«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» Германия азаматын қорғады

2017 жылғы 17 Шілде
4214 просмотров

Шетелдік Александр Лоренц «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғасын білдірді

Көлденең интеграцияланған «Шаңырақ» холдингінің иесі мен тең құрылтайшысы Лександр Лоренц ­– Германия Федеративті Республикасының азаматы. Ол басқаратын холдингке 10 серіктестік, агроөнеркәсіп кешенінің субъектісі кіреді. Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

«Холдинг жеткізушілерден тәуелсіз. Біз өзіміз жем-шөп базасын құрдық. Бізде 40 мың гектер жер бар, бидай, бұршақ дәндерін өңдейміз. Сондай-ақ 6 құс фабрикасы жұмыс істейді. Құс еті мен жұмыртқа шығарамыз. Бізде бизнес жүргізуде ешқандай қиыншылық туындамаған. Мысалы, екі жыл бұрын мараторий жарияланды. Ондан кейін жұмыс істеуге рұқсат берілді, бірақ жүргізілген тексерулерде тоқтау болмады. Тексеруді басталғанда міндетті түрде қандайда бір заң бұзушылықтарды анықтау керек деген ой қалыптасқан. Біздің серіктестікте аудиторлық жүйе мен қауіпсіздік қызметі қалыптасқан. Құқық бұзушылық әрдайым бақылауда. Сондықтан қандай да бір орынсыз жайттар болмауы керек. Бірақ орынсыз жерде қылмыстық іс қозғалды», ­– дейді наразылығын жасырмаған Лександр Лоренц.

Рұқсаттама процедуралары мен жергілікті құқық қорғау органдары тарапынан берілетін жауап ұзаққа созылғандықтан бизнесмен Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінді.

«Мәселе өте тез шешілді. Бізге мынадай тармағы алынып тасталды, аталған мәселе шешілді деген мазмұнда хат келді. Осылайша «Атамекен» Ұлттық палатасы ауқымды жұмыс атқарды. Тіпті Франкфурттегі адамдар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының істеген жұмысынан хабардар, таңданыстарын жасырмады», – дейді Германия азаматы.

Шетелдік инвестор «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіби мамандарының арқасында Қазақстанның аграрлық секторындағы құс шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер мүддесін қорғалғанын ерекше атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер