«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жағдайды сотқа жеткізбеді

2016 жылғы 14 Қазан
- Солтүстік Қазақстан облысы
5266 просмотров

Аққайың ауданы заңгерлері кәсіпкердің проблемасын сотқа жеткізбей шешіп берді

Біржан Шәймерденов – ауыл кәсіпкері. Ол мал шаруашылығымен айналысады. Биыл жазда ол ірі фирмамен сүт жеткізу жөнінде келісімге отырады. Алайда, келісімшарттағы барлық міндеттемелерін орындаса да, кәсіпкер өз қызметінің ақшасын ала алмаған. Жауапсыз серіктесімен арадағы мәселені шеше алмағандықтан, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барып жүгінген кәсіпкер өзіне қажетті барлық көмекті сол жақтан алды. Кәсіпкер мүддесін қорғаған заңгерлер борышкерге 9,5 миллион теңге қарызын өтеу туралы хат жолдады. Жауап көп күттірген жоқ. Бұл ұйымның директорын қызметтік міндеттеріне жауапсыз қарағаны үшін жұмыстан босатқан екен. Ал жаңа басшылық болса, бұл жағдайдан хабардар болып шықты. Келіссөздерден кейін борышкер кәсіпкерге барлық қарызын төлеп, қосымша сот шығындарына ұшыратпады.

«Мен сүтті сиырларды өсірумен айналысамын. Филиалдың арқасында біз қаржымызды қайтарып алдық. Енді мен өз құқықтарымды қорғау үшін қайда баратынымды білемін. Маған толық құқықтық көмектер көрсетілді», – дейді қуанышпен Біржан Шәймерденов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер