«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өтемақыны кім төлейді?

2016 жылғы 30 Қараша
- Ақмола облысы
4649 просмотров

Өңірлік палата араласқаннан кейін ғана жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлерге тиесілі өтемақыны төлеуге міндеттелді

Естеріңізге сала кетер болсақ, Ерейментау ауданында фермерлер бірнеше айдан бері жойылған малға өтемақы ала алмай келеді. 2014 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аймақтық инспекциясы өңірде бруцеллез белгілері байқалған ірі қара малдарды анықтаған еді. Олар «Аманжол», «Арқа» және «Береке» шаруа қожалықтарына тиесілі болатын.

Ауру малдарды оқшауландырып, «АстанаАгроөнім» ЖШС-ға санитарлық союға өткізген еді.

Өз міндетін атқарған компания жарты құнды төлеп берді. Қалған қаражат жергілікті бюджеттен төленуі керек еді, алайда шенеуніктер шаруалардың шығындарын өтеуге асығар емес. Аталған мәселенің жүйелі сипат алғаны түсінікті. Шенеуніктердің бұл істі сағызша созып жүруінің себебі де сол баяғыдай: бюджеттің шектеулігі. Дегенмен, аудандық әкімдік Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылы 30 қазанда бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың тәркіленген және жойылған ауру жануарларының құнын өтеу шарттары мен қағидалары туралы» бұйрығын орындауға міндетті.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшыларының пікірінше, мемлекеттік орган жануарларды қайта өңдеуге өткізген кезде қолданыста басқа Ереже болғандығын ескермеген. Ол Ереже үкіметтің қаулысымен 2003 жылдың 28 сәуірінде бекітіліп, 2015 жылдың 21 ақпаны күні ғана күшін жойған еді. Сол ережелерге сәйкес,  жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды залалсыздандырған кезде, жергілікті бюджет есебінен нарықтағы бағадан 30%-дан аспайтын межеде өтемақы төленуі тиіс.

Бұл мәселені Палата сарапшылары Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің талқылауына шығарды. Кеңес мүшелерінің қарарына сәйкес, мәселені зерттеген облыс прокуратурасы жергілікті жерлердегі шенеуніктердің заңдылықты сақтауға аса асыға қоймағандарын анықтады. Осы жылдың қыркүйек айында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы аудандық ветеринария бөліміне фермерлерге өтемақы төлеу туралы қаулы шығарды. Алайда қаулы еш өзгеріссіз тоқтатылды.

Соңында қадағалау ведомствосы аудан әкімдігі атына барлық заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер