«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2018 жылдан бастап 10 сыныптар жаңа бағдарламамен білім алады

2017 жылғы 09 Қараша
2315 просмотров

Жобаны жүзеге асыру үшін 200-ден астам тәжірибелі сарапшылар шақырылады

Қазақстан мен Ресейдің XIV өңіраралық ынтымақтастық форумында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаев мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа пән туралы баяндады.

Ұлттық палата өкілі адами капиталды дамытудың бір тетігі «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін мектеп бағдарламасына енгізу және оқушыларды баулу екенін атап өтті.

«2015 жылдан бастап мектеп бағдарламасына кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын жаңа пән қажет екенін көтердік. 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бастамамызды қолады», - деді Олжас Ордабаев.

Таңдау пәні жылына 68 сағат оқытылады. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап 10 сынып оқушылары жаңа оқу бағдарламасы бойынша білім алады. Болжам бойынша 120 мың оқушы қамтылады.

«Бағдарламаны дайындай отырып, барлық оқушыдан кәсіпкер не бизнесмен жасау мақсатын қойған жоқпыз. Біздің мақсатымыз – оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, оларға қиындықтар мен туындаған мәселелерді мүмкіндік ретінде қабылдап, игерген машығын өзі таңдаған саланың қызметінде күнделікті пайдалануға үйрету», ­- деді спикер.

Жаңа пәнді дайындау барысында кәсіпкерлікті оқытатын халықаралық бағдарламалардың тәжірибесі  зерттелді. Нәтижесінде геймификация қағидасы мен бизнес кейстерді зерттеуге (Project based learning) негізделген интерактивті жоба пайда болды. Оқу бағдарламасының 40% - теория, 15% - кейстер, 45% - ойын түріндегі практикалық тапсырмалар.

«Геймификацияға назар аударған себебіміз, кәсіпкерлік – тарих, математика пәндері емес, бұл – бұл әрекет, тәжірибе арқылы ғана түсініп, үйрене алады. Біз онлайн және оффлайн ойын түрлерін қолдандық. Жобаның жемісті болуы үшін портал дайындалу үстінде. Ойынның басым бөлігі дәл сол порталға салынады», - деп түсіндірді Адами капитал департаментінің директоры Олжас Ордабаев.

Канва қағидасы бойынша бизнес-жоспар дайындау процесі барынша жеңілдетілді. Портал оқушылар, сынып, мектеп пен өңір арасында жарысуға мүмкіндік береді. Осылайша бәсекелесе отырып, үздік атануға мүмкіндік мол.

Олжас Ордабаев сонымен қатар пәннің құрылысы, оқытылу әдісін де түсіндіріп өтті. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні әр тоқсан сайын жаңа деңгейге көтеріп отырады. Алғашқы тоқсанда қажетті терминология таныстырып, кәсіпкерліктің мәні түсіндіріліп, кәсіпкерліктің стартаппен байланысы секілді салалар қамтылса, ІІ тоқсанда компания менеджменті, кәсіпкерлікті құрастыру, теория мен тәжірибені ойын арқылы ұштастыру қарастырылған. Ал ІІІ тоқсанда компанияның экономикалық қызметі, өткізу нарығы мен бәсекелестік стратегиялардың жүзеге асыру салалары игеріледі, IV тоқсанда оқушылар маркетингті оқып, отандық тауар өндірушілер негізінде тауары өткізу тәсілдерін оқиды. Білім алушылар топтаса отырып, нақты өндірушіні, білгілі бір өнімді таңдап, сол арқылы кәсіпкерлік қызметті таниды.

«11 сыныпта бизнесті модельдеумен танысады, сондай-ақ өз стартап жобасын игеруде ең қажетті деген әлеуметтік икем қалыптасады. Кәсіпкерлік туралы білім жинақталып, үй тапсырмасынан кейін жазғы демалыста бизнес акселераторы қағидасымен өзінің жеке бизнес идеясын таныстырады. Үшінші тоқсанда болашақ студент жеке қаржылық сауаттылығын шыңдайды, қаржысын басқару, өзін өзі жарнамалау, түйіндемесін жасау мен кәсіби байланыс орнату секілді бағыттарды игереді», - деп тарқатты Департамент директоры.

Екінші жылдың соңында, яғни 11 сыныптың 4 тоқсанында KASE нақты мәліметтері мен демо-есептерді қолдана отырып ойын арқылы инвестициялауды үйренеді. Бұл бағыт сараптау, жағдайды бақылау, экономикалық көрсеткіштер арқылы талдау жасауды үйретеді. Кәсіпкердің стратегиялық ойлауы қалыптасады.

Олжас Ордабаевтың айтуынша, аталған пәнді оқыту үшін 2500 мұғалімнің біліктілігін арттырып, арнайы оқыту керек. Ал біліктілікті арттыру курсын дайындауды да Ұлттық палата өз мойнына алады. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру үшін 200-ден астам тәжірибелі сарапшылар, атап айтқанда кәсіпкерлер, маркетолог, заңгер секілді салалаық мамандар шақырылады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер