«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер талабы толық орындалды

2016 жылғы 05 Желтоқсан
- Жетісу облысы
7325 просмотров

Келімшартқа қол қойса да, қалалық аурухана, мемлекеттік сатып алуды заңсыз деп таныған

Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен тағы бір шағым оң шешім тапты. Біраз уақыт бұрын «Қайнар-Медиа» ЖШС Талдықорған қалалық көпсалалы аурухананың әрекетіне шағымданған еді. Кәсіпкердің айтуынша, мемлекеттік мекеме екінші тараптың мүддесін ескерместен, заңсыз түрде мемлекеттік сатып алу туралы келісімді бұзған. 

Аурухананың өкілдерімен алдын ала кездесу мен келісім жүргізу барысында Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ауруханаға 2016 жылдың 18 тамызында бұдан бұрын өткізілген интернет қызметін қолдану жөніндегі байқаудың тоқтатылғаны туралы хабарлама жібергені анықталды. Бірақ осыған қарамастан аурухана белгісіз себеппен байқауды өткізіп, нәтижесінде «Қайнар-Медиа» ЖШС жеңімпаз атанған. Келісімшартқа қол қойылған күннен бастап компания құрылғы сатып алуға қаржысын шығындап, интернет қызмет ұсынуды бастап кеткен.

«Үш күн өтіп кеткен соң, аурухана өкілдері кәсіпкерге келісімшарт біржақты бұзылғанын айтады. Олар 2016 жылы 18 тамызда департаменттен алынған хабарламаны көрсетіп, бұл жағдай туралы түсінік беруден бас тартады. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бұл әрекеті ешбір ақылға сыймайды», – дейді ӨКП Кәсіпкерлерді қорғау мен әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Думан Керімбаев.

Сарапшы кәсіпкердің сөзін сөйлеп, сотқа қарсы тарап келісімшартты заңсыз бұзды деп шағымданды. Ол келісімнің мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы бұйрықты жоюды сұрап, жауап беруші «Қайнар-Медиа» ЖШС ұсынған байланыс арнасын пайдалану керектігін айтты. Сотта прокуратура компания шағымын қолдамай, оны қабылдамауды талап етті. Алайда, Алматы облысы ауданаралық экономикалық соты бәрін басқаша шешті. Сот барысында кәсіпкердің барлық талабы толық орындалды.

«Қайнар-медиа» компаниясы ӨКП-ға кәсіби құқықтық қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы А.И.Мырзахметовке Алғыс хат жолдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер