«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның көлік-логистикалық орталығы: қандай жұмыс атқарылды?

2017 жылғы 04 Тамыз
19139 просмотров

Қазақстан халықаралық рейтингтегі көлік логистикасының тиімділігі бойынша көрсеткішін жақсартты

Еліміздің жалпы ішкі өнімінің 7,8% көлік-логистикалық кешеніне тиесілі, бұл алдыңғы жылы 7,6% болған, бір жыл ішінде тасымалдаушылардың кірісі 22,5%-ға артқан, себебі олардың үштен бір бөлігінен астамы жүк тасымалын жасаған.

Көлік-логистикалық орталығы экспедиторлық және көлік компанияларына бос орынжайларды береді, жүк көліктері үшін тұрақтар да бар. Жақсы дамыған логистикалық орталықтарда көлік құралдарына техникалық, кеден, брокерлік және т,б, қызмет түрлері көрсетіледі.

Көлік саласында 620 мың адам қызмет етеді. Елімізде 2016 жылы барлық көлік түрлерімен 3,517 млрд тонна жүк тасымалданды, яғни 0,1 %-ға артқан. 2016 жылы коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің көлемін қоса есептегенде, 22 338,1 млн жолаушы тасымалданған, 2015 жылмен салыстырғанда 2%-ға өскен.

Қазақстанда пайдаланылатын темір жол ұзындығы 16 041 мың шақырым, оның ішінде қосжолды желі – 4,2 мың шақырым (26%). 2016 жылы темір жолымен жүк тасымалдау 188,2 млрд  тонно-километр (ткм) болды, 2015 жылғы көрсеткішпен бірдей. Жеткізілген жүк көлемі 244,2 млн.тонна. жолаушылар айналымы 18,4 млрд. жолаушы-километр (жкм) (5,8% – артқан), жеткізілген жолаушылар саны – 23,4 млн адам (4%-ға өскен). Қазақстанда 2016 жылы автокөлік жолының жалпы ұзындығы 176,2 мың км. Оның 96,5 мың км-ден астамын көпшілік пайдаланады, ал республикалық мақсаттағы жол ұзындығы – 23,7 мың км, жергілікті жол ұзындығы – 72,8 мың км.

Ал автокөлікпен 2016 жылы 3,2 млрд тонна жүк тасымалданған, 2015 жылмен салыстырғанда 0,2% ғана өскен. Ал жүк тасымалы 160,8 млрд. ткм, 2015 жылға қарағанда 0,9%-ға артқан. Автокөлікпен жеткізілген жолаушылар саны – 22 309,7 млн адам, 2015 жылға қарағанда 2,3%-ға өскен. Автокөлікпен транзиттік тасымал көлемі 1,5 млн. тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,3%-ға өскен. Ал жолаушылар тасымалының айналымы 235,7 млрд. жкм болған, 6,5%-ға артты. Тұрақты хабарламалары бойынша жүйелі жолаушы тасымалдайтын 137-ден астам халықаралық және 254 облыс аралық маршрут бар.

Елімізде 48 әуекомпаниясы мен әуе кемесін пайдалануы бар, оның ішінде 22-сі коммерциялық әуе тасымалымен айналысады, ал 26-сы әуе кемесін пайдаланады, яғни авиациялық қызметін атқарады, атап айтқанда авиациялы-химиялық, орман бақылауы, мұнай-газ құбырларын тексеру және басқа да қызметтерді жүзеге асырады, сондай-ақ біреуі жалпы мақсаттағы авиациялық пайдаланушы.

Теңіз көлігінде Қазақстанның Каспий теңізінде жағажай транспорты инфрақұрылымында 3 теңіз порты бар: Ақтау, Құрық және Баутино. Ақтау порты экспорт-импорт жүк алмасу мен транзиттің байланысты атқарады. Каспий айлағындағы жүк тасымалындағы үлесі – 25%. Ал Құрық портында 2016 жылдың желтоқсанында паром терминалының алғашқы іске қосу кешені жұмысын бастады. Бүгінде 420 мың тонна жүк өткізілді. Жыл соңына дейін 1 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Баутино порты теңіз мұнай операциясын жүргізуге арналған. Ақтау порты арқылы жүк өткізу көлемі 2016 жылы 5842 мың тонна болған, 2015 жылғы көрсеткішке жетеқабыл (5 896 мың тонна). Отандық теңіз көлігімен 2016 жылы 3082 тонна жүк тасымалданды, 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 7%-ға артық. Өзен көлігі республикадағы көлік жұмысының жалпы көлеміндегі үлесі аз. 2016 жылы ішкі су көлігімен 1 266,6 мың тонна жүк тасымалданды.

2016 жылы көлік саласындағы негізгі жетістіктердің бірі – Қазақстанның көлік логистикасының тиімділігі бойынша халықаралық рейтингтегі (LPI халықаралық банкі) көсреткішін жақсартуы. Қазақстан 88 орыннан 77 орынға дейін көтерілді (2014 жылмен салыстырғанда), бұл көрсеткіш ТМД елдері арасындағы үздік нәтиже.

2016 жылы отандық әуекомпаниялары ЕуроОдақ елдеріне ұшу шектелімі алынып тасталды. 2016 жылы автожолда 75 мың адам еңбек етіп, «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, респуликалық маңызы бар 913 км автожол жөнделіп, 767 шақырым қозғалыс ашылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі бойынша Астана–Теміртау, Алматы–Қапшағай, Қапшағай–Балпық би, Бейнеу-Шетпе мен Көкшетау-Петропавл қозғалысы түгелдей ашылды. Қытай–Қазақстан–еуропа–қытай бағытындағы теміржол арқылы транзиттік контейнер тасымалы 2 есеге өскен, атап айтқанда 2015 жылы жиырма пұттық эквиваленттегі 47 мың тонна контейнер 2016 жылы жиырма пұттық эквиваленттегі 105 мың контейнерге жеткен, 2011 жылғы көрсеткіштен 100 есеге дейін көп.

Бүгінде көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмысы жүргізілуде. Еске салсақ, Қазақстан еуразиялық көлік-логистикалық және іскерлік хабқа айналуды жоспарлап отыр. Мұндай идеяны Мемлекет басшысы Жібек жолын жаңғырту туралы айтқан кезде ұсынған еді.

Еліміздің көлік-логистикалық орталығы сәулет қоймалары, ұшу кеңістіген, сақтау стеллаждарының биіктігіне, температуралық режиміне, қоймалардың көлік мультимодальдік қағидасына сай орналасуына, қауіпсіздікті қатаң сақтауға, өрт қауіпсіздігіне көңіл бөлуге қатаң талап қойып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер