«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысында өсімдік өсіру мамандарының қызметін реттеуді күшейтуге қарсы шықты

2017 жылғы 28 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
6462 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өсімдік шаруашылығымен айналысушылардың қызметін реттеуді қатаңдатуға қарсы шығып, облыс әкімдігі қаулысының жобасына түзетулер енгізді

Кәсіпкерлер палатасы «Сақтандырушы, сақтанушы, агенттік пен қоғамға бақылау функцияларын жүзеге асыруға қатысты өзара сақтандыру ақпараты мен құжаттарын берудің қалыбы мен мерзімін бекіту туралы» жобасында өсімдік шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге зиын келтіретін тармағымен келіспеді. Жергілікті биліктің Кәсіпкерлер палатасына келісуге берген құжатына өсімдік өсіруші маман ай сайын ауыл шаруашылығы басқармасына міндетті сақтандыру келісім шартын жасағаны туралы есеп беруі керектігі көрсетілген.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы аталған ақпараттың тиімділігі мен негізділігіне күмәнмен қарады.

«Сақтандырушы-кәсіпкер үшін жоба ай сайынғы мерзімде есеп берудің жаңа үлгісін бекітеді, яғни өсімдік өсіру саласындағы кәсіпкерлердің қызметін реттеу күшейеді. Мұндай өзгерту не себепті енгізілгені түсініксіз. Егер өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыру егін жұмыстары аяқталғаннан кейін жылына екі рет жасалатынын ескерсек, кәсіпкер көктем мен күзде егіс сеуіп, өзігінің егінін табиғаттың төтенше жағдайынан сақтандырады», – деп түсіндірді Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкелер палатасының мамандары.

Нәтижесінде осы жобаны дайындаған органмен бірлесіп аталған тармақ қайта реттелді. Өзгертілген нұсқада міндетті сақтандыру келісімшартын жасау туралы ақпараты көктемгі-күзгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін және міндетті сақтандыру туралы тиісті келісімшарт жасаған соң 30 күн ішінде берілуі керек.

Кәсіпкерлер палатасында өзгертілген жоба тиісті орындарға келісімге беріліп, қарауда жатқанын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер