«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысындағы шенеуніктерге не себепті сөгіс берілді?

2018 жылғы 24 Қаңтар
- Жетісу облысы
3844 просмотров

Алматы облысының шенеуніктері кәсіпкерге жердің қолдану мақсатын өзгертуден бас тартқандары үшін сөгіс алды. Тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсету бұзылғаны анықталған

Бұған дейін 2017 жылың қыркүйек айында кәсіпкер Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігіне жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш берген. Алайда жергілікті атқарушы орган Жер кодексінің 97-бабы 3-тармағына сілтеме жасай отырып, нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартқан.

Кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінген соң Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жер қатынастары бөлімінің қызметін тексеру туралы хат жолданды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті хабарлағандай, тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту дерегі бекітілмеген, бірақ бөлім қызметкерлері мен Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігі аппаратаның қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету процедурасында олқылықтар жібергені белгілі болды.

«Мемлекеттік қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес, қызметті облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауыл мен ауылдық округ әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметте бөлім «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім шығару» мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесінде бұзушылық дерегі анықталды. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет көрсетушінің, яғни жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Аталған деректер аппараттың және мемлекеттік қызмет көрсету процедурасы бөлімінің жұмыс тәртібінің бұзылуын көрсетеді» деп жауап берілген хатта.

Жоғарыда аталған бұзушылық бойынша былтыр 7 қарашада Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен жіберілген қателік үшін жер қатынастары бөлімінің басшысы мен әкім аппаратының бас маманына сөгіс берілді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер