«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» сарапшылары дәріхана бизнесін сақтап қалды

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Алматы қаласы
6500 просмотров

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді

«Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовке, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаеваға, Қызмет көрсету саласы департаментінің директоры Жанна Оспанова мен аталған департаменттің сарапшысы Жұпар Байпақбаеваға қолдау және көмек көрсеткендері  үшін алғыс айтуда.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары дәріхана бизнесін қолдау бойынша қыруар жұмыс атқарды. Мысалы, дәріхана жағдайында дәрілік заттарды даярлау мүмкіндігі мәселесі заңнамалық деңгейде өз шешімін тапты. Бұл мәселенің шешілуі дәріхана ұйымдарында жұмыс орындары мен дәріханалық қызметтің тұтас бір түрін сақтап қалуға мүмкіндік берді», – дейді Қауымдастық президенті Марина Дурманова.

Еске салсақ, 2016 жылдың 29 желтоқсанында «ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің №908 қаулысына қол қойылған болатын. Бұл қаулыға сәйкес, 2009 жылдың 30 қазанындағы «Дәрілік заттарды, алдын алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, залалсыздандыру) препараттарының, медициналық мақсаттағы өнімдер мен медициналық техникаларын, тегін медициналық қызмет пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтің кепілдендірілген көлемін көрсету кезіндегі фармацевтикалық қызметтер сатып алуларын ұйымдастыру және өткізу ережелерін бекіту туралы» №1729 қаулыға өзгерістер енгізілген.

Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы 1996 жылы 5 маусымда құрылған. Оның құрамына Алматы облысының, Алматы, Астана, Қостанай, Қызылорда қалаларының 90-нан астам фирмасы мен дәріханалары енген. Қауымдастық Қазақстан фармацевтика нарығының заңнамалық базасын талқылап, оған өзгерістер енгізуге белсенді қатысып отырады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер