«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» араласқаннан кейін кәсіпкерге тауардың ақшасы қайтарылды

2018 жылғы 10 Қаңтар
- Павлодар облысы
7565 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалына 2017 жылы бизнесті қорғауға қатысты 21 өтінім түскен

2017 жылдың қараша айында кәсіпкер мен Экібастұз қаласы әкімдігінің «Қалалық су арнасы» МҚМ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолы бөлімі расында зертханалық ыдыс жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасалған.

Жеткізуші тауарды адал жеткізген, оны электронды қабылдау актісі, шот фактуралары мен жөнелтпе құжат арқылы растайды.

Бір қарағанда қалыпты жағдай секілді. Алайда кәсіпкер күтпеген жерден қиындыққа тап болған. нақты айтар болсақ, келісімшарт бойынша есептесу мерзімі өтіп кеткен, алайда төлем сол күйінде түспеді.

«Мен жеке кәсібімді енді бастағанмын. Келісімшарт бойынша тапсырыс берушінің қалауы бойынша талап етілген барлық тауарды жеткіздім. 20 желтоқсанда тауарға төленетін қаражаттың мерзімі өтті, ал тапсырыс берушінің тарапынан ешқандай қозғалыс болмады. Мұнымен қоса, менімен ешкім байланыспады да. Интернеттен менің басымдағы жағдай басқа біреудің де басынан өткенін оқып қалдым. Ол жерде Кәсіпкерлер палатасы көмектесіпті. Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалына мәселені шешіп беретіндікке аса сенбей қоңырау шалдым», - деп баяндады Жанна Досқажанова.

Жағдайды жеткізушінің басқа қалада болғаны күрделендірген. Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары орын алған жағдайдың мән-жайын анықтап, тапсырыс берушімен байланысқа шықты. Палата араласқаннан кейін кәсіпкердің мәселесі оң шешілді.

«Мен өтінімді 21 желтоқсанда жолдадым, көп уақыт өтпестен, желтоқсанның 27-сінде Палатадан хабарласып, шотты тексеруге ұсыныс айтты. Ақша аударылыпты. Жаңа жыл қарсаңында ғажайып оқиғалар болады екен. Енді көмекті қайдан алатынымды білемін», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыты.

Кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласындағы филиалы директоры Медият Мұсанаптың айтуынша 2017 жылы бизнесті қорғауға қатысты 21 өтінім түскен. Оның барлығы да оң шешілді. Кәсіпкерлердің қорғалған құқығының жалпы сомасы 1,5 млн теңге.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер