Дайджест: Қазақстан туризмінде қандай жаңалық бар?
«Астана ЭКСПО 2017» көрмесі туралы ақпарат
Назарларыңызға «Атамекен» ҚР ҰКП Қызмет көрсету департаментінің ай сайын жарияланатын Atameken Tourism Info ақпараттық басылымының алғашқы санын ұсынамыз.
Қазақстан кәсіпкерлеріне орын беру туралы
ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында 4 кәдесый дүкенін орналастыру жоспарланған. Дүкендерде ресми лицензиясы барлар көрменің стилистикасына сай дайындалған кәдесый өнімдерін сатады. Процедураны өткізу шарттары мен мерзімі, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ тауар белгісін пайдалану ережесі ресми сайттағы «Бизнес-серіктестер» бөлімінде жарияланған.
Нақты ақпаратты +7 (7172) 938-756 телефон нөміріне хабарласып алуға болады.
Тауар мен қызмет сатып алуды жүзеге асыруға жарияланған байқауларға қатысуға ниет білдіргендер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның тауар, еңбек және қызмет талабы 2017 жылғы Сатып алулар жоспарында көрсетілген.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған логистика
«Астана ЭКСПО–2017» ҰК» АҚ Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасымен бірлесіп, автокөлікке арнайы талаптар әзірледі, әрқайсына жеке сәйкес нөмірі беріліп, тіркеледі. Арнайы рұқсат қағазы Астана қаласының көлік инфрақұрылымына кіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасымен бірге қозғалыс құрамын аккредиттеу алгоритмін дайындады, аккредиттеу жіктемесі жасалды.
Астана әкімдігі көрме уақытында қалалық қоғамдық көлік тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін қосымша 140-тан астам автобус сатып алды. Автобустар жолаушы тасымалына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың да тиісті жерге жетіп алуына да арналған.
Көрмеге қатынайтын көліктердің тұрағы, орналасу кестесі әзірленіп, бекітілген. Бұл ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми сайтында жарияланды.
Көрменің әлеуетті қонақтарының жеткізілуі үшін шаттл-бастың 7 маршруты әзірленді. Темір жол вокзалы, автокөлік вокзалы мен әуежайға қатынайды. Қоғамдық көліктер мен шаттл-бас жүріс бағытының кестесі Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының ресми сайтына салынды.
Көрмеге таяу маңда көше қозғалысын азайту және кептелектерді болдырмау мақсатында қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты бойынша қалада 14 автотұрақ белгіленді. Көрме өткізілетін уақытта Астана қаласының логистикасы бойынша графикалық материалдарды сілтеме арқылы көшіріп алуға болады.
Көрме шеңберінде өткізілетін іс-шаралар
Көрме аумағында жеке іс-шараларды ұйымдастыру үшін қатысушы сайттағы events бөліміне электронды өтінім беруі керек. Ұйымдастырушылар көрме талаптарына келетін іс-шараға 72-сағат ішінде рұқсат етіп, қатысушының ресми адресіне хат жолдайды. Концерттік және іскерлік алаң тізім, құны мен техникалық сипаттамасын жоғарыда аталған сайтта көрсетілген.
Өңірлердің туристік әлеуетінің қозғалысы туралы
73 туристік маршрут тізімі, олардың каталогы, орнасатын жері, қонақтар мен қатысушылардың тамақтану орны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде дайындалды, Туристік пакет, орналасатын жер мен қонақ үйлер туралы ақпарат 2016 жылы іске қосылған сайтта жарияланған. Аталған веб-сайт ресми интернет-ресурспен біріктірілген.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ 23 елде өткізілген 35 роуд-шоу аясында туристік компаниялармен 44 келісімге қол қойды. Аталған келісім аясында қызықты іс-шаралар, оның ішінде Қазақстандағы «Ұлы Жібек» жолында «Хамер» жол талғамайтын көлікпен джип-турлар өткізу, Қытайдың «HAMAREN» туроператорымен бірлесіп, Астана қаласы мен ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап швейцариялық «LernideeTrains» компаниясымен және қазақстандық туристік операторымен бірлесіп, «Orient SilkRoad» пойызын қосу қамтылған.
Бір реттік және топтық билеттерді сату (жеңілдіктер мен шегерімдер)
Тегін билеттер мен жеңілдігі бар билеттерді көрмеге баратын күні кіреберістегі кассадан тиісті құжатты көрсете отырып алуға болады. Шетелдік азаматтарға жеңілдіктер берілмейді. Тек 6 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді.
Бұдан бөлек, республика өңірлерінен алдын ала жеңілдікпен билет алу туралы ұсыныс түсетінін назарға ала отырып, «Астана ЭКСПО–2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесі жеңілдетілген және тігін билет беру тәртібі дайындалды.
Нақты ақпараттық «Атамекен» ҚР ҰКП сайтынан біле аласыздар.
ЕХРО көрмесінің кешкі билеттері сатылымға шықты
ЭКСПО–2017 көрмесіне жаңа «Кешкілік» билеттер шығарылды. Бұл билет бойынша кешкі 18-30-дан бастап көрмені тамашалауға болады. Жұмыс күніне арналған билеттің бағасы 2000 теңге болса, демалыс күндерінің билеті 3000 теңге тұрады. Ал жеңілдетілген санаттағы «Кешкілік» билеттері жұмыс күні 1000 теңгеден сатылса, демалыстарда – 1500 теңге.
Сонымен қатар ЭКСПО–2017 көрмесінің өткізілу мерзіміне толықтай қатысуға арналған абонементтер бар. Жалпы қонақтарға арналған билет 50 000 теңге тұрса, жеңілдетілген билеттің құны – 25 000 теңге. Билеттерді ресми кассалардан алуға болады. Абонемент жеке адамға жазылады, сондықтан кіретін кезде тиісті жеке құжатын көрсету міндетті.
Нақты ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыздар.
Қазақстандағы туризм жаңалықтары
«Атамекен» визалық-миграцияық тәртіпті жақсарту бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
29 мамырда ҚР Ұлттық қауіпссіздік комитетінің алаңында Төраға орынбасары Д.Ерғожинның жетекшілігімен визалық-миграциялық тәртіп мәселесі бойынша кезекті басқосу өтті. Жиынға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Ю.Якупбаева, ҚР ІІМ, ҰКК, АКМ, ИДМ мен ҰКП өкілдері қатысты. Нақты ақпарат palata.kz сайтында.
Пекинде Қазақстан-Қытай форумында туризм мәселесі талқыланды
2017 жылдың 5 шілдесінде Пекин қаласында Қазақстан-Қытай форумы өтті. Оған мемлекеттік органдар, туркомпаниялар, қонақ үй, әуе тасымалы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, туризм саласындағы мәселелерді талқылады.
Бүгінде «Туристік Қамқор» неге кепілдік переді?
ҚР «Атамекен» ҰКП-да көшпелі турзим, оның ішінде «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының жұмысы бойынша жиналыс өтті. Онда ҚР азаматтарының туризм саласындағы құқықтары жүйесінің әкімшілігі ретінде заңнамамен бекітілген қордың жұмысы қаралды.
Видео-конференцияда ҚР Спорт және мәдениет вице-министрі Асқар Баталов, ҚР СММ Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Д.Құрмашева, «Туристік Қамқор» қорының басшысы Инна Рей мен Асылхан Есілов, сондай-ақ туристік қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысты. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева модератор болды.
Даниал Ахметов: Алакөл өзені басқаша түрге енді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Алакөл өзенінің қалай өзгергені туралы айтты. Қазақстан курортында санитарлық нормаларадың бұзылғанын жойғаннан кейін туристер қабылдауға әбден болды. Бұған дейін Алакөлдегі туристік база жағдайының 90% жарамсыз деп хабарланған еді, яғни қажетті санитарлық талаптарға сай емес. Үкіметтік отырысында Бақытжан Сағынтаев Алакөлдегі пансинаттардың жай-күйін сұрастырды.
Юлия Якупбаева: Қызмет көрсту саласы жұмыспен қамтудың генераторына айналды
Сауда, медицина, білім беру, бьюти-индустрия, қоғамдық тамақтандыру, туризмнің әр түрі – міне әйелдер айналысатын негізгі салалар осы. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Іскер әйелдер конгресінде хабарлады.
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Түркия мен Эмиратта демалған Алакөлден арзан
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 медиа орталығында өткізілген баспасөз-конференциясында ішкі туризмнің қашан арзандайтындығы туралы айтты. «Алакөлге барғаннан Түркия мен Эмиратқа сапарлаған арзан түсетіні жасырын емес. Барлығы да бағаның жоғары екеніне наразы. Балама болғанда ұсыныс та көп түседі, құны да арзандайды. Сондықтан біз туризмнің кең дамығанына мүдделіміз», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Туристік саланы дамытудың тұжырымдамасы еліміздің жалпы ішкі өнімінің құрылымында туризмнің үлесін арттырады
ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз-конференциясы барысында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов ҚР туристік саласын 2023 жылға дейін дамытудың жаңартылған тұжырымдамасының мақсаты мен жүзеге асыру құралдары туралы айтты. А.Баталовтың айтуынша, туризмнің олимпиадалық трассаға кіруіне орай осы салада маңызды міндет қойылған – 2025 жылға қарай ЖІӨ құрамында туризмнің үлесін 8%-ға дейін арттыру және елімізге келетін туристер санын 100%-ға көбейтуді қамтамасыз ету.
Нақтырақ: primeminister.kz
Туризм саласы жаңалықтарының толық дайджесін көшіріп алуға болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: