ОҚО-да әкімдікті балабақшаның рұқсат қағазы үшін жауапқа тартады
Ұлттық палата ауыл әкімдігі мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы мәселені шешті
Ұлттық палатаға Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық округ әкімдігінің ісіне «Қаламқас әже» балабақшасы» ЖШС-нан шағым түсті.
Ауылдық округ пен «Қаламқас әже» балабақшасы» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің арасында жасалған келісімшартқа сәйкес аталған серіктестік мемлекеттік білім беру тапсырмасын орындау бойынша қызмет көрсетеді.
Келісімшарт аясында балабақша 2016 жылдың шілде айында 1 485 000 теңге сомасында қызмет көрсеткен, сондай-ақ 2016 жылдың тамыз айында да дәл осындай сомаға қызмет көрсетілген, 1 балаға 14 850 теңге деп есептелген, жалпы бала саны – 100 бала.
Әкімдік тексеру жүргізілген күндері кей балалардың болмауы себебінен ақша сомасының белгілі бір бөлігін ұстап қалған.
Ал, кәсіпкер балалардың кейбіреуі ауырып қалғандықтан, ал кейбіреулері ата-аналарының жыл сайынғы еңбек демалысына шыққандықтан келмегенін айтқан.
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 12-тармағындағы талапқа сәйкес (ары қарай – Үлгілік қағидалар), мектепке дейінгі ұйымда баланың орны бірнеше жағдайда сақталады:
- бала ауырып қалғанда;
- медициналық, санаторийлік-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде;
- ата-анасының біреуіне немесе баланың өзге де заңды өкіліне еңбек демалысы берілгенде;
- бала жаздық маусымда екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылған жағдайда.
Жоғарыда аталған негізде балалар болмаған жағдайда, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес «Қаламқас әже» балабақшасы» ЖШС-ға төленуі тиіс сома ұсталмауы керек.
Ұлттық палата аталған дәлелдерді келтіре отырып жолдаған шағымға 2016 жылдың 24 қарашасында ОҚ Білім басқармасынан әкімдіктің «Қаламқас әже» балабақшасы» ЖШС беруі тиіс қарызы толық өтелгенін туралы жауап алынды. Ауылдық округ әкімінің бұл әрекетінен кәсіпкер шығынға ұшырады, ал әкімнің ақшалай қаражатты ұстап қалу бойынша әрекетінің құқыққа қайшылығы соңында көрсетілген қызметке төленгенімен дәлелденді.
Сонымен қатар, Ұлттық палата 2016 жылдың 13 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне әкімді заңнамада қарастырылған жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілген хат жолдады.
Өз кезегінде, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро депаратаменті әкімнің лауазымдық қызметінде шынында заң бұзушылық анықталғаны туралы жауап беріп, ауылдық округ әкіміне қатысты тәртіптік материал Этика жөніндегі кеңесте қаралатындығы айтылған.
Еске салсақ, 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылы 29 қаңтарда бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының сұранысын есепке ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен мамандарды дайындауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ережесіне бірқатар өзгертулер енгізілді:
Мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші жан басына қаржыландыруда балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру қызметінің құны мынадай жағдайларда төленеді:
- мектепке дейінгі ұйымға үнемі әрі қалмай баратын балаларға;
- ата-анасының бірінен (баланың заңды өкілінен) түскен өтініш негізінде мектепке дейінгі ұйымда 3 жұмыс күні ішінде болмаған балаға;
- ауыру, емделу, медициналық, баланың санаторийлік-курорттық және өзге де мекемелерде сауықтыруында (анықтамасы болған жағдайда), ата-анасының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысы берілгенде және жаздық маусымда екі айға дейінгі мерзімде бала сауықтыру демалысында болғанда (өініші болған жағдайда).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: