«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сот орындаушылары сарапшылар уәжіне құлақ асты

2016 жылғы 24 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
7071 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы өткізген кездесулер мен келіссөздер форматы өзінің тиімділігін кезекті рет дәлелдеді

Биыл 10-нан астам өтініш ресми хат-хабарсыз, келіссөз түрінде шешілді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің арқасында Ерболат Мұсағалиевтің ісіне байланысты дау-дамай екі тарап үшін де оң шешім тапты. Кәсіпкер Палатаға аяқ киімдер, аксессуарлар тігумен және жөндеумен айналысатын ательесінің жұмысына тыйым салынып, кәсіпкерлік қызметі тоқтап қалғанын айтып шағымданған.

«Мемлекеттік сот орындаушылары жүргізген сауда-саттық кезінде мен жеңіске жеттім, алайда банктің кесірінен ақша дәл уақытында аударылмағандықтан, сауда өтпеген болып танылды, – дейді Ерболат Мұсағалиев. – Мен дереу сот орындаушыларының әрекетіне шағым түсірдім, алайда олар бұған қарамастан, ешқандай ескерту жасамастан және ешқандай құжат көрсетпестен, ғимаратты басқа сот ісі бойынша жауып тастады». Сауда-саттық бойынша екі жақты талқылау жүріп жатқандықтан, кәсіпкер сот орындаушысынан араласпауды сұраған. Бірақ ол кәсіпкердің өтінішіне құлақ аспапты.

Бұл өтінішті қарау кезінде даулы ғимарат кәсіпкердің әпкесінің меншігінде екені анықталды. Дегенмен, сотта бұл ғимаратта сауда-саттықтың шын мәнінде өткенін растайтын арыз бар екенін есепке ала отырып, Палата жеке сот орындаушымен өзара келісімге келді. Осылайша, ателье есіктеріндегі мөрлер алынып тасталды, сот шешімі шыққанша бұл ғимарат бойынша жаңа сауда өткізілмейтін болды.

Келесі күні кәсіпкер Палатаға қоңырау шалып, көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер