«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысқа орналастырумен жекеменшік агенттіктер айналысады

2017 жылғы 17 Желтоқсан
8052 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП заңнамалық актілерге Жұмыспен қамту орталықтарының кейбір қызметін жекеменшік агенттіктерге беру туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізу бастамасын көтерді

Ұлттық палата жеке меншіктегі агенттіктерді жұмыспен қамту ісіне араластыру еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтауды қамтамасыз ететіндігіне сенімді. Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының басшысы, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Ермек Әбілдин еңбек нарығын жаңғырту туралы ой бөлісті.

«Жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктерінің қызмет нарығы – Қазақстанда енді қолға алынған сала. Дегенмен еңбек және жұмыспен қамту саласында айтарлықтай тиімді құрал. Біз Қазақстанда жұмыс істейтін агенттіктердің бірігуін ұсынып отырмыз. Бүгінде республика аумағында 50-ден астам жеке меншік агенттіктер, сайттар бар. Алайда тең жартысының жұмысы бәсең», - деп түсіндірді Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы, құқық қорғаушы әрі қоғам қайраткері Ермек Әбілдин.

Қауымдастық төрағасының айтуынша аутсорсингтегі жұмыс мемлекеттік емес құрылымның еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне жетуге мүмкіндік береді. Жеке меншік сектордың ресурсы елді білікті жұмыс күшін шығаратындай етіп өзгерту мақсатында жұмылдырылады. Оның үстіне мемлекеттік бюджеттің шектеулілігі мен аздығы назарға алнады. Еке меншік ұйымдар мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қарағанда анағұрлым икемді. Мұнымен қоса шетелдік жұмыс берушілер жеке меншік фирмалармен жұмыс істегенді жөн санайды.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2017 жылдың қараша айында 440 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Бұл жұмыссыздық деңгейінің 5,0% ғана құрайды. Мысалы, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланған еңбек нарығының негізгі индикаторына сәйкес Алматы мен Астана секілді ірі қалалардағы Жұмыспен қамту орталықтарына биыл қаңтар-маусым айлары аралығында жұмыс мәселесімен 320 мың азамат жүгінген. Ауыл тұрғындарынан – 160 мыңнан астам адам немесе 49%.

«Бізде мемлекеттік ұйым – Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Алайда елімізде жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар өте көп. Бісекелестік бар жерде даму да бар. Шетелдік рекрутинг компаниялары алар болсақ, олар ел ішінде ғана емес, одан шалғайда да қызмет көрсетеді. Бізде қарағандылық маман өзге облыстардағы жұмыспен қамту орталықтарына бірнеше өтінім бере алмайды. Былайша айтқанда жұмыспен қамту орталықтары бір өңірге ғана байланған. Республиканы қамту туралы айтпай-ақ қоялық», - деп түсіндірді Ермек Әбілдин.

Қазіргі таңда қауымдастық Павлодар, Өскемен, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірнеше жеке меншік агенттікті бірлестірді.

Кәсіп меңгерудің пайдасы мол

Жеке меншік агенттіктер оқыту қызметі, көрсетіп, тапсырыс беруші үшін қызмет көрсетілетін сервистік сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

«Жеке меншік агенттіктер кластерлік қызмет көрсетуі керек, яғни олар оқыту курсын өткізіп, оқу орталықтарының да қызметін атқарады. Себебі жұмыссыз қалған азаматтарды қайта оқыту керек. Мұның барлығы да нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады», - деп түсіндірді құқық қорғаушы.

Мұнымен қоса қауымдастық жоғары және орта білім беретін ұйымдармен де тығыз байланыс орнатпақ. Бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырып, бәсекеге қабілетті жаттықытырушылар базасын құруға ниетті.

Еңбек нарығы жыл сайын жаңарып келеді, әлемдік озық үлгіні отандық еңбек нарығына енгізеді.

Анықтама ретінде:

Жұмыссыздықпен күресуде жаңа міндетті орындау үшін мемлекеттік құрылыммен қатар жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктері де жұмысқа орналастыру құқығына ие болды. Заңнамалық бекіту 1949 жылы тәжірибеге енді, 18 мемлекет конвенция қабылдады.

Конвенция мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі мен жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктері арасында еңбек нарығында тиімді қызмет атқаруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Алайда делдалдар арасында заң ережесін бұзу секілді жайтар орын алады. Еңбек мигранттарының көбеюінен орын алатын жағдайлар да кездеседі. Арадағы делдалдар жоқ жұмыс орнын ақшаға ұсынуы, жұмыс туралы нақты ақпарат бермеу, еңбекақы мөлшерін дұрыс айтпау, қызмет көрсету бағасын арттыру, сапасыз қызмет көрсету, дұрыс емес құжаттарды рәсімдеу секілді заң бұзушылыққа жол береді.

Бұл заң бұзушылықты реттеу оңай емес, көп адам шағымданбайды, алайда заңсыз іс жалғаса береді. Дегенмен мемлекет жеке меншік агенттіктердің жұмысын жөнсіз қадағалап, қиындатуының да қажеті жоқ. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, оңтайлы бақылау тәсілдері бар:

Тіркеу. Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолданылатын ең ұтымды тәсіл. Мемлекеттің жеке меншік агенттіктерге қатынасында басқа кәсіпорындармен салыстырғанда өзше болмайды: құзыретті органдар тарапынан бақылауға алынады.

Кәсіби қоғамдастықтардың өзін-өздері реттеуі. Бұл жеке меншік агенттіктердің қауымдастығы өзінің ішкі тәртібі мен ережесіне қарай бақылауға алады, мүшелердің тәртібі мен құқығын реттеп, міндеті мен мақсатын айқындайды.

Рейтингті бағалау. Ақпараттық базаның үнемі жаңарып тұруын қаратсырады. Мәліметтер базасын қауымдастықтар, мемлекеттік орган және кәсіподақтың арасындағы үш жақты процесс қалыптастырады. Тұрақты бірлескен комитет агенттіктерге бағасын беріп, рейтингтік көрсеткішін анықтайды. Сапалы қызмет рейтингте алдыңғы орынға шығарады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер