Сатып алулар барысы түбегейлі қаралады
«Атамекен» сатып алуларды жетілдіруде қабылданатын шараларды назарға алды
Биыл 31 қаңтарда Мемлекет басшысы Жолдауда сатып алалуар саласын жетілдіру керектігін атап өтіп, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, табиғи монополиялар мен жер қойнауын пайдалану саласында сатып алуларды өткізудің тәсілдерін түбегейлі қарауға тапсырма берді. Бұл бағытта қандай шаралар қолға алынғаны және қандай мәселелер бойынша жұмыс істеу керектігі туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жүнісовамен сұхбаттасқан едік...
– Аталған мәселеде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі қандай?
– Иә, әрине, біздің кәсіпкерлеріміз үшін сатып алулар саласы маңызды тақырып болып қалады. Мұны «Атамекенге» келіп түсетін өтінімдердің күн санап өсуінен көре аламыз. Өткен жылы бизнесті қорғау бойынша сатып алулар саласындағы мәселелер айтылған 930 өтінім түскен. 2015 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Сондай-ақ Ұлттық палатаның өңірлік деңгейде жасалатын түйткілді мәселелер тізімінде жалпы тендерге қатысудан негізсіз бас тарту мен техникалық сипаттаманы нақты жеткізушіге лайықтап дайындауды көрсететін 24 өзекті мәселе тіркелген.
2016 жылы мемлекеттік секторда, «Самұрық-Қазына» қоры мен жер қойнауын пайдаланушылардың нақты сатып алуларының сомалық көлемі 9,3 трлн теңге болды. Сондықтан «Атамекен» ҚР ҰКП аталған мәселеге ерекше назар аударады. Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда Ұлттық палата ақпан айынан бастап сатып алулар түрлерінің жүйесін жетілдіруге тікелей қатысып келеді. Үкімет алаңында сатып алулар мәселесіне қатысты 10-нан астам жиын өткізілді. Осы 4 ай ішінде Үкіметтің қолдауымен кәсіпкерлерімізге пайда келтіретін айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алғанымызды атап өткен жөн.
– Жұмыс нәтижесі туралы нақты айта отырсаңыз...
– Сатып алулар жүйесін зерттеу отырып, кәсіпкерлерде жиі туындайтын мәселелерді анықтадық әрі оны 4 санатқа бөлдік:
- Тұрақтылық пен ақпарттың жоқтығы;
- Сатып алуларда транспаренттіліктің жоқтығы;
- Тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттін арттыру мәселсі;
- Сатып алулар процесінде бақылаудың әлсіздігі;
Осы аспектілерді ескере отырып, «Атамекен» бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып, Үкіметке мемлекеттік/квазимемлекеттік секторда сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша бірқатар түзетулер дайындап берілді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуларын жетілдіруге қатысты ұсыныстар әзірленді.
– Бұл мәселелерді шешу үшін қандай қадамдар жасалып отыр?
– Жоспарлау. Әрбір өндірістің, жалпы кез келген салада нәтижеліліктің негізгі факторы –тиімді жоспарлау. Мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар жүйесін талдай отырып, ағымдағы жылға сатып алуларды жоспарлау бойынша сатып алулар порталында жариялану керек ақпарат уақытында жарияланбайтынын немесе толықтай берілмейтіндігін анықтадық. Біз 2017 жылдың 1 наурызына сәйкес, 18 мың мемлекеттік мекеменің тек жартысы ғана жоспарды веб-порталға шығарды. Бұл жағдайда әлеуетті жеткізушілерде өз өндірісін жоспарлау мүмкіндігі болмайды. Осыған орай, жаңа әзірленіп жатқан Сатып алулар жүйесін жетілдіру туралы Заң жобасы аясында біз сатып алулар жоспарын уақытында немесе толықтай жарияламаған тапсырыс берушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсындық. Бұл түзетуді ҚР Қаржы министрлігі мақұлдап, заң жобасына енгізді.
Шоғырландыру. Ұлттық палатаның Үкіметте қолдау тапқан маңызды бастамаларының бірі – сатып алуларды шоғырландыру әдісімен өткізу.
Мемлекеттік сатып алуларды шоғырландыру тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін біріктіруді қарастырады, яғни көптеген ұқсас ұсақ сатып алуларды өңірлік қағиданы ескере отырып ірі лоттарға біріктіру. Сатып алуларды шоғырландыру ұйымдастырушы-субъектілерді қысқартуға және ашықтықты арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге өз өндірісін көптеген ұқсас әрі ұсақ тапсырыстың орнына ірі тапсырысқа топтастыру мүмкіндік береді. Бұл, ең алдымен, біздің кәсіпкерлерге тұрақтылық береді. Сондай-ақ, тапсырыстарды үлкейту ұсақ тауар өндірушілерді ынталандырып, өндірісті оңтайландыру мақсатында бірлестіктер, кластерлер құруы мүмкін.
Мұндай тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді біріктіру ҚР Қаржы министрі бекіткен тізімге сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі таңда шоғырландырылған әдіспен сатып алынатын тауар, жұмыс, қызмет көрсету тауардың 7 түрімен (автокөлік құралдары, тікұшақтар, серверлер, шеткері жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету, жиһаз, медициналық техника) шектелген.
Сатып алуларды шоғырландыру кәсіпкерлерді қолдаудың тиісті құралы ретінде қолдануы мүмкін екенін ескеріп, «Атамекен» анағұрлым жиі сатып алынатын тауарларды ішкі нарықтағы мәліметтермен салыстыру талдауына сүйене отырып, Тізімді үлкейтуді ұсынды. Осыған орай, біз пилоттық режимде жиһаз және жеңіл өнеркәсіп тауарларын шоғырландыруды ұсындық. Бүгінде жиһаз өнеркәсібінің тауарлары аталған Тізімге енгізілді, сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алуларды шоғырландыру әдісімен енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Сонымен қатар, бұл жұмыстың басы ғана екенін және тізімді ұлғайтуға қатысты жұмыс жалғасатындығын атап өткім келеді.
– Демпингке қарсы шараларды жетілдіруге қатысты жұмыс туралы айтып өтсеңіз...
– Өкінішке қарай, қабылданған шаралардың барлығы да қалаған нәтижені бермейді. Мысалы, 2015 жылдың соңында «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға демпингке қарсы шаралар туралы бап қосылды. Байқауды жеңуге мақсат қоятын әлеуетті жеткізушілер санаты бар, бірақ жеңіп алғаннан кейін не істеуді білмейді, себебі баға күрт төмендетілген және олар, әрине, дәл осы олардың кемшілігі осында екенін есептемейді де, жоспарламайды да, бұл бап осындай санаттағы әлеуетті жеткізушілер үшін кедергіні алдын ала қарау керек еді.
Алайда, таяу уақытта бұл жаңалық кері әсер берді, себебі құрылыс саласында осындай қызметті көрсететін жекелеген жеткізушілерге техникалық қадағалау мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, негізсіз төменге дейін бағаны түсіру және осылайша ең төмен баға ұсынысымен байқауда ұтуға мүмкіндік берді. Әрине, мұндай баға демпингі көрсетілетін жұмыс пен қызметтің сапасы туралы айтпағанда, құрылыста баға құрылыс пен әрі кеткенде еңбек өнімділігін сапалы ұйымдастыру есебінен ғана 5-8%-ға азайтылуы мүмкін екенін ескергенде адал кәсіпкерлердің қатысуын шектейді.
Осыған байланысты Ұлттық палата Үкіметтің қолдауымен техникалық қадағалау, құрылыс-монтаждау жұмысын жүргізу мен жобалық-сметалық құжат дайындау қызметі үшін экономикалық және технологиялық шартталған демпингтік баға шегін бекіту бөлігінде қолданылатын механизмді жетілдіруге қол жеткізді. Жақын арада «Атамекен» салалық қауымдастықтармен және өкілетті органдармен бірлесіп тиісті шартты шекті анықтауға қатысты жұмысты аяқтайды.
– Сатып алулар жүйесін біріктірудегі жағдай қалай орын алып отыр?
– Қазір төрт жекелеген мәліметтер базасы бар, ол Қаржы министрлігі (www.goszakup.gov.kz), Идустриялар және даму министрлігі (reestr.nadloc.kz), Қор (tender.sk.kz) мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (mitwork.kz) тұр. Сонымен қатар, тауар, жұмыс пен қызмет көрсетуді жіктеу әрқайсында әртүрлі.
Сатып алулар көлемі, сатып алулар номенклатурасы туралы статистикалық ақпарат, сондай-ақ сатып алулар нарығының сұранысын анықтау үшін әлеуетті жеткізушілерге қажетті өзге де мәліметтер жоқ. Осыған орай, Үкімет біздің бірыңғай рұқсат нүкстесін құру арқылы сатып алулар бойынша қолда бар ақпараттық жүйені Ұлттық палатаның ақпараттық жүйесімен онлайн біріктіру туралы ұсынысымызды мақұлдады. Бұл кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасы бойынша ақпарат алуға ғана мүмкіндік беріп қоймай, процесстерде қоғамдық қабылауды айтарлықтай арттырады. Қажетті мәліметтерді нақты уақытта алуға мүмкіндік берілсе, біз сатып алулар көлемін талдап, жоспарларды түзеп, бір қатысушы арқылы сатып алуларды өткізіп, негізділік пен сатып алулардың барлық кезеңіне мониторинг жасай аламыз.
– Мемелекеттік сатып алулар мен Қордың сатып алуларында біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуде қандай біртұтас тәсілдер бар?
– Әлеуетті жеткізушілерді алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу мемлекеттік сатып алуларда да қарастырылғанын атап өтейін. Алайда, көрсетілген алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу жүйесі тәсілдермен ғана емес, негізгі бағытталған мақсаты бойынша да айтарлықтай бөлінеді. Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеудің тұжырымдамалық мақсаты адал жеткізушілерді анықтау екенін ескере отырып, біз кәсіпкердің сатып алулардың түрлі алаңына қатысу үшін іріктеудің балама процедураларын өту қажеттілігін болдырмау мақсатында алдын ала біліктілігі бойынша іріктеуде біртұтас тәсілін енгізуді ұсындық. Аталған ұсынысты ҚР Қаржы министрлігі қолдап, осыған орай бірыңғай тәсілдерді анықтау туралы, Қордың алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу нәтижелерін қабылдау туралы келісімге келді.
– Квазимемлекеттік сектордың сатып алулардағы жауапкершілігі туралы не айтар едіңіз?
– Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндеттерінің бірі – бизнестің мүддесін қорғау. Сондықтан біз үшін сатып алулар саласында кәсіпкерлердің құқығына шек қоймау маңызды. Бүгінде квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларда заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілік қарастырылмаған, сатып аулардың өткізілу ережесін бұзғаны үшін берілетін ең жоғарғы жаза – сөгіс. Сондықтан әзірленіп жатқан Заң жобасында осы салада заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту нормасы енгізілді.
– Квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілері үшін сатып алудың бірыңғай ережесі бар ма?
– Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жалпы табиғаты, яғни ұйымдастырушылық-құқықтық формасы ұқсас болғанына қарамастан, сатып алуларды реттеу тәсілі әртүрлі. Мысалы, мемлекеттік мекемелердің сатып алулары Мемлекеттік сатып алулар туралы заңмен реттелсе, Ұлттық холдингтер мен Ұлттық компаниялар Үкіметтің қаулысына сәйкес жүргізеді, ал Қордың сатып алулары мүлдем басқа, ішкі Ереже бойынша өткізіледі.
Бұл кәсіпкерлер үшін мүлдем тиімсіз. Бірдей тауар, еңбек және қызмет көрсету бойынша сатып алуларға қатысу үшін бизнес үш түрлі реттеу құжатына сүйенуі керек. Мұндай жан-жақтылыққа уақыт көп жұмасалады, тіпті қосымша адам ресурстарын жалдауға тура келеді, бұл қосымша қаржылай шығын екені белгілі. Сондықтан Ұлттық палатаның талабымен бірыңғай тәсілдер мен қағиданы бекіту мақсатында жаңа заңда квазимемлекеттік сектордың барлық субъектісі үшін бірыңғай ереже бекітілмек.
– Квазимемлекеттік сектор, табиғи монополиялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларын электронды форматқа көшіру жұмысы қалай жүргізіліп жатыр?
– Цифрландыру талабында бәсекеге қабілетті болу үшін заманамен бірге даму керектігі аса маңызды. Бұл сатып алулар саласына да қатысты. Сатып алулардың электронды форматта болуы кәсіпкерлер үшін бірқатар артықшылықты береді: бұл ыңғайлы, уақыт үнемдейді әрі барлығы да ашық өтеді.
Өкінішке қарай, бүгінде «СК-Фармация», «ҚазАвтожол», «ҚазАгро», «Зерде» және тағы басқа да көптеген мекемелердің сатып алуы қағаз жүзінде өтеді. Осыған орай, қысқарту әрі сатып алуларда ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында барлығы электронды форматқа көшіріледі. Сондай-ақ, оңтайландыру керек болатын бірқатар жайт та бар.
Бірінші – транспаренттіліктің жоқтығы. Сатып алуларды жетілдіруде тағы бір маңызды фактор – оларды өткізуде транспаренттілікті қамтамасыз ету. Бұл, ең алдымен, сыбайлас жемқорлық туындауының қаупін азайтуға мүмкіндік береді, осылайша сатып алулар процесінің тиімділігін арттырады. Сондықтан Ұлттық палата осыған қтаысты бірқатар маңызды ұсыныстардың қабылдануына қол жеткізді.
Екінші – бақылауды күшейту. Бұған дейін де айтылғандай, кәсіпкерлерді мазалайтын мәселенің бірі – тендерге қатысудан негізсіз бас тарту мен техникалық сипаттамасының лайықталып жасалуы. Біз ашық болмауымен қатар, жалпы процеске лайықты қадағалау жүргізілмеуі осы мәселенің басты себебі деп есептейміз.
«Атамекен» мен «Самұрық-Қазына» бірге жүргізген ауқымды жұмысты атап өткім келеді. Биыл 14 маусым күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы іс-қимыл туралы Келісімге түзетулер енгізуді қарастыратын қосымша келісімге қол қойылды. Бұл қосымша келісім бірнеше бағытты қамтиды.
Үшінші – кодтау. 2013 жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының сатып алулары, ал 2016 жылы барлық сатып алулар электронды форматқа көшірілді. Әрине, электронды сатып алуларды жүргізгенде тауар, жұмыс пен қызмет көрсетуді біріздендіру үшін оларға арнайы код қойылады. Әлемдегі үздік тәжірибені негізге ала отырып, «Самұрық-Қазынадағы» әріптестер 2012 жылы Тауар, жұмыс пен қызмет көрсетудің бірыңғай номанклатуралық анықтамалығын жасады. Аталған жіктеме сатып алуларда тауар, жұмыс пен қызмет көрсетуді іздегенде негізгі құрал болады. Дайындалған код негізіне Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктегіші қабылданды. Осыған дейін бұл жіктемеге сәйкес мемлекеттік органдар мен Қор компанияларының сатып алулар жоспары жасалды.
Тауар, жұмыс пен қызмет көрсетудің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының мәні зор екенін атап өткім келеді. Себебі, жыл сайын 5 трлн теңгеден астам соманы құрайтын мемлекеттік сатып алулар мен Қордың сатып алулары осы анықтамалықты қолдану арқылы жүргізіледі. Алдағы уақытта Тауар, жұмыс пен қызмет көрсетудің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығын жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілеріне енгізу жоспарланған. Сонымен қатар, бірқатар мәселе бар. Олардың қатарында жаңа код жасау әдістемесіндегі олқылық кодтардың қайталануына әкеп соқтырады. Біз бұл мәселені Қордың басшылығымен талқыладық және жіктемені жетілдіруге, кодтарға түгелдеу тексеру жүргізуге, әдістемені қарап, бекітуге шешім қабылдадық. Бұл ауқымды жұмысқа бизнес қатыстырылады.
Төртінші – тауар өндірушілердің бәсекелік қабілетін арттыру. Интеграциялық процесстер мен бәсекелік қабілеттің қатаң болуы талабында отандық тауар өндірушілердің, оның ішінде сатып алулар саласындағы бәсекелік қабілетін арттыруға айтарлықтай назар аудару маңызды деп есептейміз. Қор жүргізіп отырған трансформация аясында Қор компанияларының сатып алу саясатын жетілдіру жұмысы жүргізіліп отырғаны белгілі.
Осы бағытты жүзеге асыруда 2016 жылдың мамыр айында Қор пилоттық режимде жеткізушілердің біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу жүйесін енгізді. Бұл іріктеу алдағы уақытта Қордың барлық сатып алуларында пайланылмақ. Әлеуетті кәсіпкерлер біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткеннен кейін қызметкердің біліктілігі мен әрбір сатып алу кезіндегі еңбек тәжірибесін растау қажеттілігі орын алмайды. Қордың сатып алуына қатысу жеңілдейді.
Айтылған артықшылыққа қарамастан біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу жеткізушілерді шектемейтіндігін атап өткім келеді. Олардың қатарында тауар өндірушілермен қатар тең дәрежеде алып-сатарлар, ипорттаушылар да болуы мүмкін, әдетте, олар ұтысқа бір қадам жақын. Сондықтан, тауар өндірушілердің бәсекелік қабілетін арттыру мақсатында «Атамекеннің» бастамасымен және Үкіметтің қолдауымен бүгінде Индустриалды сертификатты иеленсе, біліктілігі бойынша алдын ала іріктеу жүйесіне әлеуметтік кәсіпкерлердің артықшылықтарын бекіту механизмін әзірлену үстінде.
– Ал техникалық сипаттаманы лайықтап жасаумен күресіп жатыр ма? Бұл мәселе бірнеше рет көтерілді емес пе?..
– Өкінішке қарай, сатып алуды электронды форматқа көшіру белгілі бір жеткізушілердің мүддесін өткізу мәселесін шешпейді.Мемлекеттік ішкі аудит және қаржы мониторингі жөніндегі комитеттің мәліметінше, 2016 жылы мемлекеттік сатып алудың 464 млрд теңгеге бұзушылығы бар 42 мыңнан астам лот анықталған. 2015 жылы 170 млрд теңге сомасын 10 мың процедура ғана анықталған. Осылайша, заң бұзушылықтың 4 еседен де көп болғаны анықталып отыр.
Негізгі тәртіп бұзудың қатарында кәсіпкерлердің байқауға қатысу өтінімдерін негізсіз алып тастау, байқау құжаттарында сатып алу ережелерінде қарастырылмаған қосымша талаптарды бекіту, біліктілігі талабына сәйкес келмейтін жеткізушілерді негізсіз таңдау бар. Мұнымен қоса, бұл тек тәртіп бүзудың анықталған статистикасы екенін түсіну керек. Дегенмен техникалық сипаттаманы лайықтап дайындау жоғарыда аталған мәселелермен тығыз байланысты, онымен заңнамалық тұрғыда күресу оңай емес.
Жедел қабылданатын шара ретінде біз «Самұрық-қазына» қорына салалық тәуелсіз сарапшылар институтын енгізуді ұсындық. Ол сатып алу процесіне (хабарлау, техникалық сипаттама дайындау кезінде) онлайн-режимде қол жеткізу арқылы арнайы жасауға қарсы бақылауды сапалы жүргізеді. Сарапшылардың жұмыс қорытындысы бойынша есептер көпшілікке беріледі. Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз.
– Түйіндей келгенде, сатып алуды Қордың холдингішілік кооперациясы аясында қайта қарау туралы не айтар едіңіз?
– Сатып алуларды өткізудің бір тәсілі – холдингішілік кооперация арасында тауар, еңбек пен қызмет көрсетуді бір қатысушымен өткізу. Өз кезегінде, мұндай сатып алулар туралы ақпарат айтылмайды, сондықтан адал бәсекелікті шектеу мен жабық монополия үшін жағдай жасау мүмкіндігінің қаупі орын алады.
Осыған орай, Ұлттық палата Қормен бірлесіп,Қордың еншілес ұйымдарының негізгі қызмет түрлерін анықтау мен бәсекелік ортада тұрған тауар, еңбек пен қызмет көрсетуді сатып алу мүмкіндігін болдырмауды анықтау бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде холдингішілік кооперациясы аясында сатып алуды жүргізу үшін қолдануға рұқсат етілген Тауар, еңбек пен қызмет көрсету тізімі жасалады.
– Толымды сұхбатыңыз үшін рахмет!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: