«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жетістік белесінде: әлемдік деңгейдегі сапа

2017 жылғы 06 Сәуір
- Павлодар облысы
15571 просмотров

Қазақстан электролиз зауыты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» арнайы сыйлығының арнайы «Сапа көшбасшысы» аталымының иегері

Еуразиялық топ құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамы өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» байқауында жеңімпаз атанды. Кәсіпорын «Сапа көшбасшысы» арнайы сыйлығына лайық деп танылды.

Қазақстан Электролиз зауыты – Қазақстанның жаңа дәуірінде жүзеге асырылған алғашқы ірі индустриалдық жобалардың бірі. Бастапқы алюминийді өндіретін отындық алғашқы әрі жалғыз зауыт. Сапасы жоғары алюминийді өндіру үшін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында үздік өндірістік технологиялар енгізілген.

Мұнымен қоса, бұл зауыт ашылғанына көп бола қоймаған кәсіпорын екенін атап өткен жөн. Аз уақытта айтарлықтай жетістікке қалай қол жеткізілгені, өнеркәсіптің бастапқы қадамдары жайында «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамының президенті Роман Романов тарқатты.

– Он жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның электролиз зауыты отандық алюминий өндірумен айналысады. Зауыт өнімі халықаралық стандарттың барлық талаптарына сәйкес келеді. Қазақстанда шығатын алюминий Лондондағы металл биржасында тіркелген. Бұл шығарылатын өнімнің – бастапқы алюминий сапасының жоғары екені растайды. Зауыт құрылысы 2005 жылы басталған және аз уақытта, яғни рекордтық 27 айда іскер асырылды. 2007 жылдың қыркүйек айында Қазақстан эклектролиз зауыты алғашқы отандық алюминийді өндірді.

2010 жылы маусым айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өнідірістің екінші кезеңін іске қосып, кәсіпорынның жобалық қуатын 250 тоннаға дейін арттырды. Кәсіпорын 2011 жылды 251 мың тонна алюминий өндірумен аяқтады.

Қазақстан электролиз зауыты жұмыс істегелі бері шамамен екі миллион бастапқы алюминий өндірді. Отандық алюминий сапасы шикізат пен технологиялық процестегі негізгі элементке тікелей байланысты.

– Кәсіпорынның осы бағыттағы жұмысы қалай іске асырылып келеді?

– Өндірісте А 8 және А85 маркалы 20 келілік алюминий құймасының өнімінен басқа, зауыт өзінің күйдірілген анодтағы сұранысын толық қамтамасыз етіп келеді. Бұл алминий электролизі процесіндегі шығын материалы болып саналады. 2014 жылы Қазақстан электролиз зауытында электродтарды өндірумен айналысатын цех ашылды. Осы арқылы күйдірілген анодты сатып алу тоқтатылды.

Шығарылатын өнім сапасының жоғарылығынан бөлек, зауытта жергілікті қамту үлесін арттыру мен шығарылатын өнімнің өзіндік құнын азайту жұмыстары қолға алынған. Электролиз зауыты импорттық шикізат пен алюминий индустриясында негізгі құраушылардан толықтай бас тартты. Құю конвейерлеріндегі шетелдік құймақалыптарды алмастыру жұмысы аяқталды. Бүгінде құймақалып Евразиялық Топтың – «Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіпорнында шығарылады. Сондай-ақ, ҚЭЗ-ге тоқжолдарын ERG «ССГПО» АҚ жеткізеді. Мұнымен қоса, күйдірілген анод өндірісінің процесінде палодарлық қыздырылған мұнай коксы қолданыла бастады. Уақыт өте келе, Ресейде өндірілген шикізатты алмастыратын болады. Өткен жылдың ақпан айында анод өндірісі үшін Қазақстан электролиз зауытына отандық қыздырылған мұнай коксының алғашқы партиясы жеткізілді. Ал бүгінде бұл шикізат анод өндірісін ресейлік шикізатпен теңдей қолданылып келеді, яғни 50/50. Бұл мамандардың айтарлықтай физикалық және химиялық айырмашылығы павлодарлық коксты ендіре алғанын көрсетеді, оның үстіне шығарылатын өнімнің сапасы сақталып отыр. Жергілікті шикізатты қолданудан экономикалық тиімділік бір млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, кәсіпорын пайдаланатын электр қуатының шығынына да баса назар аударылып отыр. 2016 жылы бұл көрсеткішті азайту үшін жеті шара қолданылды. Соның нәтижесінде жалпы сағатына 1 млн кВт үнемделген. Мұндай көрсеткішке электролиздердің түйіспелі жалғауында тоқ өткізетін майлағышты да ендіргеннің арқасында, сондай-ақ біздің зауыттың құрылымдық бөлімшелерінде энергия үнемдейтін шамдарды орнатқаннан, кешенді жөндеуден кейін электролиздердегі кернеуді азайту мен өзге де жұмыстардың арқасында қол жеткізіліп отыр. Еуразиялық Топтың құрамына кіретін Қазақстан электролиз зауыты – құрамына еліміздегі өнеркәсіп алыптары шоғырландырылған ірі өндіріс компанияларының бірі. Келешекте осы көрсеткіштерді жақсарта түсу үшін ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

– Қазіргі таңда қандай жобалар жүзеге асырылып отыр?

– Бүгінде маңызды жобалардың бірі «10%» жобасы. Мұндағы мақсат өндірістік процестің тиімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын азайту, кәсіпорынның табысы мен өнімділігін өсіру. Компания бұл жобаны жүзеге асыруда жоспарлаудың озық тәсілдері мен кәсіпорынның ішкі өнертапқыштық әлеуеті арқылы қол жеткізбек. Діттеген мақсатқа жету үшін ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығының» базасында «Операциялық тиімділік зертханасы» құрылды.

Бұл жобаны жүзеге асырудың бір жолы – өнертапқыштық қызмет, оның арқасында мамандар айтарлықтай тиімді жобаларды жасайды, болашақта бұл жобалар Еуразиялық Топтың өзге де кәсіпорындарында қолданылуы әбден мүмкін. Биылғы жылға басымдығы жоғары жобалар бөлінген, бағдарламалық іс-шаралар мен енгізу кестесі, сондай-ақ, өндіріске жобаларды ендіру монитроингінің тәсілдері мен түзету енгізу дайындалды. Былтырғы жылы зауытта жаңа IT-өнімі қолданыла бастады – «Өнертапқыштық ұсыныстар есебі» бағдарламасы өнертапқыштық ұсыныстармен жұмыс істеуді, яғни өтініш беруден бастап қарау, бекіту, нәтижелілік талдауына дейін толықтай электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді. Жаңа IT-өнім – осы бағыт бойынша жұмысты жетілдірудің мүмкіндігі.

Жалпы, Топ кәсіпорындарының басшылығы мен қызметкерлері 2016 жылы 250 іс-шара өткізуді ұсынды, оның ішінде шағын өнертабыстың бастама да, өндіріс тиімділігін арттырға арналған ірі жобалар да бар. Өткен жылы жалпы 41 млн теңгеден астам сома үнемделді.

​– Сіз басқарып отырған мекемеде қоршаған ортаны қорғау аса маңызды мәселелердің бірі екені баршаға мәлім. Осы туралы кеңірек тоқталсаңыз...

– Қазақстан электролиз зауыты – серпінді жоба, еліміздегі 30 корпоративті көшбасшының бірі. Зауытта соңғы техника мен технология жабдықталған, экологиялық таза өндіріс.

Металлургиялық агретаттар өнеркәсібінде қолданылатын қуат пен кемелдік деңгейі – алюминийдің электролиздік алудың техникалық деңгейн, экономикасы мен экологиясы анықтайтын маңызды факторы.

Ресейлік және шетелдік ғалымдардың жылдар бойы зерттеуінде, сондай-ақ әлемдік тәжірибеде алюминий өндірісінде анағұрлым жоғары техниккалық-экономикалық және экологиялық көрсеткіш алдын ала күйдірілген анодтармен қуатты электролиздер сипатталады. 320кА тоқ күшіне дәл осындай жоғары амперлі электролиздер және өндіріс қалдықтарын құрғақ газбен тазалау жүйесі Қазақстан электролиз зауытына ендірілді. Осының барлығы да Қазақстан электролиз зауытын әлемдік алюминий өндіру саласындағы экологиялық таза кәсіпорындардың біріне айналдырды,  

Қазақстан электролиз зауытының ерекшелігі құрғақ газбен тазалаудың болуында. Алюминий электролизінің процесінде қалыптасатын осы газдың арқасында өзінде зиянды қоспаларды сіңіретін глинозем, яғни топырақта болатын алюминий тотығы қабат арқылы, қоршаған ортаға шықпайтындай, сүзіледі.  Сондай-ақ қымбат бағаланатын тұз фторын өндіріске қайтаруға мүмкіндік береді. Шетелдік үздік зауыттардың деңгейінде жұмыс істеу үшін норвегиялық Alstom фирмасы таңдалды. Бұл компания газбен тазалау жүйесінде қалдықсыз жұмыс істеумен ерекшеленеді. Бұл тәсіл дәл алюминий өндірісіне арнайы жасалған, ең озық жаңалық та осы. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтік мамандары орнатылған газбен тазалаудың тиімділігіне үнемі мониторинг жасайды. Алюминий электролизі цехынан шығатын газды тазалау деңгейі шаң мен фторидте -99,9%, фторлы сутегін бойынша – 99,76%. Осылайша, шығарылатын газды тазалаудың жоғары деңгейіне кепілдік беріледі.

Бұдан өзге, зауыт құрылысымен бір уақытта өз күшімізбен «ҚЭЗ жасыл белдеуі» экологиялық жобасы іске қосылды. Бұл іс-шара аясында Қазақстан электролиз зауыты аумағында 360 мыңнан аса түрлі ағаш егілді.

– Жас мамандарды қолдау мақсатында қандай жұмыстар қолға алынған?

– Қызметкерлердің жалпы санынан, яғни 2500-ден астам адамның 48%-дан астамы жас мамандар. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар түсті металл колледжі, Павлодар политехникалық колледжі секілді бірқатар оқу орындарымен өндірістік тәжірибеден өту келісімшарттары жасалған. Студенттер ақысы төленетін өндірістік тәжірибеден өтулеріне болады, болашақта кәсіпорынға жұмысқа қабылдануыда бек мүмкін.

2015 жылдың қарашасынан бастап «Қазақстан электролиз зауыты» акционерлік қоғамында «Жас мамандарға үстеме туралы» ереже қабылданған. Кәсіпорындағы жас мамандарға қосымша ақы төлеудің тәртібі мен ережесін анықталған.

Қызметкердің өндіріске үйренісуі мақсатында 2015 жылы тағы бір ереже қабылданды. «Қызметкердің бейімделуі туралы ереже бойынша жаңадан қабылданған жұмыскерге санаттың деңгейі 6-разрядтан кем емес, жұмыс өтілі кемінде үшін жыл болатын біліктілігі жоғары жұмыскерлің тілімгер ретінде бекітіледі.

Жұмыскерлерді зауыттың әлеуметтік өміріне тарту бойынша да ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Зауытта футбол, баскетбол, волейбол, үстел үстілік теннис және т.б. спорт түрлерінен командалар құралған. Жігіттер түрі турнирлер мен спартакиадаларға үнемі қатысып келеді.

– Сіздің ойыңызша бизнесмендерге өндіріс жұмысын бағалауға арналған байғауларға қатысудың қандай пайдасы бар, басқа қатысушыларға не тілер едіңіз?

– Отандық тауар өндірушілер шығарып отырған таурдың, яғни өндірілетін өнімнің сапасы мен деңгейінің мойындалу маңызды. Бизнесмендерге үлкен серпін береді. Сондай-ақ, ең бастысы – әрбір жұмысшының үлесін, еңбегі мен шеберлігінің арқасында сапасы жоғары өнім шығарылғанын таныту. Ал қатысушылардың әрқайсысына алға қойған мақсаттарына жетуге, діттеген межені жұдырықтай жұмыла еңсеруге сәттілік пен табыс тілеймін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер