«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әкім орынбасары заңсыз шешім қабылдағаны үшін қатаң сөгіс алды

2017 жылғы 04 Сәуір
- Жетісу облысы
7248 просмотров

Іле ауданының шенеуніктері прокуратура наразылығын ескермеген

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша депаратаментінің тексеру қорытындысымен Іле ауданы Энергетикалық ауылдық округі әкімінің орынбасары Мақсат Орынбасаров заңсыз келісімшарт жасағаны үшін қатаң сөгіс беріліп, тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал Іле ауданы әкімінің көмекшісі Александр Штейнке сөгіс берілді.

«Бастау и К-2008» ЖШС басшысы Индира Теналиеваның Кәсіпкерлер палатасына берген арыз-шағымы тексерудің себебіне айналды. Бүған дейін аудан әкімдігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктесті арасында меморандумға қол қойылған және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен шығару келісімшарты жасалған. Бірақ прокуратура наразылығынан кейін 2015 жылдың тамыз айында меморандум мен келісімшарт күшін жойған. Бұдан кейін компания тұрғындардың әрқайсымен жеке-жеке келісімшарт жасаған. Бұл жағдайға қарамастан Энергетикалық ауылдық округі тендер мен заңды және жеке тұлғалардан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін көрсетуге байқау өткізбестен басқа жеке кәсіпкерлікпен меморандуаға қол қойған.

Кәсіпкер Индира Теналиеваның айтуынша, әкімдік прокуратура наразылығын мүлдем ескермеген. Осыдан кейін Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша депаратаментіне жүгінген. Осының негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер