«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жамбыл облысында қант қызылшасын жаппай жинау науқаны аяқталды

2017 жылғы 01 Қараша
3097 просмотров

Биыл өңірдің  Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Қордай, Шу, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарында жалпы көлемі 9 жарым мың гектар жерге қант қызылшасы егілген болатын

 Өткен жылы 5,6 мың га жерден 104 мың тоннадан астам қант қызылшасы жиналған. Сонымен қатар, биыл мемлекетте зиянкестерді алдын алу және топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында пестицидтердің яғни ең төменгі нарықтық бағаны құрайтын тыңайтқыштар түрлерінің 50 пайызы субсидияланады. Қант қызылшасын  жинау науқаны қазан айында толық аяқталады деп күтілуде. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Күлкеев айтты.

Ағымдағы жылдың көктем айында егілген 9500 гектар жердің 9000 гектары ғана өнім берді. «Орталық-Азиялық қант корпорациясы» ЖШС Меркі аудандық филиалы өнімдерді қабылдау науқанын 2 қазан айынан бастап кетті. Ал Тараз қалалық филиалы ауылшаруашылығы тауарөндірушілер үшін есігін бүгін-ертең ашады деп күтілуде. Әзірше шаруалар тәтті түбірдің келісіне 8 теңгеден алуда. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімдеріне тиісті құжаттарды өткізген кейін, шаруаларға мемлекет тарапынан тиесілі  келісіне 10 теңгелік субсидия берілетін болады.

«Өткен жылы гектарына берілген субсидия көлемі 150 мың теңгені құрады. Ал биыл мемлекеттің көмегі егін науқанына тікелей байланысты. Қант қызылшасын егу және жинау процессі жыл санап өзгеруде. Бұл - көптеген адамның білек сыбана кірісіп, қыруар еңбек пен қара жұмысты қажет ететін кәсіп.  Қазіргі кезде шаруалар еңбек механизациясы бойынша жұмыс істеуде. Өңірде кейбір қожалықтарда адам еңбегі минумуммен теңеледі. Бүгінде 17 қызылша жинайтын комбайн мен тіркемелі тетіктер сатып алынған болатын. Мемлекеттің әмиянынан алынған бұл техникалардың басымы, жетеуі Меркі ауданына берілген. Қант қызылшасы егілген ең ауқымды жер көлемі де осы аудан. Барлығы – 2300 гектар. Сол себепті техника жағынан толық жабдықталуы да орынды. Дегенмен де, техника тапшылығы өңірде әлі де сезіледі» – дейді Ерлан Кулкеев.

 

Қант қызылшасын өндірушілер үшін біліктіліктерін арттыру, егін егу мен суарудың тың әдістерін қолдану, тәжірибе алмасу мәселелері маңызды. Осы ретте «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының өткізетін семинарлары – шаруалар мен фермерлермен тікелей байланыс алаңы болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешен сарапшылары шаруаларға дәріс оқып, бизнесті табысты етудің жолдарын бағыттап, кәсіби біліктіліктерін арттыруға сеп болады. Өткен жылы «Қант қызылшасы» тақырыбында облыстың шаруа қожалықтары тарапынан 127 адамның қатысуымен 8 семинар өткізілген болатын. Ал, биыл дәл осы тақырыпта «Самғау» шаруа қожалығы, «Сыпатай батыр» ЖШС, «Адлер» ШҚ мен «Нұржан шаруа қожалықтары базасында «Озық технологияларды пайдалану – қант қызылшасы өнімін арттырады» тақырыбында семинарлар өткізілді.

Жер ананың мол өнім беруіндегі тағы маңызды фактор – ол минералды тыңайтқыштарды пайдалану. 2017 жылы шілде-тамыз айында кәсіпкерлер палатасы «Еврохим» ЖШС бірге аудан шаруаларына үшін семинар өткізген болатын. Меркі ауданы Сұрат ауылы мен Жамбыл ауданында өткен семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу ауданынан келген 150-ден астам қант қызылшасын өндірушілер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері, ауылшаруашылығы басқармасының мамандары қатысты.

«Еврохим» минералды тыңайтқыштарды шығаруда Еуропа нарығында үздік үштіктің құрамында және әлемдік нарықта 10 мықтының қатарында. Еврохим зауытының Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкада өзінің өткізу жүйесі мен Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде АгроОрталық форматындағы дамыған өткізу жүйелері бар. Агроорталықтардың қойма кешендерінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің түр-түрі қарастырылған.
Ал, Қазақстанда «ЕвроХим» Химиялық кешеннің масштабты инфестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштарды шығаруға бағытталған. Қазіргі таңда нитроаммофосканың түрлі маркілері, аммиакті селитра, карбамид, сульфоаммофос тіркелген және қолданысқа дайын, сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша да қолдануға болады. Тамырдан тыс жемтік үшін «Еврохим-Қаратау» ЖШС Нутрибор және Нутримикстан тұратын, сондай-ақ, суда еритін моноаммонийфосфат, монокалийфосфат, сульфат калия және тағы басқа жоғары микроэлементтерден тұратын өнімдерді ұсынады.      

«Былтыр нитроаммофоска 23:13:8 минералды тыңайтқышы қолданылған Баузақ ауданындағы «Байназаров и К» шаруа қожалығына қант қызылшасын гектарына 80 тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік берді. Сол себепті де бүгінде біз сенімді түрде Еврохим компаниясының тыңайтқыштарын қант қызылшасын өндірушілеріне ұсынуды құптаймыз» - деп мысал келтірді Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Руслан Рахымбаев.

Ал, Владимир Бондаренко меркілік «Трансфер» шаруа қожалығының  басшысы, ағымдағы жылы (бұған дейін қолданыста болған) 20 миллион теңгеге алты қатарлы комбайн сатып алған болатын. Алайда мұндай көлікке субсидия қарастырылған, ал жаңа техниканың да атына заты сай көптің қалтасын көтере бермейді. Теориялық тұрғыда көпқатарлы комбайндар күніне 15-20 гектарда өнім түбірлерін жинауға қауқарлы. Алайда егін жинаудың алғашқы күндері мұндай нәтижені күту екіталай болатын.

  • Тәтті түбірдің кейбіреулерінің салмағы 8-9 келіге  дейін жетіп, ірі өнім бергендіктен техниканың мүмкіндігі толыққанды егінді жинауға жетпей отыр. Осы сынды туындаған бірқатар қиындықтарды жергілікті тұрғындар шешу жолын қарастыруда. - В.Бондаренконың пайымдауынша, комбайн бірнеше жылда өз шығынын ақтап шығу керек.

«Менің шаруалығымда барлық еңбек механикалындарылған. 38 гектар жерге егілген қызылшаның бес гектары тамшылатып суару әдісі қолданылған. Мол өнім берген де осы жер учаскесі, себебі суару мен қоректік заттарды түбірдің түбіне дейін жеткізу жүзеге асырылды. Өрісте сондай-ақ жаңбырлатып суару әдісі енгізіген трактор жұмыс істейді. Ол трактор 100 метр  жерді суаруға қауқары жетеді» - дейді шаруа қожалық жетекшісі.

Қазіргі таңда «Трансфер» тағы екі қожалықпен бірігуде, ауылшаруашылығы өндірістік кооператив та құрылуда. Ортақ жерде бір мезгілде 100 гектарға дейін қызылша егу арқылы жаңа техникаға субсидия алуға да мүмкіндік бар.  

  • Келесі вегетациялық кезеңде өңірге Франциядан қызылша тұқымының «бункер» және «тицилин» сынды жаңа түрлерін әкелу жоспарланып отыр. Олар қоршаған ортаның түрлі қолайсыздық тудыртқан әсерлеріне де төтеп бере алатын, төзімділік танытатын тұқым болып табылады. Алайда, бұл тұқымдар я аналық, я аталық формада болғандықтан, қызылша келесі репродукцияда кезінде тұқым бере алмайды, - деп атап өтті Ерлан Күлкеев.

Ал, Ресейліктір «батыс елінің тұқым шығаратын корпорациялары шаруаларды өз өнімдеріне тәуелді етуде» деп дабыл қағуда. Мысалы, американдықтар өсімдіктердің өз өсінділерінің ДНК-сының деректер модулін жоюда. Егер де фермерлер мұндай тұқымдарды келесі егін науқанына дейін сақтап қалмақ болса, бұл өсімдіктен туған астықтар өспей қалады.

Осы проблеманы шешіп және қызылша өндірушілердә отандық егу материалдарымен толық қамту үшін өңірде «Тараз» гибридті сұрыпты тұқымдарды өндіруді кеңейту жоспарлануда. Мұндай сұрыпты шығару Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында бастау алған. Осылайша фермерлер қажетті мөлшерге дейін бір рет тұқымдарды сатып алып, бірнеше жыл ішінде өзінің жекеменшік тұқым базасын құрып, өндірушілерден тәуелді болмау жолдары қарастырылып жатыр.

Ақбота Батырбекова 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер