«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шалғайдағы шенеунік кәсіпкерді әуреге салған

2017 жылғы 06 Наурыз
- Ақмола облысы
5148 просмотров

Шенеуніктің әрекетсіздігі мен пайдасыздығы бизнестің жағдайын қиындатты

«Ең алдымен біздің өз шағымын мекен-жайға жолдамас бұрын, Сергей Ерин «Мекен-жай тіркеу» базасындағы жіберілген қате мәліметтерді мемлекеттік органның түзетуіне өтініш білдірген арызын он бестен астам рет аудандық сәулет және қала құрылысы бөліміне жолдаған», ­– деп Өңірлік палатасы Жарқайың бөлімшесінің директоры Абай Сұрағанов түсіндіріп өтті.

Мән-жайды баяндасақ, 2014 жылы мемлекеттік орган еш негізсіз бизнесменге тиесілі, 1999 жылдан бастап әділет органдарында тіркелген «ES» сауда орны тіркеліп тұрған «35» тіркеу нөмірін алып қойған. Бұл нөмерді, неліктен екенін, барлық қала құрылысы нормалары мен қағидаларын бұзып, салық басқармасына берген. Сол арада Державинск қаласының бас жоспарына сәйкес, қазыналық орган әрдайым «31» нөмірімен бекітілген.

Мұнда тұрған не бар, қателік болды, кәсіпкер нөмірді ауыстыра салады деп айтқанымен, сәулет бөлімінде бұл соншалықты оңай емес деп түсіндірген. Сауда орталығы 2007 жылдан бері екінші деңгейлі банктің несие беруі бойынша кепілдік ретінде әділет органдарында тіркеуде тұр. Мәліметтерді өзгерту үшін көп уақыт, үлкен күш пен қомақты қаражат кетеді.

«Мәліметтер базасындағы заңсыз өзгертулер туралы тек 2015 жылы банктегі несиені ұзартқым келген кезде білдім. 2015 жылы 24 маусымда ХҚКО арқылы сәулет бөліміне тіркеу мәліметтерін реттеуді сұрап өтініш жаздым. Қайырым жауабы, неге екенін, екі күн бұрынғы датамен жазылыпты, яғни менің 2015 жылы 24 маусымда арыз бергеніме дейінгі 2 күн бұрынғы дата қойылған», ­– дейді Сергей Ерин.

Дегенмен, бұл бұйрық жарияланғаннан кейін де мемлекеттік орган базаныген. Бір апта өткеннен кейін Сергей Ерин қайта өтініш жазған, алайда ол кезде шенеунік еш жауап қайтармаған. Одан кейін түрлі себептермен бұл мәселе шешімін таппаған, оның үстіне бизнесменді құжаттарды қайта жөндеуге көндірген.

Қозғалыссыз тұрған іс Кәсіпкерлер палатасына арызданғаннан кейін ғана қарала бастаған. Филиал директоры кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімімен бірге осы мәселені шешу үшін белін бекем буып кіріскен. Кәсіпкер ұсынған материалдарды толық тексеріп, қарап, зерттегеннен кейін, Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Ерин тарапынан сауда орталығының заңдық мекен жайында ұатысты талаптар мен барлық шарттар орындалған деген қорытынды шығарды.

Уәкілетті органның директивасы негізінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі 21 ақпан күні шығарған бұйрығы барлық тексерулерге тоқтау салды. Бұйрық бойынша жылжымайтын мүлік нысанына бұрынғы заңды мекен-жайы берілді.

Бизнесмен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне алғыс айтып хат жолдап, онда сауда нысанына лицензия алуға, ЕДБ мерзімін ұзартып, қарыз алуға мүмкіндік алғанын жеткізген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер