«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартылған

2018 жылғы 19 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
4059 просмотров

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің араласуымен бизнесменнің мәселесі шешілді. Мамандар кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тартудың мәселесін шешіп, жүктің қайтарылуына көмектесті.

Қаңтар айының соңғы күні жүк тасымалдаумен айналысатын «Белэкс Уральск KZ» ЖШС орын алған жағдайда көмек сұрап хабарласқан. Мән-жайды анықтағанда кооперацияда «Белэкс и K» ҚЖҚ компаниясымен Белгиядан Қазақстанға дипломатиялық жүк тасумен айналысқаны белгілі болды. Беларусь Республикасының аумағында қолданыстағы заңнама аясында беларустық жүктартқыш қазақстандыққа ауыстырылып, жөнелтпе құжатқа қажетті мәліметтер енгізіліп, кеден органының рұқсаты алынған.

Алайда, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің мамандары атап өткендей, Қостанай облысының аумағында көлік бақылау инспекциясы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 573-бабы 7-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлік құралын ұстап, ақылы автотұраққа қойған.

Кәсіпкердің айтуынша, инспекция әкімшілік заңнаманың нормасын дұрыс қолданбаған.

«Өтініш берушінің дәлелін тексеруде жүк негізсіз ұсталғанын анықтадық, себебі сапар жолы халықаралық көлік жолқұжатына енгізілді және кеден органдарымен келісілген. Біз жедел түрде Қостанай көлік прокуратурасына тиісті хат жолдап, заңнаманың бұзылғанына қатысты өз ұстанымдарымызды көрсеттік», – деп хабарлады құқықтық бөлімнің сарапшысы Светлана Хисметденова.

Жақын күндері Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына әкімшілік іс жүргізу тоқтатылып, көлік өз иесіне қайтарылғаны туралы жауап келді.

Инспекцияның заңсыз әрекетінің нәтижесінде дипломатиялық жүк тиелген көлік 7 күн бойы негізсіз ұсталған. Қазіргі таңда инспекцияның лауазымдық тұлғасын тәртіптік жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер