«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жетіқарадағы кәсіпкерге әлемдік бренд киімін сатқаны үшін айыппұл салмақ болды

2017 жылғы 05 Желтоқсан
- Қостанай облысы
4462 просмотров

Жеке кәсіп иесіне 40 АЕК пен тауар тәркілеу қаупі туды

Жетіқара ауданының әділет басқармасы Абай Қанатбаевтың спорттық тауарларына тексеру жүргізген. Кәсіп иесі Жетіқара қаласындағы сауда орталықтардың бірінде әлемдік брендің өнімін сатумен айналысады.

Атқарушы органның тексеру жүргізуіне «adidas AG» компаниясының Қазақстандағы «АДИДАС» ЖШС үлестес үш өкілінің атынан түскен өтінім себеп болған.

Тексеру барысында кәсіпкерді контрафактілі өнімді сақтағаны және таратқаны үшін кінәлаған. Себебі оның қолында «adidas AG» иесінен тауарлық белгілі беру құқығын растайтын келесімшарт болмаған.

Бизнесменнен 160 000 теңге сомасында спорт тауарларын алынып, әкімшілік іс қозғалған. Сот кінәлі деп тапса, кәсіпкер тауар белгісінің құқық иесіне 1000 АЕК көлемінде шығын өтейтін еді.

Сотта бизнесменнің мүддесін өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жетіқара қалалық филиалындағы заңгерлер қорғады.

Мән-жайды анықтау барысында «Қанатбаев» ЖК «adidas AG» компаниясының белгісі бар спорттық киімдерді «Кубок» ЖШС-нан сатып алғаны анықталған. Ал бұл серіктестік – «АДИДАС» ЖШС серіктесі әрі ірі көтерме тұтынушысы. Нәтижесінде сот «Қанатбаев» ЖК ешқандай құқық бұзбағанын растады. Бизнесменнің тауарлары қайтарылып, салынған айыппұл сомасы жойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер