«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Субсидия шағын бизнестің мәселесін толық шешпейді

2017 жылғы 01 Шілде
2393 просмотров

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының субсидиясын шағын және орта кәсіпкерліктің 879 субъектісі пайдаланған

Елімізде шағын және орта бизнестің өнім өндіру көлемі 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2015 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға азайған. Ал жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 4,5% қысқарған, яғни шамамен 56 мың бизнес субъект жабылған. Мына көрсеткіш шағын және орта бизнесі күрделі жағдайда қалып отырғанын көрсетеді. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП IVСъезінде Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап өтті.

«Біз 2017 жылдың 1 тоқсанында іскерлік белсенділік артқанын және 1-тоқсанда ЖІӨ 3,4% көбейгенін байқадық. Дегенмен бұл өсім шикізат секторы мен ірі кәсіпорындардың әсерінен болып отырғанын түсінеміз. Ұзақ мерзімді әрі тұрақты экономикалық даму үшін шағын және орта бизнеске барынша қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлу керек», – деді Басқарма Төрағасы.

Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов шағын және орта бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға бірнеше ұсынысты көтерді: макроэкономикалық тұрақтылық, экономикада мемлекеттік үлесін азайту, мемлекеттік қолдаудың «көлденең» шараларына кезең-кезеңімен өту, бизнеске бағытталған реттеу мен сервис, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін арттыру.

«Қаржыға қол жеткізу, салалардағы шығынның жоғарылығы мәселелері мемлекет бизнеске субсидия бөлуге мәжбүрлейді. 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен субсидияға 400 млрд теңге бөлінген. Бизнес үшін субсидия «Бизнестің жол картасы–2020» бойынша және Агроөнеркәсіп кешенінде берілетіні анық. Мұндай шаралармен қамту ауқымы кең емес. Бұл қолдауды шағын және орта кәсіпкерліктің 1,2 млн субъектісінің көпшілігі пайдаланып отырған жоқ», – деді Абылай Мырзахметов.

«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасының субсидиясын шағын және орта кәсіпкерліктің 879 субъектісі пайдаланған, яғни 23 млрд теңге бөлінген. Ал «Агробизнес–2020» қаржылық сауықтыру бағдарламасының құралын 307 субъект қолданған, атап айтқанда 25 млрд теңге бөлінген. Тиісінше ҚР Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстан даму банкі арқылы бюджет есебінен 75 млрд теңге сомасында бар болғаны 2 жобаға қолдау көрсетілген.

«Көптеген кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаудың «көлденең» шаралары маңызды. Атап айтқанда, төмен салық жүктемесі, оңай алуға болатын несие,  сапалы инфрақұрылым, сыртқы нарыққа шығу және озық білім мен технологияға қол жеткізу жағдайлары жасалғаны абзал», – деді Басқарма Төрағасы.

Сонымен қатар, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, қолданыстағы бағдарламаның аясында бюджет қаражатын салалар арасына бөліп беру арқылы мемлекеттік қолдаудың инклюзивтілігін айтарлықтай кеңейтуге болады. Мысалы, «Бизнестің жол картасы» аясында бір нысанға инфрақұрылым құрылысы он шақты кәсіпорынға субсидия бөлу мүмкіндігін едәуір шектеуі мүмкін.

«Атаулы қолдауды әлеуетті салалардағы бәсекелік қабілет бағдараламасының шараларында технологиялық модернизациялау бойынша қарсы талаптарға алмастыруға жұмылдыру қажет», – деп тұжырымдады Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер