береміз, олай ақшаны жұмсаймың, банкке бересің деп. Яғни сабақтың териясы аздау, практикасы көбірек болады. Қатып қалған оқу бағдарламасы жоқ. Әр кәсіпкер өзінің айтқан, бір ай бұрын айтқан тақырыбы ескіріп кететін болса, оны жаңартып, оны жаңалауға мүмкіндігі бар.

-Әңгімеңізге рахмет

 

 

«Qazaqstan» телеарнасы

Басты тақырып: Шағын несиені көбейту жолдары http://kaztrk.kz/video/06032018-basty-taqyryp-shagyn-nesie-berudi-kobeitu-tolyq-nusqa-29451


Еншілес ұйымдар

Серіктестер